ASTANA ECONOMIC FORUM
Ханс-Пол Бюркнер
BCG Жаһанды Төрағасы
Пол БюркнерThe Boston Consulting Groupдиректоры, төрағасы. Ханс-ПолБюркнер— The Boston Consulting Groupтөрағасы.2003жылдан2012жыл аралығында компания президенті мен бас директоры қызметін атқарған.BCG-те 1981 жылдан бері,Дюссельдорф (1982ж.)пенФранкфуртте(1991ж.)BCGөкілдігінің ашылуына қатысқан. BCG президенті лауазымындағы Еуропаның алғашқы өкілі; осы тағайындалуына дейін қаржылық қызметтер саласында BCG халықаралық сарапшылық тәжірибесін басқарды. 30 жыл бойғы мансабында Ханс-Пол көптеген жетекші халықаралық компаниялармен – BCG клиенттерімен жұмыс істеді. Атап айтқанда, жаңа стратегиялар әзірлеу, қайта құру, жаһандық экспансия бастамалары бойынша жобаларға, сонымен қатар компанияларды іргелі қайта құрылымдастыру жобаларына жетекшілік жасады. Ханс-Пол Бохум университетін бітірген, онда экономиканы, әкімшілендіру мен қытай тілін зерттеген. Сонымен қатар ол Йель университетінде магистр дәрежесін және Оксфорд университетінде Родс стипендиаты ретінде философия докторы дәрежесін алған. Қазір Ханс-Пол Франкфурт, Джакарта, Мәскеу мен эр-Риядтағы кеңселерге жетекшілік етеді. BCG орын тепкен барлық 48 елге жиі сапарға шығудан өзге, компанияның негізгі клиенттері мен жобалық командаларын қолдау мақсатында ол жаһандық және аймақтық конференциялар жұмысына белсене қатысады, олардың ішінде Еуропадағы, Азия мен Африкадағы Дүниежүзілік экономикалық форум, сонымен қатар Қытай даму форумы мен Боао Азия форумы бар. Ханс-Пол сонымен қатар BCG жаңа халықаралық коммерциялық емес қорының әлеуметтік маңызы бар жобалар орталығының төрағасы қызметін атқарады, оның мақсаты – түрлі елдердің үкіметтері мен олардың серіктестеріне қатардағы азаматтардың өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін идеяларды әзірлеп, онымен алмасуға көмектесу. Іскерлік жиырмалықтың (B20) түрлі жұмыс топтарының тең төрағасы ретінде ол G20 мүше елдердің көшбасшыларының кездесуінің күн тәртібін жасау үшін көптеген мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың жұмысын басқарады.
Саммит спикерлерінің толық тізімі
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.