ASTANA ECONOMIC FORUM
Стив Возняк

Apple Inc.

Стив Возняк, Сликон алқабының аңызына айналған және отыз жылдық өтілі бар меценат. Стив Apple компаниясының бірінші және екінші өнімдері желісінің дизайнын әзірлеуге қатысты, сондай-ақ Макинтош компьютерін жасауға көмектесті. 1976 жылы Стив Возняк пен Стив Джобс компания құрды. Apple-дің алғашқы желісінің дизайнын Возняктың өзі жасады. Бір жыл өткен соң ол процессоры, пернетақтасы, икемді дискілерге арналған диск салғышы бар Apple II өнімінің екінші желісін ұсынды. Apple II алғашқы дербес компьютер ретінде тарихқа енді. 1981 жылы Стив Берклидегі Калифорния Университетіне оралып, ол жерден инжиниринг және компьютерлік технологиялар мамандығы бойынша білімін алып шықты. 1985 жылы Apple-дегі жетістіктеріне орай, Вознякты технологиялар саласындағы еңбегі үшін АҚШ президенті инновациялар индустриясындағы ең жоғарғы марапат – Ұлттық Медальмен марапаттады. 2000 жылы қыркүйекте Вознякқа Ұлттық Даңқ Залында орын берілді. Сонымен қатар оған алғашқы дербес компьютерді ойлап тапқаны, сондай-ақ оның математика ғылымдарына қызығушылығының арқасында оқушылар мен ұстаздар жігерленгені үшін Технологиялар және Экономика саласында Heinz Award белгілі марапаты табысталды. Көп жылдар бойы Возняк оқушылар арасында компьютерлік сауаттылық саласында түрлі қайырымдылық бағдарламаларымен айналысып, оларға практикалық оқу және жасампаздық дағдыларын дамытуға көмектесті. Стив жалпы білім беру саласына көп уақыты мен ресурстарын салды. Ол Лос Гатос мектебін қамқорлығына алып, студенттер мен мұғалімдерді жаңа компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етті. Стив Электронды Аралықтар Қорының негізін қалады, Технологиялық Музейге, Силикон Алқабының Балеті мен Сан Хоседегі Жаңалықтар Музейіне демеуші болды. 2014 жылы ол Гувер медалімен – «инженерлердің адамзат пайдасына асырған ерен еңбегі үшін» берілетін марапатпен марапатталды. Сонымен қатар Стив Мануфактурадағы жетістіктері үшін марапатқа лайық деп танылды. Возняк «iWoz – компьютерді ұқпастан Нортон Паблишинг иконасына дейін» автобиографиясының авторы, бұл туынды Нью Йорк Таймс бестселлерлері тізіміне енген. Ол түрлі ТВ бағдарламаларға, Жұлдыздармен бірге билеу, Үлкен Бум Теориясы, Стив Колбертпен Түнгі шоу, Джимми Фаллонмен The Tonight Show тәрізді хабарларға қатысты. 2017 жылы қазан айында Стив Woz U компаниясын құрды.
сессияларға қатысады:
Саммит спикерлерінің толық тізімі
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.