Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы

Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы

Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы

Биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылымдар академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасы Жаратылыс ғылымдары академиясының, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясының, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі. 2012 жылдың 25 ақпанынан бастап Мемлекет Басшысының өкімімен Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды. Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан. Қазақстан Республикасының білім жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі әзірлеушілерінің бірі. 2011 жылы қабылданған 2011-2020 жылдарға арналған Білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Ғылым туралы» Заңдарын әзірлеуге белсене қатысты. «Құрмет» орденімен наградталған. Биофизика саласында қол жеткізген үлкен ғылыми жетістіктері үшін Ресей Жаратылыс ғылымдары академиясының Нобель сыйлығының лауреаты П.Л.Капица атындағы естелік медалімен марапатталған. Ресей, Австралия, Голландия, Оңтүстік Корея, АҚШ-тың жетекші журналдарында 60-тан астам ғылыми жұмыстары жарық көрген.



Возврат к списку

Copyright© 2008-2015 Астана экономикалық форумы - Қазақстан, Астана, Темірқазық к-сі 65