Ибрагимова Ләззат Еркінқызы

Ибрагимова Ләззат Еркінқызы

Ибрагимова Ләззат Еркінқызы

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы

1972 жылы 7 қарашада Ақмола облысында туылған. Отбасылы, 3 баласы бар. 1994 жылы Ақмола ауылшаруашылық институтын «АӨК саласындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген, 2003 жылы – Еуразиялық гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1995 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетінде оқытушылық қызметтен бастаған. 2004 жылы Қазақстан Республикасы БҰҰДБ экономикалық даму бағдарламасының ұлттық сарапшысы болып жұмыс істеді. 2004 жылғы тамыз айынан 2009 жылдың қаңтарына дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ корпоративтік дамыту, даму стратегиясы мен талдау, оқыту және консалтинг департаменттерін басқарды. 2009 жылдың қаңтарынан «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ қаржы институттарын және даму институттарын басқару Дирекциясының арнайы бағдарламалар департаментінің бас менеджері болып қызмет атқарды. 2003 жылдан бастап шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мәселелелерін зерттеумен айналысады, 30 астам ғылыми жарияланымдары мен 3 оқу-әдістемелік құралы бар. Коммерциялық емес «Кәсіпқор» Холдинг і» АҚ тәуелсіз директоры – Директорлар Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі болып табылады . 2009 жылдың қаңтарынан бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2011 жылдың сәуірінен бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды.


Сессии: 
Дамуға арналған жобалар (P4D): «Кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер»

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65