Том Степьен

Том Степьен

Том Степьен

Электр энергиясын сақтау саласындағы көшбасшы Primus Power компаниясының бас атқарушы директоры.

Ол 2009 жылы Primus Power іске қосуға көмектесті және 60 млн. астам венчурлық капитал көздерін, стратегиялық инвесторларды және үкіметтік гранттарды тартты. Т. Степьеннің инженерияда, шағын және ірі компанияларда жалпы басқаруда және басқаруда 30 жылдан астам тәжірибесі бар.
Primus Powerге келгенге дейін Т. Степьен АҚШ-тың аса ірі компанияларының индикаторлық жүйе және жартылай өткізгіш, күн және тегіс панельдер жөніндегі қызметтер саласы бойынша тізіміндегі Applied Materials компаниясында Вице-Президент және бас менеджер болды. Ол құны жүйелер, жаһандық клиенттер, өндіріс және техникалық сүйемелдеу жүйелері кешенімен 500 млн. АҚШ доллары болатын бизнес-бөлімшенің пайдасы мен шығындары үшін жауап берді.
Ол Novellus жүйелеріне және Draper зертханасына барынша күш-жігер жұмсайды, және бағдарламалық қамтамасыз етудегі, өнеркәсіптік робот-техникалық және бақылау жүйелеріндегі сарапшы болып табылады. Т. Степьеннің инженерлік механика саласындағы ғылымдардың бакалавры және магистры дәрежесі бар (Массачуссет технологиялар институты), онда ол Pi Tau Sigma, Bendix and Alpha Tau Omega бағдарламасының стипендиаты болып табылады. Қазіргі кезде ол Массачуссет технологиялар институты зертханасының өндіріс және өнімділік мәселелелері жөніндегі консультациялық кеңесіне кіреді.
Т. Степьен университеттік спорт командасының тең капитаны болды. Ол Мичиган штатының Детройт қаласында туып-өсті, және қазіргі кезде Сан Францискода тұрады. Ол әртүрлі тетіктерді жөндеумен, фотографиямен айналысуды және гольфті ұнатады. Ол Солтүстік Каролина арнайы олимпиада ойындары кеңесіне кіреді, сондай-ақ жасөспірім шағында даму ерекшеліктері бар балаларға арналған лагерьде вожатый болып жұмыс істеді.



Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65