Наталия Владимировна Ханженкова
Түркия және Орталық Азия бойынша басқарушы директор, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі
Наталия Владимировна Ханженкова ЕҚДБ-дағы өз жұмысын 1993 жылы бастады және ТМД елдерінде шағын және орта бизнесті дамытуға кредит желілерін беру мәселелерімен айналысты. 1999 жылдан бастап Наталия Владимировна ЕҚДБ Қаржылық қайта құрылымдау бөлімінде жұмыс істеп, жеті жыл бойы Ресейде, Шығыс Еуропада және Орталық Азияда әртүрлі секторларда банктер мен компанияларды қайта құрылымдаумен айналысты. 2007 жылғы ақпанда Инфрақұрылым және энергетика жөніндегі директордың орынбасары қызметінде ЕҚДБ Мәскеу өкілдігіне ауысты. 2008 жылғы қазанда Н. Ханженкова Ресей бойынша бизнес топтың Инфрақұрылым және энергетика жөніндегі директоры және 2010 жылғы сәуірде ЕҚДБ-ның Ресей жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды. 2015 жылғы 1 сәуірден бастап Түркия және Орта Азия жөніндегі басқарушы директор болып табылады.
Сессии:
Жаһандық экономикадағы экономикалық қаржылық және монетарлық өзгерістер. СЕССИЯ 4: Монетарлы саясаттағы дивергенция, валюта бағамын тузету және оның экономикалық өсуге әсері.
Азия және Еуропа форумы
Экономикалық трансформация және жалпыға ортақ өркендеу үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ету (Дүниежүзілік Экономикалық Форуммен бірге)