Жозе Грациану да Сильва

Жозе Грациану да Сильва

Жозе Грациану да Сильва

ФАО Бас директоры

1949 жылғы 17 қарашада (65 жас) Урбана қаласында (Иллинойс штаты, АҚШ) туылған. Бразилия және Италияның азаматтығына ие. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, АҚШ азаматтығына да ие.

1972

-

Сан-Паулу Университетінің Луис ди Кейрос атындағы Жоғары аграрлық мектебін бітірген (агрономия)

1974

-

Сан-Паулу Университетінің магистратурасын бітірген (экономика және ауылшаруашылық социология)

1980

-

Кампинас Мемлекеттік университетін бітірген, Бразилия (экономика ғылымдарының кандидаты). Кейіннен екі докторантураны аяқтады – Лондонның Университеттік колледжінде (Латын Америка елдерін зерттеу) және Калифорния Университетінде (экология)

1978 - 2010

-

Кампинас Мемлекеттік университетінде дәріс берген (Бразилия)

2001

-

«Нөлдік ашаршылық» («Fome Zero») атты ұлттық бағдарламаны пысықтауын басқарған

2003 - 2004

-

Бразилияның Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша төтенше министрі («Нөлдік ашаршылық» бағдарламаны жетекшілік етті және оның нәтижесі бойынша 5 жылдың ішінде Бразилиядағы тамаққа жарымаудың деңгейі 25%-ға төмендеп, 24 млн. жуық бразилиялық кедейлік шегінен асты)

2004 - 2006

-

Бразилия президентінің арнай кеңесшісі

2006

-

ФАО БАс директорының көмекшісі, ФАО-ның Латын Америка және Кариб бассейні елдеріндегі Аймақтық өкілі болып тағайындалды

2011 шілде

-

ФАО Бас директоры болып сайланды

2012 қаңтар

-

ФАО Бас директоры лауазымы міндетін атқаруға кірісті (оның өкілдік мерзімі 2015 ж. 31 шілдеде аяқталады)

Үйленген, екі баласы және екі немересі бар.

Португал, ағылшын және испан тілдерін меңгерген. Француз және итальян тілдерін түсінеді.

25-ке жуық ғылыми жарияланымның авторы.

Көптеген құрмет атақтарының иегері.


Сессии: 
Азық-түліктік қауіпсіздік: заманауи талаптар

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65