Астана экономикалық форумы 2015 қатысушысының бейджін көрсеткен кезде барлық делегаттарға осы ғимараттарға 15% жеңілдік беріледі.


«Korean House»

«Korean House»

Премиум класстағы Korean House мейрамханасы дәстүрлі Оңтүстік Корея асханасын бағалаушыларға арнап ашылған. Қазіргі заманғы корей үлгісінде орындалған мейрамхана жиһаздары осынау бір қайталанбас мәдениеттің атмосферасына толықтай еніп кетуге және демалыс жасауға көмек береді. Негізгі банкет залынан бөлек, қонақтарға арналған VIP-залдар, Lounge аймақ және Сол жағалауға әдемі көрініспен жайлы терраса бар.

«Пивница»

«Пивница»


«Пивница» – ғасырлардағы сыра дайындау дәстүрлері сақталған мейрамхана, мақтанышы пастерленбеген KELLY сырасы болып табылады. Оны дайындауға арналған барлық ингредиенттер Чехия жүрегінен әкелінеді, ал жергілікті аспазшы Зденек Реска ұрпақтан-ұрпаққа таралатын өз кәсібінің дәстүрлері мен құпияларын барынша сақтайды.

«Бархат»

«Бархат»


«Бархат» lounge-мейрамханасы сәнқой тұтынушылардың жақсы көретін орындарының бірі және гастрономиялық қуаныш, тұрмыстың жеңілдігі мен күтпеген кездесулер сияқты жағымды жайттар болып тұратын бірегей орын.

«Chivas Lounge»

«Chivas Lounge»


Күн сәулелерін төгетін жайлы тоқылған креслолар, өсімдіктер көптігі мен жұмсақ жастықтар: қайталанбас жайлылық пен жеңіл романтика атмосферасы түскі астан кейін асықпай демалып, достармен кешкі отырыстарға тартады. 

«EDEZZA»

«EDEZZA»


EDEZZA мейрамханасы – бұл іскерлік кешкі асты өткізу, отбасылық мерекені тойлауға, достармен кездесуге немесе романтикалық кешкі ас ұйымдастыруға таптырмас тамаша жер. Жоғары білікті қызметкерлердің қызмет көрсетуі қонақтарға жайлы жағдай және бас аспазшыдан дәмді көп ұлттық тамақтан дәм татуға бар жағдайды туғызады. 

«Line Brew»

«Line Brew»


Бұл жерде қонақтарды брюссельдік мүсіннің нақты көшірмесі болып келетін әсем бұрқақ қарсы алады. Одан әрі түсті витраждармен, торлармен қақталған терезелері бар ортазаманғы қорғанның күмбезді жайылы зал қонақжайлы есіктерін айқара ашады. Залдың қақ ортасында шынайы от жалындап тұр, ал оның жанында сиқырлы аспазшы асқан шеберлігімен ас даярлауда.

«Халиф»

«Халиф»


Ұйғыр аспаздық өнері халықтың материалдық мәдениетінің өзіндік ескерткіші болып табылады. Ол өз ішіне Шығыс пен Батыс өзара ықпалын, көнелілік пен қазіргі уақытты жинақтайды, сондай-ақ бұл асқан шеберлік, қиял, әдемілік пен дәм үйлесімі. Ұйғырлардың аспаздық өнері бүкіл Орта Азия мен Қазақстанда танылған.

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65