Бағдат Батырбекұлы Мусин
Басқарма төрағасы «Қазпочта» АҚ
Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келді. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Алматы қ. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да бастады. 2007 жылға дейін бас инженер-бағдарламашы, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының бөлім бастығы (жоба менеджері) және мемлекеттік органдарда ІТ-құрылымдарды құру жөніндегі департамент директорының орынбасары қызметтерінде жұмыс жасады. Сондай-ақ, 2004 және 2008 жылдар аралығында «AMANAT Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының көмекшісі қызметін атқарды, онда ол «ҰАТ» АҚ жұмысымен қатар компанияны дамыту және ақпараттық технологиялар процестерін оңтайландыру жөніндегі мәселелермен айналысты. 2007 жылдың соңынан бастап ҚР Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2008-2010 жылдары ҚР Әділет министрінің Ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі, ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2010 және 2011 жылдар аралығында Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары болып қызмет етті. 2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды. 2014 жылдың сәуірінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. 2014 жылдың тамызында «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.