Бо-Гён Ли
“KODIT” Корея несиелердінепілдендіру қорының Бас атқарушы директоры
1959 жылы дүниеге келген. 1988 жылы Sung Kyun Kwan университетін «Іскери әкімшілік жүргізу» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылдың сәуір айынан бастап, 1999 жылдың маусым айына дейін Корея экономикасын жоспарлау бойынша Комитеттің бюджеттік және қаржылық департаменттерінде директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1999 жылдың шілдесінен 2005 жылдың маусым айына дейін жоспарлау департаментінде, құрылымдық реформаны жоспарлау бөлімінде, саясатты қадағалау бөлімінде, сонымен қатар әкімшілік жоспарлау департаменті секілді Қаржылық қадағалау комиссиясының түрлі бөлімшелерінде жұмыс істеген. 2005 жылдың шілдесінде директор қызметіне дейін көтеріліп, 2006 жылдың шілдесіне дейін Әкімшілік жоспарлау департаментін басқарған. 2006 жылдың тамыз айы мен 2008 жылдың сәуірі аралығында 3 жылдың ішінде үкімет саясатын үйлестіру бөліміне ауыстырылған. Ол 2008 жылдың мамыры мен 2009 жылдың тамыз айы аралығында Кореяның қаржылық шолу бөлімшесінің жүйелік операциялар бойынша директоры қызметін атқарды. 2009 жылдың қыркүйегінде Қаржылық қызметтер комитетінің жұмысына жауапты, аудит жетекшісі қызметіне ауысты. 2012 жылдың мамыр айынан бастап Ли Бо-Ген “KODIT” орея несиелерді кепілдендіру қорыныңДиректорлар кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалып, “KODIT” басқарушылық жоспарлау бөлімін басқаруда.
Сессии:
Дамуға арналған жобалар (P4D): «Кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер»