Шөкеев Өмірзақ

Шөкеев Өмірзақ

Шөкеев Өмірзақ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы

1986 ж. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген, экономист-математик. Экономика ғылымдарының докторы. 1986–1988 жж. ҚазКСР мемлекеттік жоспарлау орталығының жанындағы ЖБАЖ ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері болып қызмет етті, содан соң 1991 жылға дейін МЭСИ аспиранты, ал 1991–1992 жж.– ЖБАЖ ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері, ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, ҚР Президент Әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1993–1995 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің әкімшілігі басшысының орынбасары, 1995 ж. қараша – 1997 ж. наурыз – ҚР экономика министрі; 1997 ж. наурызы–қазаны – ҚР экономика және сауда министрі, ал 1997 ж. шілдесі -қазаны – ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 1997 ж. қазаны – 1998 ж. сәуірі аралығында «Банк Тұран Әлем» БТА Банкі ЖАҚ Басқарма төрағасы, содан соң ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, ал 1998 ж. тамыз – 2004 ж. наурызы аралығында Қостанай облысының әкімі. 2004 жылғы наурыздан бастап Астана қаласының әкімі. 2006 ж. қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2007 ж. тамызында – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 2009 ж. 3 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2011 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды. 2011 ж. 26 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.



Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65