Бисекеев Серікбай Жолдыбайұлы

Бисекеев Серікбай Жолдыбайұлы

Бисекеев Серікбай Жолдыбайұлы

«Arman Holding» КТ президенті, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры

2000 жылы құрылған холдинг өнеркәсіптік интеграция саласында қызмет көрсетеді, сондай-ақ энергетика саласында кешенді инжинирингтік шешімдер ұсынады. Жаңартылатын қуат көздеріне құйылатын инвестициялардың алатын орны ерекше: холдингтің Қазақстан үшін елеулі жобалары: Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы 48 және 96 мегаваттқа есептелген жел электр стансалары мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы күн электр стансаларының құрылысы жобалары болып табылады. Қазіргі таңда холдингтің Ресейде, Қазақстанда, Сингапурда, Германияда, БАӘ мен Үндістанда өкілдіктері мен өндіріс орындары бар. Серікбай Бисекеев Ленинград политехникалық институтын бітірді, 2000 жылы Санкт-Петербордағы Стокгольмдік бизнес мектебінен кәсіпкерлерге арналған курсты тәмамдады. 2012 жылы Серікбай Бисекеев Ernst&Young нұсқасы бойынша «B2B» аталымында үздік «Ресей кәсіпкері» атанды. Қазақстандық жастар арасында тәлімгерлікпен белсенді түрде айналысады: студенттер мен жас кәсіпкерлерге арнап, жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарында авторлық дәрістерін оқиды, онлайн форматта семинарлар (вебинарлар) өткізеді. 2013 жылдың маусымында Серікбай Бисекеевке «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ықпалдастық мәселелері бойынша вице-президенті мәртебесі берілді. Сингапурдағы ресейлік-сингапурлық бизнес форумға спикер ретінде шақырылды. 2012 жылы VI Астана Экономикалық форумына («Қазақстандағы кәсіпкерлік: Қатерлер мен мүмкіндіктер») спикер ретінде қатысты.


Сессии: 
Дамуға арналған жобалар (P4D): «Кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер»

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65