Минасян Карине Агасиевна
Еуразия экономикалық комиссиясының Министрі, Коллегия мүшесі
1965 жылы 29 тамызда Армян КСР-ның Ереван қаласында туылған. 1987 жылы С.Орджоникидзе атындағы Мәскеу басқару университетін тәмамдаған, инженер-экономист, машина құрастыру өнеркәсібі басқармасының ұйымдастырушысы. Өз еңбек жолын 1987 жылы бастаған. 1987 жылдан 2002 жылдар аралығында өнеркәсіптік кәсіпорында, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда, АР Орталық банкінде қызмет атқарған. 2002 жылдан 2009 жыл аралығында Армения Республикасы Орталық банк Кеңесінің мүшесі қызметінде болды. Банк секторының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ететін институттарды енгізу мен қаржы нарықтарындағы қызметтерді реттеу мәселелеріне жетекшілік етті. 2009 жылдан 2010 жылға дейін Армения Республикасы Үкіметі қарамағындағы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Салықтық әкімшілік жүргізуді жетілдіру мәселелеріне, соның ішінде қауіп-қатерлерге негізделген қадағалау жүйесіне өту жұмыстарына жетекшілік етті. 2010 жылдан 2014 жылға дейін Армения Республикасы Экономика министрінің бірінші орынбасары қызметінде болды. Бизнес-ортаны нығайту, реттелетін әрекетті бағалау жүйесін енгізу, мемлекеттік бақылау мен бизнес қызметін қадағалау жүйесін жетілдіру, ШОБ-ті дамыту, ақпараттық технологиялар мәселелеріне жетекшілік етті. 2014 жылдан 2015 жылға дейін Армения Республикасы Президентінің интеграция мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарды. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының ЕАЭО-тағы Армения Интеграциясы мәселелері бойынша мүшесі қызметін атқарады. Армения Республикасы Премьер-министрінің алтын медалімен 2011 жылы, Армения Республикасы Президентінің «Анания Ширакаци» медалімен 2013 жылы және Ресей Федарациясы Президентінің Достық орденімен 2014 жылы марапатталған. Тұрмыста, 2 баласы бар.
Сессии:
Дамуға арналған жобалар (P4D): «Кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер»