Тимур Сулейменов

Тимур Сулейменов

Тимур Сулейменов

Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі, Экономика және қаржы саясаты министрі

2012 жылғы ақпанда Ресей Президенті Дмитрий Медведев, Белоруссия Президенті Александр Лукашенко және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттар арасындағы халықаралық шенеунік – Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі, Экономика және қаржылық саясат министрі етіп тағайындады Бүгінгі күні Т. Сүлейменовтың блогі кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайлары және инвестициялар; зияткерлік меншік қызметі нәтижелерін қорғау және сақтау; еңбек миграциясы; қаржылық нарық; валюта саясаты; банк саласы; құнды қағаздар нарығы, сақтандыру; енгізілетін кеден баждарын есептеу және бөлу және салық саясаты сияқты салаларда ЕЭКтің функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

2012 жылғы 30 тамызда ЕЭК алқасы ЕЭКтің Көші-қон саясаты жөніндегі консультативтік комитеттің төрағасы етіп тағайындады. Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - Тараптар) өкілдерімен консультациялар жүргізу және Тараптардың азаматтарын жұмыспен қамту бөлігінде бірыңғай құқықтық режимді құру мәселелері жөнінде ұсыныстарды әзірлеу, келісілген көші–қон саясатын жүзеге асыру үшін шарттық-құқықтық базаны жасау Комитеттің негізгі міндеттері болып табылады. 2009 жылғы наурыздан бастап 2010 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалды. Кейін Министрлік Экономикалық даму және сауда министрлігі болып қайта ұйымдастырылды. 2010 жылғы наурыздан бастап 2012 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі лауазымында қызмет атқарды. Вице-министр ретінде халықаралық қатынастар, соның ішінде халықаралық экономикалық кірігуді реттеу, ішкі сауданы және сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етті.

Сүлейменов мырза өзінің еңбек жолын «Эрнст энд Янг Казахстан» аудиторлық компанияда бастады. Кейін Қазақстанның мұнай және газ саласындағы ең ірі ұлттық компаниясының еншілес ұйымы «Барлау-кең өндіру» «КазМунайГаз» АҚ Салық есебі және салық жоспарлау департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Сүлейменов мырза Павлодар мемлекеттік университетін (менеджмент бакалавры) және (юриспруденция бакалавры) бітірді, сонымен қатар, Р. Смит бизнес мектебінінің Мериленд Университетін (АҚШ) бітірді, кейін «Қаржы» мамандығымен Бизнес магистрі дәрежесі берілді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.


Сессии: 
Жаһандық экономикадағы экономикалық қаржылық және монетарлық өзгерістер. СЕССИЯ 4: Монетарлы саясаттағы дивергенция, валюта бағамын тузету және оның экономикалық өсуге әсері.

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65