О компании

Форум мақсаты – өзекті проблемалар мен мүмкіндіктерді талқылау, экономикалық өсуді нығайтуға жәрдемдесу, әлемдік экономика дамуының қазіргі қажет сұрақтарына жауап іздеу.

 АЭФ 2015 негізгі тақырыбы – «Инфрақұрылым: экономиканың тұрақты өсу драйвері». Аталған тақырып шеңберінде инфрақұрылымды қазіргі жағдайда тұрақты дамудың маңызды факторы ретінде жаңғырту және дамыту мәселелерін талқылау ескеріледі.

Форумның негізгі іс-шаралары Пленарлық мәжіліс, Инвестициялық форум, Азия мен Еуропа көшбасшыларының форумы, Еуразиялық экономикалық конгресс, Ұлы Жібек жолының жаңғыруы және Урбанистік форум болып табылады.

Аталған алаңдар мен іс-шараларды ұйымдастыруда әріптестер ретінде БҰҰ, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, АДБ, Еуразиялық экономикалық комиссия және басқа да халықаралық ұйымдарды шақыру жоспарланып отыр.

АЭФ алаңы жыл сайын әлемнің 80-нен астам елінен мыңдаған делегатты, оның ішінде бірінші мемлекет басшыларын, жетекші саясаткерлерді, Нобель сыйлығы лауреаттарын, танымал ғалымдарды, журналистер мен бизнес элита өкілдерін қамтиды.

Өткен VII Форумның негізгі қонақтары Малайзия Премьер-министрі Дато Сри Мохд Наджиб бин Тун Абдул Разак, Біріккен Ұлттар Ұйымы Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес (ЭКОСОС) Президенті Мартин Сайдик, Экономика профессоры, әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты, Yunus Centre төрағасы және Grameen Bank негізін қалаушы Мухаммад Юнус және басқалары болған.

VIII Форум жұмысына әлемнің 80-нен астам елінен саяси, экономикалық және бизнес-орталардың шамамен 3000 өкілінің қатысуы жоспарланып отыр.

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65