Бахмутова Елена Леонидовна

Бахмутова Елена Леонидовна

Бахмутова Елена Леонидовна

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасының танымал мемлекеттік қайраткері. Алматы халық шаруашылығы институтының түлегі. Еңбек жолын 1983 жылы бастады және 1993 жылға дейін экономиканың нақты секторының кәсіпорындарында әртүрлі лауазымдарда еңбек етті. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді, Қаржы министрлігінің Бюджет департаментін басқарды. 2001 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2002 – 2003 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде жұмыс істеді (Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу департаментінің директоры, Қаржылық қадағалау департаментінің директоры). 2004 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары, 2008 жылдан бастап төрайымы. «Самұрық-Қазына» басшысының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Қордың еншілес компаниясын басқарды, онда БТА, Альянс және Темірбанк банктеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқарды. Бірқатар мемлекеттік наградалары бар, оның ішінде – «Құрмет» ордені, «Парасат» ордені, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі. «Vласть» журналының хабары бойынша 2015 жылғы Қазақстанның ықпалды әйелдерінің ТОП-3 рейтингісіне кіреді.



Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65