Ұйымдастырушылар:
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ;
Пенсильвания Университеті;
Жаңа экономика және геосаясат дәуіріндегі талдау орталықтары
Сессияның қысқа сипаттамасы:
Талдау орталықтары мемлекеттік саясатты жүргізуге маңызды ықпал көрсетеді. Олар жауапты тұлғаларға кеңес беріп, негізгі сараптамалық бағаларын береді. Сессияның бірінші бөлімі Орталық Азия мен Кавказ талдау орталықтарының қазіргі уақытта тап болып жатқан қиындықтары бойынша ұсынылатын сараптамалық бағалардың сапасына әсер ететін мәселелерге арналады.
Бүгінгі таңда Орталық Азия мен Кавказ аймағының талдау орталықтары саяси-экономикалық озық ойлаудан оқшауланған. Аймақтың әлемдік қоғамдастықтан бөлектенуі халықаралық деңгейдегі жарияланымдардың аз санында, талдау орталықтары өкілдіктерінің әлемдік рейтингтердегі төмен деңгейінде және т.б. көрініс табады. Сол себептен озық зерттеулердің жаһандық ақпараттық желілері мен жергілікті озық кластерлерді құру жолы арқылы, аймақтық және қазақстандық талдау орталықтары ғылыми қауымдастығының бірігуінде өткір қажеттiлік туындайды. Талдау орталықтарының аймақтық саммиті зерттеушілерге өзара әрекеттесу және нәтижелі жұмыстық қарым-қатынас орнату мүмкіндігін ұсынады.
Экономикалық саясаттың дамуын ынталандыру мақсатында, аталмыш іс-шара шеңберінде өтетін марапаттау рәсімі кезінде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Пенсильвания университетінің «Ақпараттық-талдамалы орталықтар және азаматтық қоғам» Бағдарламасымен бірлесе отыра, 2015-2016 жж. экономика саласындағы 3 үздік халықаралық талдау орталығын және 2012-2016 жж. экономика саласындағы 3 үздік аймақтық талдау орталықты марапаттайды.
Сессияның екінші бөлімінде көрнекті зерттеушілер талдау ұйымдарының маңызы мен рөлдерін, сондай-ақ, жаңа экономикалық және геосаяси шынайылық жағдайында жұмыс жасап жатқан талдау орталықтарының әлемдік көшбасшыларға ұсына алатын шешімдерін талқылайды. Шикізат бағасының төмендеуі, валюта бағамдарының тұрақсыздануы, экономикалық өсу мен геосаяси турбуленттіктің бәсеңдеуі экономикасы дамушы елдерге кері әсерін тигізді. Зерттеушілер тұрлаусыздық дәуірінде дамушы елдер мәселелерінің мүмкін болатын шешімдеріне қатысты өз көзқарастары және идеяларымен бөліседі.
Сессия шеңберінде келесідегідей мәселелер қарастырылады:
• Шикізаттық ресурстар бағасының төмендеуі және саудалық серіктес-елдердің экономикалық өсуінің бәсеңдеуі мәселелерінің алдын алу үшін қандай стратегиялар қолдану қажет?
• Ресей мен Батыс арасындағы геосаяси тайталас жағдайында аймақ елдері үшін ең ыңғайлы саяси шешімдер.
• Соңғы он жылда жинақталған тәжірибе және жетістіктер тарихы. Аймақтық мәселелердің ортақ шешімін жасай аламыз ба?
Сессияның негізгі спикерлері – аймақ алдында тұрған экономикалық және геосаяси мәселелерін шешу жолдарын ұсынатын халықаралық және аймақтық талдау орталықтарының зерттеушілері.
09:00 |
Негізгі мәселелер: Құттықтау сөз |
09:05 |
Негізгі баяндама: Талдау орталықтарын және саяси кеңес беруді дамытудың жаһандық және аймақтық үрдістері: Орталық Азиядағы талдау орталықтарының дамуы Спикер: |
09:30 |
Панельдік сессия: Аймақтық талдау орталықтарының әлеуетін және өзара әрекеттестігін нығайту Модератор: Спикерлер: |
10:45 |
Ашық пікірсайыс: Талдау орталықтарының жаңа экономикалық және геосаяси шынайылық дәуіріндегі рөлі Модератор: Спикерлер: |
12:15 | Аяқталу |