Прексин Олег Михайлович

Прексин Олег Михайлович

Прексин Олег Михайлович

Ресей банктері ассоциациясының вице-президенті (РБА), халықаралық қызмет жөніндегі РБА комитеті төрағасы

Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы Халықаралық ынтымақтастық комитеті төрағасының орынбасары;

Ресейден келген «Іскерлер жиырмасы» Шерпасы (В20);  

«Ренова» компания тобының аға кеңесшісі;

Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, «Банк Расчетов и Сбережений» КБ Бақылау кеңесінің төрағасы (ҚБҰ);

«Энерготрансбанк»  КБ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі  (ААҚ);

Инвестициялық ахуалды дамыту жөніндегі Ұлттық кеңес мүшесі;

Ресей қаржылық-банктік одақ (РҚБО) басқарамсы төрағасының орынбасары.

1951 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. Мәскеу қаржы институтында (қазіргі Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті) жоғары қаржы білімін алды және Ресейде және шет елдерде банктік және әкімшілік жұмыстарымен тәжірибе алды.

КСРО Сыртқы сауда банкінде және кеңестік/ресейлік банктерде басқарушылық қызметтерін атқарды. Қайта құру жылдары үкімет аппаратында жұмыс жасады (Мемлекеттік сыртқы экономикалық комиссияда), содан соң Венадағы ресейлік «Донау-банкте» вице-президент болды, кейінірек Директорлар кеңесінің мүшесі, Лондондағы Еуразиялық қайта құру банкінде (ЕҚҚДБ) Ресей, Беларусия және Тәжікстан атынан директор. Шетел инвестицияларына ықпал жасау Ресей орталығының лондондық кеңсесін басқарды (ШИЫРО). Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлер одағының (РӨКО) атқарушы вице-президенті болды. Бірнеше қаржылық-банктік, сақтандыру және сауда құрылымдарының басқарушы құрамына кірді, соның ішінде тәуелсіз директор ретінде. Атқарушы және заң билАтқарушы және заң билік органдарының, ғылым-білім мекемелерінің басшыларының кеңесшісі, инвестициялық және іскерлік жобалар бойынша сарапшы болды.

Ресейде шетел капиталы бар бірінші жаңа банкті құру және Петербург халықаралық экономикалық форумын (ПХЭФ) ұйымдастыру бойынша бастамаларды әзірлеуге және жүргізуге қатысты, онда Ұйымдастыру комитетінің құрамына кірді. Кеңесшілер тобында «Үлкен сегіздік» кездесулеріне Ресейдің тұңғыш Президентімен жүрді.

Халықаралық валюта-кредиттік және қаржылық қатынастар өзекті мәселелері бойынша көптеген жарияланымдары және ғылыми дәрежесі бар. Ресей Федерациясы жанындағы Қаржы университетінің докторантурасында жаһандық қаржы қайта құрылулар саласында ресейлік стратегия тақырыбында жұмыс жасайдыү Ресей федерациясы Технологиялық ғылымдар академиясының қазіргі мүшесі (қаржылық-банктік және инвестициялық технологиялар секциясы).

Британдық Реформ-клубтың және ресейлік Ұлттық банк клубының мүшесі.


Сессии: 
Жаһандық экономикадағы экономикалық қаржылық және монетарлық өзгерістер. СЕССИЯ 2: Өрлеудің жаңа драйверлері :табысы орташа деңгейлі елден жоғары деңгейлі елге өту үшін экономикалық өзгертулер.

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65