Аханов Дмитрий Сергеевич
Бас атқарушы директор, Роснано (АҚШ)
1999 жылы Ресей Халықтар достығы университетінің экономика факультетін экономика бакалавры, магистрі мамандығы бойынша бітірді. 2000 жылы Ресей Халықтар достығы университетінің заң факультетін бітірді. 1992–1997 жылдары – «НИКА» ЖШС Мәскеу өңірі бойынша директордың орынбасары. 1997–1998 жылдары – «РОСПРОМ» ЖАҚ қайта құрылымдауды басқару сауда бөлімінің сауда-саттық қызметін оңтайландыру секторының аға маманы, жетекші маманы. 1998–2002 жылдары – «ЦентрИнвест МК» ЖАҚ экономика салалары тобының консультанты, 1-санатты консультанты. 2000–2002 жылдары – «НИКОЙЛ инвестициялық-банктік тобы» АБ ААҚ корпоративтік қаржыландыру басқармасының менеджері, Басқару консультациясын беру басқармасының жоба директоры. 2002 ж. – «Бранан лимитед» стратегиялық және маркетингілік консультация беру тобының директоры 2002 жылы «ЕЭС России» РБА-ға Капиталды басқару департаменті бастығының орынбасары лауазымына өтті. 2003 жылы «ЕЭС России» РБА Реформаны басқару орталығының стратегия департаментін басқарды, мына бағыттарға жауап берді: «ЕЭС России» РБА «5+5» реформалау стратегиясының тұжырымдамасын құру, салада құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру; электр энергетикасының жаңа субъектілерін қалыптастыру; электр энергетикасы компаниясына инвестициялар тарту; «ЕЭС России» РБА ұйымдық құрылымының тиімділігін арттыру. 2005 жылы «ЕЭС России» РБА ААҚ реформалау жобаларын іске асыру орталығының басшысы да болып тағайындалды, онда өңірлік энергия жүйелерін қайта ұйымдастыру мәселелерімен айналысты. Үкіметтің 2007 жылғы 27 қазандағы өкімімен Федералдық энергетика агенттігінің басшысы (Росэнерго) болып тағайындалды. 2008 жылғы тамызда агенттіктің басшысы лауазымынан өзінің қалауы бойынша отставкаға кетті. 2008–2010 жылдары - «Бранан» ЖШҰ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2010-2012 жылдары – АҚШ-тағы Роснано өкілдігінің директоры. 2012-2013 жылдары - «РОСНАНО» ААҚ АҚШ және Канада компанияларымен өзара іс-қимыл жөніндегі директор. 2013-2014 жылдары - «РОСНАНО» ААҚ Басқарушы директоры – АҚШ және Канада компанияларымен өзара іс-қимыл жөніндегі директор. 2014 жылғы наурыздан бастап - «РОСНАНО» БК» ЖШҰ Басқарушы директоры – АҚШ және Канада компанияларымен өзара іс-қимыл жөніндегі директор.