Дэвид Д. Хейл

Дэвид Д. Хейл

Дэвид Д. Хейл

Дэвид Хейл - макроэкономист және David Hale Global Economics, Inc төрағасы

Корпорацияның клиенттері бүкіл әлем бойынша активтерді басқару жөніндегі компаниялар болып табылады. Дэвид Хейл Kemper Financial Services компаниясының бас экономисі болды, ол оған 1977 жылы қосылды. Zurich Financial Services 1995 жылы Zurich атауы Kemper болып аталғанда Дэвида Хейлді бас дүниежүзілік экономист деп атады. Ол 2002 жылға дейінгі мемлекеттік саясат сұрақтарының бірқатарын және экономикалық келешек мәселелері бойынша өор және сақтандыру операцияларын басқару бөлімінің кеңесшісі болды. Сонымен қатар, ол өзінің жұбайы Лирик Хьюз Хейлмен бірге жазған «Ары қарай не?» кітабының авторы болып табылады, кітап 2011 жылы Йельск университетенің баспаханасында басылып шықты. Хейл Дипломатиялық қызмет Джорджтаун университетінің мектебінде халықаралық экономикалық қатынастар аумағында бакалавр дәрежесін және Лондон экономиак мектебінде экономика бойынша магистр деәрежесін алды. 1990 жылы Іскер Экономистер Ұлттық қауымдастығының нью-йорктік басшысы Хейл мырзаға жыл сайынғы Уильям Ф. Батлердің сыйлығын берді. Сыйлық иегерлерінің арасында Пол Волкер, Алан Гринспен және Пол Кругмен секілді экономистер болды. Хейл мырзаЧикаго Федералдық резерв банкі Зерттеу кеңестік кеңесінің және Чикаго тауар биржасының Кеңестік кеңесінің бәсекелес нарықтарының мүшесі болып табылады. Ол экономиакның кең мәселелері бойынша жұмыс жасайды, оның мақалалары Wall Street Journal, Financial Times, New York Times, Nihon Keizai Shimbun (айлық шолу) Australian Financial Review, Harvard Business Review, Foreign Affairs, Foreign Policy, National Interest, Central Banking және де көптеген жарияланымдарда жарық көрді. Хейл мырза Конгресс комитеттерінің алдында ішкі және халықаралық экономикалық саясат мәселелері бойынша сөз сөйледі және аға басшылықпен бірге брифингтер мен кездесулерге қатысты, олардың ішінде бұрынғы президент Джордж У. Буш бар, Ақ үйдің қазіргі беделді саясаткерлері бар Федералдық резерв жүйесінде, америкалық Қазынашылық, америкалық Қорғаныс министрлігі, шетелдік үкіметтер және халықаралық мемлекеттік емес ұйымдарда. Ол өзінің қиын экономикалық мәселелерді ағымдағы геосаяси жағдайлармен және сол немесе басқа елдің экономикалық тарихымен байланыстыра алатын қасиетімен белгілі. Оның жаһандық экономикадағы терең білімі және танымал саясаткерлермен әлемдегі нарық қатысушыларымен ұзақ уақыт бойы қатынасы оның бірегей көзқарасына әсер етті. Оның қызығушылық аумағына орталық банк ісі, әсіресе федералды резервтік жүйе, сауда, ресурстар, қуат, Афирика, Қытай, Жапония және шетел валютасын айырбастау мәселелерін қамтиды. Хейл мырза Нью-йорксктік Халықаралық қатынастар кеңесінің, Жапон- Америкалық қоғам, Чикаго жаһандық мәселелер кеңесінің Президенттер ортасының, Ұлттық іскер экономистер қауымдастығының және Құнды қағаздар бойынша Нью-Йорктік талдаушылар қоғамының мүшесі болып табылады. Ол Санкт-Джонсберидің тумасы, Вермонт штаты, Чикагода тұрады. Бес баласы және немерелері бар.


Сессии: 
Жаһандық экономикадағы экономикалық қаржылық және монетарлық өзгерістер. СЕССИЯ 3: Ресейді экономикалық жағдайдың көршілес елдерге әсері.

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65