Андрей Шаронов
"СКОЛКОВО" Мәскеулік басқару мектебінің Президенті
Андрей Шаронов1964 жылы Уфада туған. Уфа авиация институты мен РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген, әлеуметтік ғылымдар кандидаты. 1989-1991жж.КСРО халық депутаты болды, 1996 жылға дейін РФ Жастар ісі комитетін басқарды.1996жылдан2007жж.РФ Экономикалық даму және сауда министрлігінде департамент басшысы, министрдің орынбасары, статс-хатшы болды. 2007 жылдан 2010 ж. аралығында «Тройка Диалог» инвестициялық компаниясы» ЖАҚ басқарушы директоры және директорлар кеңесінің төрағасы болды. Андрей Шаронов «НефтеТрансСервис» басқарушы компаниясы» ЖШҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Совкомфлот» ЖАҚ, «НОВАТЭК» ААҚ, «ФосАгро» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі, ВТБ банкі ЖАҚ Бақылау кеңесіне кіреді. 2010 жылғы 22 желтоқсандағы Мәскеу мэрінің жарлығымен Мәскеу Үкіметінде экономикалық саясат мәселелері бойынша мэр орынбасары болып тағайындалды, бюджетті қалыптастыру, мемлекеттік сатып алулар, өнеркәсіп және кәсіпкерлік қызметті қолдау саясаты мәселелеріне жетекшілік етті, сауда және қызмет көрсету нарығын реттеумен айналысты. Аймақтық энергетикалық комиссия төрағасы болды. «Мәскеу кенттендіру форумы» ДКЕҰ Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары. Андрей Шаронов 2009 жылы «Тәуелсіз директор» аталымы бойынша «Аристос» сыйлығының лауреаты, 2016 жылы «Басқарушылық білім беру ісінде сіңірген еңбегі үшін» арнайы жүлдесін алды, «Тәуелсіз директор» атылымы бойынша «Жыл директоры - 2009» Ұлттық сыйлығының және «Іскерлік абырой» аталымында «Жыл тұлғасы-2012» халықаралық сыйлығының иегері, 2016 жылы Тәуелсіз директорлар ассоциациясынан және Ресей өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағынан «Тәуелсіз директорлар институтын дамытуға қосқан үлесі» арнайы сыйлығын алды. Құрмет Орденімен, РФ Президентінің алғысымен марапатталған, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген экономисі.
сессияларға қатысады:
Саммит спикерлерінің толық тізімі
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.