Зерттеу

AEF 2018 Global Challenges Summit форумда премьерге адамзаттың жаһандық сын-тегеуіріндер күн тәртібін қабылдауына арналған форумның бірегей халықаралық зерттеуін ұсынады. Mapping The Global Challenges Agenda аясында дүниежүзілік дамудың 90 басты сын-тегеуіріндері сарапталды, олар бес кластер бойынша топтастырылды: экономика, геосаясат, технологиялар, экология және әлеуметтік тәуекелдер. Бұл теңдессіз сараптама әдістемесі ауқымды лингвистикалық деректерді интеллектуалды машина арқылы өңдеу технологиясына негізделген. Зерттеу аясында соңғы жылда әлемнің 140 елінде 30 000 медиада жарық көрген 127 миллионға жуық мәтінге сараптама жасалған.

Зерттеу құрлықтар, мегааймақтар мен елдер арасындағы жаһандық дамудың басты сын-тегеуіріндерін қабылдауда едәуір айырмашылық барын анықтады. Егер дамушы әлемдегі аймақтар бар назарын негізінен өзекті экономикалық және әлеуметтік сын-тегеуіріндерге аударса, дамыған елдер ғаламшардың тұрақты дамуына қатысты күн тәртібіне көбірек алаңдаушылық білдіреді. Бүгіннің өзінде цифрлық экономика шынайылығын бастан кешіп жатқан бір елдер үшін маңызды қауіп-қатерлер қатарына киберқауіпсіздік проблематикасы кіреді, ал басқалар үшін маңызды тәуекел жұмыссыздық болып қалып отыр. Егер Еуропа мен Солтүстік Американың күн тәртібінде ауқымды миграция мен террористік қауіп-қатерлер проблемалары өзекті болса, дамушы елдер үшін негізгі энергетикалық және көлік инфрақұрылымының қолжетімсіздігі салмақтырақ мәселе болып табылады. Ғаламшар үшін бірыңғайға айналған жаһандық сын-тегеуіріндер әлемі ғаламшар проблемаларын қабылдауда ала-құла әлеуметтік көрініс береді. Форумда Mapping The Global Challenges Agenda зерттеу қорытындыларын талқылауға шақырамыз.

ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.