Толқынбек Әбдығұлов

Толқынбек Әбдығұлов

Толқынбек Әбдығұлов

Қырғыз Республикасының Ұлттық банктің басқарушысы

Толқынбек Әбдығұлов 1997 жылы Қырғызстан Халықаралық университетінің халықаралық экономикалық қатынастар аумағында бакалавр дәрежесін үздік бітіріп шықты. Ол білімін үнемі жетілдіріп отырады және Қырғызстан Халықаралық университетінің банк саласында магистр дәрежесін (1999), Жапониядағы Нагоя университеті Жоғары халықаралық даму мектебінің экономикалық даму аумағындағы гуманитарлық ғылымдар магистры (2005), АҚШ, Солтүстік Техас университетінің мемлекеттік басқару магистры (2007) және Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылымдар академиясы экономикалық институтының экономика аумағындағы философия докторы дәрежесін алып шықты (2014). Оның кәсіби тәжірибесі мол. Толқынбек Қырғыз Республикасының Ұлттық банкінде экономист ретінде (Орталық банк), Дүниежүзілік банкте кеңесші ретінде, ақпараттық болашақ қорының директоры ретінде, микроұаржылық компанияның Директорлар кеңесі төрағасы ретінде, Қырғыз Республикасы Президент Әкімшілігі жанындағы сарапшы ретінде, Қырғыз Республикасының инвестициялар және инновацияларды дамыту бойынша Орталық агенттігінің стратегиялар және бағдарламалар жетекшісі, Қырғыз Республикасы Экономикалық реттеу министрлігі министрінің бірінші орынбасары ретінде қызметтер атқарды. 2010 жылы Әбдығұлов мырза Бірінші Коалициялық Үкіметтің премьер-министріне А.А.Атамбаев мырза (Қырғыз Республикасының қазіргі президенті), оны Қырғыз Республикасы Премьер-министрі кабинетінің экономика және стратегиялық даму басшысы етіп тағайындау үшін шақырған. 2012 жылы қаңтарда Екінші Коалициялық үкіметтің премьер-министрі Бабанов мырза Әбдығұлов мырзаны Экономика және инвестиция департаментінің басшысы етіп тағайындады. 2012 жылы қазанда Екінші Коалициялық үкіметтің премьер-министрі Сатыбалдиев мырза Әбдығұлов мырзаны Экономика және инвестициялар бөлімінің басшысы етіп тағайындады. 2014 жылы наурызда Коалициялық үкіметтің премьер-министрі Оторбаев мырза Әбдығұлов мырзаны Экономика және инвестициялар департаментінің басшысы етіп қайта тағайындады. 2014 жылы 7 мамырда Қырғыз Республикасының Президенті Әбдығұлов мырзаны Қырғыз Республикасының Ұлттық банктің қазіргі басқарушысы етіп тағайындады (Қырғыз Республикасының Орталық банкі), 29 мамырда Жогорки Кенеш (Қырғыз Республикасының Парламенті) Әбдығұлов мырзаның статусын растады. Бұдан басқа, Әбдығұлов мырза Американдық университетте, Орталық Азия экономикалық бөлімінде доцент болып жұмыс жасайды. 2013 жылдың қыркүйегінде Әбдығұлов мырза «Ақыл Тырек» Ұлттық жас ғалымдар сыйлығына ие болды. Оның зерттеу қызығушылықтарына институционалдық экономика, макроэкономиканы үйлестіру, дамуды және экономикалық дамуды қаржыландыру жатады.


Сессии: 
Жаһандық экономикадағы экономикалық қаржылық және монетарлық өзгерістер. СЕССИЯ 4: Монетарлы саясаттағы дивергенция, валюта бағамын тузету және оның экономикалық өсуге әсері.

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65