Маттиа Романи

Маттиа Романи

Маттиа Романи

Елдер және секторлар экономика мәселелер жөніндегі Басқарущы директор Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ), Лондон

Д-р Маттиа Романи 2014 жылы Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінде Бас экономист департаментінің Басқарушы директоры болып тағайындалды, қазіргі кезде ол Елдер және секторлар экономика мәселелер жөніндегі Басқарущы директоры. Бұл лауазымда ол ел экономикасы мен секторлар мәселелері үшін жауап береді. Ол Лондон экономика мектебі жанындағы Грэнтэма ғылыми-зерттеу институтында шақырылған аға ғылыми қызметкер де болып табылады. ЕҚДБ-ға келгенге дейін 2014 жылы штаб-пәтері Оңтүстік Кореяда орналасқан және дамушы елдерге және нарықтық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерге олардың экологиялық бағдарда даму жөніндегі жоспарларын іске асыруға қолдау көрсету мақсатымен құрылған халықаралық ұйым – Жаһандық жасыл даму институты Бас директорының орынбасары және Бас экономисі болған. Оның бұрынғы жұмыс орны McKinsey and Company компаниясы, онда ол 2009 жылдан бері аға сарапшы болды. 2010 жылы БҰҰ Бас хатшысының жанындағы Жоғары деңгейдегі консультативтік топта Лорд Николас Стерннің климаттың өзгеруі саласындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мәселелері бойынша орынбасары ретінде қызмет етті. 2007 - 2009 жылдар аралығында Ұлыбритания Үкіметінде Стерннің басшылығымен сарапшылар тобында жетекші экономист болып жұмыс істеді. Бұған дейін ол Shell International компаниясында жұмыс істеп, ұзақ мерзімді сценарийлер әзірлеумен айналысты. 1999 - 2003 жылдары Вашингтонда (Колумбия Округі), Абиджанда және Антананаривуда Дүниежүзілік Банкте істеді. Оксфорд Университетінде алған экономика саласындағы доктор дәрежесі (Ph.D.) және Лондон экономика мектебі жанындағы дамуды зерттеу саласындағы магистр дәрежесі бар.


Сессии: 
Жаһандық экономикадағы экономикалық қаржылық және монетарлық өзгерістер. СЕССИЯ 2: Өрлеудің жаңа драйверлері :табысы орташа деңгейлі елден жоғары деңгейлі елге өту үшін экономикалық өзгертулер.

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65