ASTANA ECONOMIC FORUM
Тигран Саргсян

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы

1978 жылы №14 Ереван техникалық университетін аяқтап, Еревандағы халық шаруашылығы институтына түсті. 1980 жылы Н.А. Вознесенский атындағы Ленинград қаржы-экономикалық институтына ауысып, 1983 жылы ол жерді үздік дипломмен бітірді. 1987 жылы сол жерде аспирантураны тәмамдап, «Армения мысалында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау» тақырыбында диссертация қорғады. Экономика ғылымдарының кандидаты атағын алды. 1987 жылдан 1990 жыл аралығында – Экономика және жоспарлау ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, халықаралық экономикалық байланыстар тобының жетекшісі. 1990 жылдан 1995 жыл аралығында – Армения Республикасының Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Армения Республ икасының Жоғарғы Кеңесінің қаржы-несие және бюджеттік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, ЖК Президиумы мүшесі. 1995 жылдан 1998 жыл аралығында –Армения Банктер ассоциациясының президенті. 1998 жылдан 2008 жыл аралығында –Армения Республикасының Орталық Банкінің төрағасы. 2008 жылдан 2014 жыл аралығында – Армения Республикасының Премьер-министрі. 2014 жылдан 2016 жыл аралығында –Армения Респбуликасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап – Еуразиялық экономикалық космиссия Алқасының төрағасы. Армения Республикасы Президентінің Жарлығымен «Отан алдындағы қызметі үшін» 1 дәрежелі медалімен марапатталған. «Анания Ширакаци» медалінің иегері. Армения мемлекеттік экономикалық университетінің құрметті докторы, Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің құрметті докторы.
Саммит спикерлерінің толық тізімі
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.