Астана туралы

Астана

Астана жауқазындай жазық далада өсіп гүлденіп барады. 90-шы жылдардағы шағын қала небәрі он жыл ішінде жаңа тәуелсіз Қазақстанның заманауи астанасына айналды.

Қаланың орналасуы
Қала Сарыарқаның солтүстігінде орналасқан. Қала аумағы бойында Есіл өзені және оның бірнеше шағын оң ағындары ағады. 70-ші жылдардың соңында көл бойында қаладан 70 шақырым қашықтықта Вячеславск су қоймасы салынды (қазіргі уақытта Астаналық), ол бүгінгі күні астананы сумен қамсыздандырудың негізгі көзі болып табылады. Қалаға жататын аймақтарда балыққа бай тұщы және ащы көлдің көп саны бар.

Қазақстанның жаңа, заманауи астанасын қалыптастыру идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру жөніндегі шешім 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қабылданды. Елорданың ресми ауысуы 1997 жылғы 10 желтоқсанда болды. 1998 жылғы 6 мамырда Президент Жарлығымен Ақмола Астана деп аталды. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.

Қазіргі уақытта Астана аумағы 700 шаршы километрден асады, халық саны 2014 жылғы 1 мамырға қарасты ақпарат бойынша 828 759 адам құрады. Қала – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» үш ауданынан тұрады.

Геральдика
Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының елтаңбасы "Бәйтерек" пен "Шаңырақ" бейнеленген дөңгелекті білдіреді, «Бәйтерек» негізінде «құс қанаты» әшекейі орналасқан. Сыртқы сақинаның көмкерілген жерінде «Бөрікөз» оюы, ішкі сақинасында – «көкшіл аспан» бейнеленген. Елтаңбаның сыртқы сегменті «Астана» жазуымен толтырылған.

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы туының ( бұдан әрі -Ту) ортасында астананың елтаңбасы бейнеленген ені мен ұзындығы 1:2 қатынастағы тік бұрышты жазықты білдіреді. Астары «көкшіл аспан» түсіндегі алтын сәулелермен берілген.

Климат
Қоңыржай шұғыл континеттік. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы аязды әрі ұзақ. Жылдық орта температурасы 3,1 °C. Жылдық жауын-шашын көлемі 300 мм. Жаздың ыстығы 40 °C –тан асып кете алса, қыстың суығы – 50 °C-қа дейін төмендейді. Қыстың суығы сібір аязына таяса, жаздыгүні Орта Азияның ыстық қапырығы байқалады.

Қаланың халық саны: 828 759 адам

Телефон коды: Астана бойынша қалааралық коды - (+7) - 7172,
халықаралық коды – (+7)

Пошталық индекс: 010000

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65