Герман Греф

Герман Греф

Герман Греф

Ресей Жинақ банкінің Президенті, Басқарма төрағасы

Герман Оскарович Греф 1964 жылы 8 ақпанда Павлодар облысының Панфилов ауылында дүниеге келген. Жоғары заң білімі бар; экономика ғылымдарының кандидаты. Неміс және ағылшын тілдерін игерген. 1982 - 1984 жылдары: Кеңес Армиясының қатарында қызмет етті. 1990 жылы Омск мемлекеттік университетінде заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1990-1993 жылдары – Ленинград мемлекеттік университеті заң факультетінің аспиранты. 1991-1992 жылдары – Петродворец және Санк-Петербург әкімшіліктерінің мүлкі мен экономикалық даму комитетінің 1 категориялы заң кеңесшісі. 1992 жылы Санкт-Петербург мэриі Қала мүлкін басқару комитетінің Петродворец аудандық агенттігінің бастығы болып тағайындалды. 1992-1994 жылдары - Қала мүлкін басқару комитетінің төрағасы, Петродворец әкімшілік басшысының төрағасы. 1994 жылы төраға орынбасары, содан кейін Санкт-Петербург мэриі Қала мүлкін басқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1997-1998 жылдары - вице-губернатор, Санкт-Петербург мэриі Қала мүлкін басқару комитетінің төрағасы. 2000 жылы Ресей Федерациясы Мемлекеттік мүлік министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. 2000 жылдың мамырынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін – Ресей Федерациясы Экономикалық даму және сауда министрі. 2007 жылдың қарашасынан бастап - «Сбербанк России» ААҚ Басқарма Төрағасы, президенті. Бірқатар акционерлік қоғамдар мен компаниялардың директорлар кеңесі мен бақылау кеңестерінің мүшесі болып табылады. Ресей Федерациясы Президентінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен, IV дәрежелі «Отан алдындағы қызметі үшін» орденімен және П.А.Столыпин атындағы медалімен марапатталған. Францияның жоғары мемлекеттік марапаты – екі елдің қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін Құрметті легион офицері орденіне лайық деп танылған.


Сессии: 
Жаһандық экономикадағы экономикалық қаржылық және монетарлық өзгерістер. СЕССИЯ 1: Мұнай және шикізат тауарларының бағасын төмендетудің макроэкономикалық салдарлары: әлемдік экономикадағы әлауқатты қайта бөлу.
Жаһандық экономикадағы экономикалық қаржылық және монетарлық өзгерістер. СЕССИЯ 4: Монетарлы саясаттағы дивергенция, валюта бағамын тузету және оның экономикалық өсуге әсері.
Азия және Еуропа форумы

Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65