Курт Тонг

Курт Тонг

Курт Тонг

АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің бас орынбасары

Курт Тонг 2014 жылдың шілдесінен бастап Мемлекеттік департаментте Экономикалық және сауда байланыстары бюросының мемлекеттік хатшысы орынбасарының бас көмекшісі болды.

Бюроға келгенге дейін, Тонг мырза үш жыл бойы Токиода Миссия басшысының орынбасары ретінде болды. Токиода ол Азия-Тынық мұқиты экономикалық ынтымақтастығындағы (АТЭЫ) АҚШ елшісі болды, АТЭЫ-ға АҚШ-тың қатысуының барлық аспектілерін басқарды, сол уақытта бір кезеңде Шығыс Азия және Тынық мұқиты мәселелері жөніндегі Мемлекеттік департаменті бюросында Экономикалық үйлестіруші ретінде болды.

Тонг мырза 1990 жылдан бастап мемлекеттік департаменттің экономикалық мәселелері бойынша дипломат болды, оның ішінде 2006 және 2008 жылдар аралығында Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жанындағы Азияның экономикалық мәселелері бойынша директор ретінде қызмет атқарды, 2003 және 2006 жылдар аралығында Сеуілде Экономикалық кеңесші елші ретінде болды. Бұған дейін, ол Пекинде қоршаған орта, ғылым және денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңесші болды және Токиода Атташе Қаржы министрінің орынбасары ретінде және Манилада Экономикалық мәселелер бойынша қызметкер ретінде қызмет етті. 1995 және 1996 жылдары Тонг мырза Токио университетінің экономика факультетіне шақырылған зерттеуші болды. Дипломатиялық қызметке келмес бұрын, ол Токиодағы Boston Consulting Group кіші серіктесі болды.

Тонг мырза жапон және қытай тілдерінде сөйлейді және оқиды. Сыртқы саясат бойынша Nihon Keizai Kenkyu (Жапон экономикалық зерттеулер орталығының академиялық журналы) мақалалар жариялады. Ол Огайода туылған және Массачусетс штатында өсті, футболмен, тенниспен және өзге де спорт турлерімен айналысады.


Сессии: 
Жаһандық экономикадағы экономикалық қаржылық және монетарлық өзгерістер. СЕССИЯ 2: Өрлеудің жаңа драйверлері :табысы орташа деңгейлі елден жоғары деңгейлі елге өту үшін экономикалық өзгертулер.
Ұлы Жібек Жолының қайта жаңғыруы: жаңа экономикалық келешегі

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65