Ганс Тиммер
Бас экономист, Еуропа және Орталық Азия
Ганс Тиммер 2013 жылдың 1 сәуірінде Еуропа және Орталық Азия (ЕОА) бойынша Дүниежүзілік банк Өңірлік басқармасының бас экономисі орнын иеленді. Тиммердің басшылығымен жыл сайын бөлім Дүниежүзілік банктің «Әлемдік экономиканы дамытудың перспективалары» және «Жаһандық мониторинг туралы баяндама» атты негізгі баяндамаларын және «Жаһандық қаржылық даму туралы» баяндамасын қоса алғанда мониторинг және экономикалық болжамдау мәселелері бойынша жарияланымдардың кең спектрін шығарып отырды. Тиммер мырза – халықаралық макроэкономиканың сандық аспектілері бойынша және экономикалық моделдеу, болжамдау және экономикалық саясатты талдау бойынша мамандар ұжымына 25 жылдық тәжірибесі бар эконометрика маманы. Зерттеу жұмыстары бойынша жан-жақты тәжірибесі бар, табиғатты қорғау саясаты, сауда саясаты және салық реформаларының экономикалық әсер етуін ұзақ мерзімді құрылымдық талдаудан экономикалық белсенділік кезеңіне қысқа мерзімді монторингке және ақша-несиелік пен салықтық-бюджеттік талдауға дейін. Тиммер мырзаның Еуропалық Комиссиямен, ЭЫДҰ және КӨҮАСТ (Климаттың өзгеруі бойынша үкімет аралық сарапшылар тобы), сонымен бірге Жоспарлау бойынша Үндістан комиссиясымен және Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясымен жұмыс жасауда үлкен тәжірибесі бар. Оған Эразм Роттердам атындағы университетте эконометрика бойынша магистр дәрежесі берілді (Роттердам қ.). Ол сондай-ақ Лодзи университетінде (Польша) және Нидерланды экономика институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды.
Сессии:
Жаһандық экономикадағы экономикалық қаржылық және монетарлық өзгерістер. СЕССИЯ 2: Өрлеудің жаңа драйверлері :табысы орташа деңгейлі елден жоғары деңгейлі елге өту үшін экономикалық өзгертулер.