«Әзірет Сұлтан мешіті»

«Әзірет Сұлтан мешіті»

«Әзірет Сұлтан мешіті»  (діни мекемелер)
Қазақстанның жас елордасы, Астананың соңғы заманауи ғимараттардың бірі Әзірет Сұлтан мешіті болып табылады. Орталық Азияның бұл зәулім мешіті 3 жыл бойы салынып 2012 жылы салтанатты түрде ашылды. Кең ғимарат шығыстың сарайына ұқсас, ал оның құрылысында1500 астам құрылысшы мен шеберлер қатысты, бірлескен талпыныспен Астана сәулетіінің әсем ескерткіші құрылды.
Бейбітшілік пен келісім сарайы

Бейбітшілік пен келісім сарайы

Бейбітшілік пен келісім сарайы Қазақ жерінде достық, бірлік пен бейбітшілік белгісі болып табылады. Бейбітшілік пен келісім сарайының ашылуы 2006 жылдың 1 қыркүйегінде өтті.

Жоба авторы танымал британдық архитектор – Норман Фостер. Пирамида негізі нің ауданы 62х62 метр, биіктігі 62 метр. Пирамиданың басын Брайан Кларк суретшінің өнер туындысы әсемдейді – қазақ жерінде тұратын ұлттарды көрсететін 130 көгершін бейнелері бар витраж.

Нұр Астана Мешіті (Діни мекемелер)

Нұр Астана Мешіті (Діни мекемелер)

Мешіт ливандық архитекторы Чарльз Хазиф жобасы бойынща салынған. Басты күмбездің биіктігі – 43 метр. Ішінде бір уақытта 5 мың адам намаз оқи алатын кең зал бар. Екінші қабатта – 2 мың әйел намаз оқуына арналған балкон жасақталған.

Бәйтерек

Бәйтерек

Монумент қазақ халқының әлемнің құрылуы жөніндегі бейнелеуі іспеттес. Ежелгі түпкі ұғымында «бәйтерек» деген сөздің өзі «өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Қасиетті құс – Самұрық айқара жазылған кең қанаттарымен айналасын тұтас жауып ұшып келеді. Ол өмірдің өзегін өркендетіп, үміттің үзірін үкілейтін алып алтын жұмыртқа – Күнді салу үшін Өмір ағашы – Бәйтерекке ұмтыла түскен. Бұл уақытта ағаш тамыр бойында жұмыртқаны жеп қоймақшы болған аш Айдаһар жасырынып тұрған еді. Осылайша мейірім мен зұлымдық күресі көрсетілген. Бұл жерде Әлемдік өзен ағып өтетін, ұшымен аспанға самғайтын, ал тамырымен жерді ұстап тұратын Бәйтерек тұр.

Хан Шатыр

Хан Шатыр

Хан Шатыр – Қазақстан елордасының жаңа нышаны. «Хан Шатыр» СОО бір шатыр астында шопинг пен ойын-сауықты қамтитын Астанадағы алғашқы және жалғыз лайфстайл-орталығы болып табылады. Әйгілі британдық сәулетші Лорд Норман Фостер жобасымен салынған Хан Шатыр дүниежүзіндегі шатыр пішінінде ең ірі ғимарат, сондай-ақ бірегей сырт келбеті бар Қазақстандағы ең үлкен сауда орталығы.

«Думан»

«Думан»

«Думан» ойын-сауық орталығы 2003 жылғы мамырда өз қызметін бастады және қазіргі уақытта тропикалық балықтар бар Океанариум, 5D – Кинотеатр, «Джунгли» аниматроникстер театры, Үлкен Күмбездік кеністік, тамақтану орындары мен сауда желісінен тұратын бірегей кешені болып табылады.

Астаналық цирк

Астаналық цирк

Елорданың циркінде цирк өнері барлық жанрлары бар: акробатика, гимнастика, иллюзия, аңдар, ірі және ірі емес жануарлар дрессурасы, клоунада және т.б. Цирк балансында арыстандар, түйелер, пони, далматинецтер және есектер сияқты жануарлар бар.

М. Горький атындағы орыс драма театры

М. Горький атындағы орыс драма театры

Қазақстанның ескі театрларының бірі Астана қаласының Мемлекеттік Академиялық М. Горький атындағы орыс драма театры XIX ғасыр соңында құрылған, және екінші жүзжылдық бойы уақытты қабылдап сахнада көрсете алумен көрушілер сеніміне ие болды.

К. Байсеитова атындағы Ұлттық опера және балет театры

К. Байсеитова атындағы Ұлттық опера және балет театры

Театр өз тарихын 2000 жылдан бастады, сол кезде Астананың еліміздің саяси және мәдени орталығы ретінде даму мақсатында Қазақстан Республикасы Н.Ә.Назарбаев бастамасымен 20000 жылы «Ақ-Орда» опера және балет театры құрылды. Бүгінгі күні бұл еліміздің ең жас музыкалық театрларының бірі, қазақ және дүниежүзілік музыка мәдениетінің дәстүрлер тасымалдаушысы, классикалық мұратты зерделейтін және жаңарып тұратын қазақ қоғамының рухани сұраныстарын жүзеге асырушысы.

Астана Опера

Астана Опера

Театр 9 гектарға жуық алаңға салынған. Ғимарат ауданы 64 мың шаршы метрге тең. Олардан шамамен 3000 шаршы метр сахна зонасы алып жатыр. «Астана Опера» Театры өзінің ауқымы мен архитектурасымен таңқалдырады. Ол дүниежүзілік сәулет өнерінің үздік классикалық дәстүрлерді ескерумен салынған, бұл ретте архитектурада қазақ ұлттық ерекшелігі де барынша бейнеленген.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұражайы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұражайы

Бұл Орталық Азияда теңдесі жоқ жоба. Мұражай 2014 жылғы 2 шілдеде ашылды. Шамамен 75 мың шаршы метр алаңында Қазақстанның көне заманнан бүгінгі күндерімізге дейін уақытты қамтитын археологиялық, этнографиялық және тарихи-мәдени ескерткіштері жиналған. Барлық экспозициялар келесі залдарда орналастырылған: Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Алтын залы, көне және ортағасырлық тарих залы, Тарих залы, Этнография және Қазіргі заманғы өнер залы.

ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы

ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы мемлекет басшысының 2004 жылдың 28 тамыздағы Өкіміне байланысты құрылған және бұрынғы Резиденцияда орналастырылған. Мұражай есігін келушілерге 2005 жылғы наурызда айқара ашты. Экспозицияларында шоғырланған негізгі идея – республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуы және еліміздің Тұңғыш Президентінің тәуелсіз демократиялық мемлекетті салудағы тарихи рөлі.

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65