ASTANA ECONOMIC FORUM
Ерболат Досаев
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары
1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. 1987 ж. Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектеп-интернатын аяқтады. Алматы энергетика институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірді. 1997 жылы «БанкТұранӘлем» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарды; 1998 ж.ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды; 1998 ж. ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінің вице-министрі қызметін атқарды; 2000 ж. ҚР қаржы вице-министрі болды; 2001 ж. Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы; 2001–2003 жж. ҚР Табиғи монополияларды реттек, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы қызметін атқарды; 2003–2004 жж. ҚР қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық Қайта құру және даму банкінің басқарушысы; ҚР Ұлттық банкінің Басқарма мүшесі қызметін атқарды; 2004–2006 жж. ҚР денсаулық сақтау министрі болды; 2006–2012 жж. — «ҚазИнвестБанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; 2012 ж. 25 қыркүйекте – ҚР экономикалық даму және сауда министрі. 16 қаңтар 2013 ж. – ҚР экономики және бюджеттік жоспарлау министрі. 2014 ж. 6 тамызда ҚР Президентінің Жарлығымен (№ 880) ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 2015 ж. 30 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен (№ 5) ҚР ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды. 2016–2017 жж – «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басшысы. 2017 жылғы тамыз айынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Саммит спикерлерінің толық тізімі
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.