11 жылда Астана экономикалық форумы (АЭФ) әлемдік экономиканы және қаржы жүйесін сауықтыру мен дамыту мәселелерін талқылауға арналған ең беделді халықаралық алаң мәртебесіне ие болды. Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегат, оның ішінде, 20-дан астам Нобель сыйлығының лауреаты және 30 жоғары деңгейлі шетелдік саяси қайраткер қатысты.
Форум шеңберінде 20 млрд. АҚШ долларынан асатын сомаға 300-ден астам меморандум мен келісім жасалды. АЭФ алаңында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың белсенді қолдауымен және тікелей қатысуымен жыл сайын негізгі экономикалық және әлеуметтік сын-тегеуріндермен күрес жүргізуде шешім қабылдау мақсатында жаһандық көшбасшылар, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері жиналады.
АЭФ тақырыбы жыл сайын өзектендіріледі және жалпы әлемдік даму мәселелері мен проблемаларының үлкен спектрін қамтиды, сондай-ақ ауқымды талқылау аясының бағытын айқындайды.


