Джастин Ифу Линь

Джастин Ифу Линь

Джастин Ифу Линь

Пекин университетінің Ұлттық даму мектебінің профессоры және құрметті деканы.

Линь мырза Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда федерациясының вице-төрағасы болып табылады. Ол 2008-2012 жылдары Дүниежүзілік банктің аға вице-президенті және бас экономисі болған. Дүниежүзілік банктегі қызметіне дейін 15 жыл бойы Пекин университеті Қытай экономикалық зерттеулер орталығының директоры және профессоры болған. Осы орталықтың негізін салушы және 24 кітаптың авторы, мына жұмыстарды қосқанда «Өркендеуге талпыныс: Дамушы елдер қалай көтеріле алады», «Жаңа Құрылымдық Парадигма: Даму және Саясат парадигмасы», «Қытай Экономикасының Демистификациясы» және «Даму және Өту: Идея, Стратегия және Өмір сүруге қабілеттілік». Джастин Линь Тұрақты комитеттің мүшесі және Экономикалық кеңес, Қытай халық саяси кеңестер конференциясы төрағасының орынбасары; Мемлекеттік кеңес кеңесшісі, Пекин Кеңес университеті төрағасының орынбасары. Линь бірнеше ұлттық және халықаралық комитеттерде, даму, технология және қоршаған орта бойынша сараптық топтарда және кеңестерде, оның ішінде: БҰҰ Аштықпен күрес ұйымы, Азия даму банкінің сараптық тобы, АҚШ-Қытай ұлттық өзара қатынас комитеті, Халықаралық монетарлық жүйе кеңесі, Бреттон-Вуд жүйесінің қайта құрылуы жөніндегі комитеті, Гонконг-АҚШ коммерциялық байланыстар кеңесі. Д’Овернье университетінің, Фордхам университетінің, Ноттингем және Қалалық Гонконг университетінің, Лондон экономика мектебінің, Горнконг ғылым және технология университетінің, Британ Колумбия университетінің, Левенск католиктік университетінің докторы құрметті дәрежесі бар және Әлемді дамыту ғылым академиясының мүшесі және Британ академиясының корреспондент мүшесі болып табылады.


Сессии: 
Жаһандық экономикадағы экономикалық қаржылық және монетарлық өзгерістер. СЕССИЯ 1: Мұнай және шикізат тауарларының бағасын төмендетудің макроэкономикалық салдарлары: әлемдік экономикадағы әлауқатты қайта бөлу.

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65