Адамас Илькявичюс
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор, негізгі ұлттық компанияларда Трансформация бағдарламасын басқарады
2013 жылдың қарашасынан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор болып табылады және негізгі ұлттық компанияларда Трансформация бағдарламасын басқарады. Адамас Илькявичюс HEC Paris, Франция және Copenhagen Business School, Дания іскерлік әкімшілендірудің халықаралық магистрінің (MBA) ғалым дәрежесіне ие. Ірі халықаралық компанияларда экономиканың, тау-кен өндіруші және қайта өңдеуші, көлік пен логистика, энергетика, қаржылық қызметтер мен мемлекеттік сектор сияқты осындай салаларында 17 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Компаниялар қызметін трансформациялау, модельдеу, қайта инжинирингілеу және жақсарту бастамалары бойынша негізгі лауазымдарды үлкен жұмыс тәжірибесі бар. 2001-2006 жылдар аралығында Адамас Илькявичюс бизнес консалтинг бойынша мамандандырылған компанияның директоры, әріптесі болды. 2006 - 2009 жылдары - Ірі жаһандық консалтингілік компанияда орталық және шығыс Еуропа бойынша әріптес. 2009 - 2013 жылдары Адамас Илькявичюс FTSE100-ге кіретін табиғи ресурстардың ірі жария компаниясының бизнесін трансформациялағаны үшін жауапты бизнес және технологиялар жөніндегі директор лауазымын атқарды.