Бағдарлама

07:00-8:30
АХҚО (шақырту бойынша)іскерлік таңғы асы
09:00-10:00
Тіркелу
11:00-12:30
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС
12:30-13:30
Форум қатысушыларына арналған түскі ас/ Компаниялардан жеке түстік астар
09:00 - 10:30
Жаһандық экономикадағы жаңа норма: сауда соғыстары және қолдаушылық
Партнер сессии: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
Конгресс-орталық 2-ші зал

Жаһандық экономикадағы жаңа норма: сауда соғыстары және қолдаушылық  

Ұйымдастырушылар: Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитет

Бүгінгі күні заманауи әлемдік экономика негізделген үстем либералдық тәртіптен оған қарағанда популистік, протекционистік және ұлтшылдық платформаға өту жүріп жатыр. Экономикалық тұрғыдан алсақ, бұл көп жағдайда ғаламдық сауда саясатының, драйвері ретінде әлемдік сауда орын алған гипер-жаһанданудың отыз жылдық дерлік кезеңінен кейінгі   қайта теңгерілуімен сипатталады. Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және ғаламдық сауда жүйесі салмақты соққыға тап болды, ДСҰ тиімді үйлестіруші және әлемдік сауданың төрешісі ретіндегі болашағы қазіргі уақыттазор емес және оның қызметіне сауда соғыстары мен протекционизм кедергі келтіреді.

Талқыланатын мәселелер:

  • Жалғасып келе жатқан сауда соғысы 2019 жылы ғаламдық экономикаға қалай әсер етеді?
  • Ғаламдық экономиканының қайта теңгерілімінде жаңа ойыншылар қатыса ма?
  • Сауда соғысының келеңсіз әсеріне түспеу үшін мемлекеттер қандай стратегияларды таңдауы керек?
  • Мультилатерализм (көп тараптылық) үшін альянс құру қаншалықты мүмкін?
  • Қазақстанның 2020 жылы ДСҰ министрлік кездесуін жоспарлауына қатысты қандай реформалар қажет?
  • Қандай мемлекеттер өздерінің ішкі өсім қозғалтқыштарын, оның ішінде тұтыну мен инвестицияларын күшейтіп, сыртқы нарықтардан тәуелділігін төмендетуі керек?

Модератор:

  • Хеннинг Вопель -Гамбург халықаралық экономика институтының директоры

Спикерлер:

  • Джеймс Бахус - Ғаламдық мәселелр жөніндегі Университеттің еңбек сіңірген профессоры, Орталық Флоридадағы Университеттің Ғаламдық экономикалық және экологиялық мүмкіндіктер орталығының директоры, Дүниежүзілік сауда ұйымының Апелляциялық органының бұрыңғы төрағасы, Құрама Штаттар Конгресінің бұрыңғы мүшесі
  • Энн Крюгер - Johns Hopkins Халықаралық экономика профессоры, Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директорының бұрыңғы бірінші орынбасары және Дүниежүзілік банктің бас экономисті
  • Сергей Глазьев – Ресей Федерациясы президентінің кеңесшісі
  • Монтек Сингх Ахлувалия -профессор, Үндінің жоспарық комиссиясы төрағасының бұрыңғы орынбасары

 

09:00 - 11:45
Қазақстан: ЭЫДҰ-ның елдік шолуы
Партнер сессии: ЭЫДҰ
Конгресс-орталық 4-ші зал

Қазақстан: ЭЫДҰ-ның елдік шолуы

Ұйымдастырушылар: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), ЭЫДҰ Халықаралық көлік форумы, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Бірлесіп ұйымдастырушы: «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) 1948 жылы құрылды. Штаб-пәтері Парижде (Франция) орналасқан. 2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бас хатшы Хосе Анхель Гурриа Тревиньо болып табылады. ЭЫДҰ-ның негізгі мақсаты тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмірлік деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу болып табылады. Қазақстанның ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылы 2008 жылы Орталық Азияның, Кавказдың және Шығыс Еуропаның 13 елінен тұратын Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы шеңберінде басталды. Бүгінгі күні елдің ұйыммен ынтымақтастығы Қазақстан Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде жүргізілуде.

Қазіргі уақытта ЭЫДҰ Қазақстан мен Орталық Азия бойынша екі жарияланым жұмысын аяқтауда. «Going for Growth in Kazakhstan» тұсаукесері шеңберінде ЭЫДҰ тарапынан «Тауарлар мен қызметтер нарықтарын реттеуге шолу (PMR)» жобасының нәтижелері көрсетіледі. «Enhancing Regional Connectivity in Central Asia» тұсаукесері шеңберінде ЭЫДҰ Халықаралық көлік форумы тарапынан «Қосымша құнның жергілікті тізбектерін оңтайландыру» жобасының нәтижелері көрсетіледі.

Сессия осы жұмыстарды ЭЫДҰ-ның өңірмен ынтымақтастығын кеңейтудегі Қазақстанның рөліне баса назар аудара отырып, ЭЫДҰ мен Қазақстан ынтымақтастығының кең контекстінде ұсынуға мүмкіндік береді.

Модератор:

  • Уильям Томпсон –Еуразия құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар хатшылығы

Спикерлер:

  • Андреас Шааль –ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар хатшылығының директоры
  • Роман Скляр -Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
  • Яри Кауппила – ЭЫДҰ сандық саясатты талдау және болжамдау бөлімінің басшысы
  • Руслан Дәленов –Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
  • Алан де Серрес - ЭЫДҰ экономика департаменті директорының орынбасары
09:00 - 10:15
Жасанды интеллект: адамдар, қалалар мен салалар үшін шешімдер
Партнер сессии: ЭЗИ / BCG
Конгресс-орталық 5-ші зал

Жасанды интеллект: адамдар, қалалар мен салалар үшін шешімдер

Ұйымдастырушылар: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, The Boston Consulting Group (BCG)

Онжылдық зерттеулер мен бірлі-жарым пилоттық жобалардан кейін жасанды интеллект (ЖИ) экономикалық өсім тетіктерінің біріне айналды. Компаниялар мен ұйымдар ЖИ-ді ағымдағы және инновациялық процестердің, өнімдер мен қызметтердің кең спектріне табысты қолдана бастады. ЖИ цифрландыру мен үлкен деректермен байланысты қиындықтардың өсіп келе жатқан деңгейінің проблемасын шешу үшін бизнеске маңызды зор.

Бүгінде адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және қалаларды дамыту үшін жасанды интеллект негізінде шешімдерді қолдану әлеуеті айқын. Зияткерлік көлік жүйелері, «ақылды» энергетикалық шешімдер, «ақылды» үйлер инфрақұрылымның тиімділігі мен өткізу қабілетін арттыруға, онымен байланысты шығындарды қысқартуға және адамдардың инфрақұрылымды пайдалануын оңтайландыруға бағытталған. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтер адамдарға медициналық қызметтерге қолжетімділікті жеңілдетуге, ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ету үшін емдеу мен өмір салты бойынша ұсыныстарды дербестеуге қабілетті.

Бірақ, ЖИ технологиясын дамытудағы ғылыми прогресске және осы технологияны күнделікті өмірге енгізуден экономикалық әсерге қарамастан, ЖИ-ден оң әсерді «жоққа» шығара алатын бірқатар күрделі қиындықтар мен тәуекелдер бар.

ЖИ енгізудегі қиындықтар деректерді жинаудан, инфрақұрылымды құрудан және қауіпсіздікті қамтамасыз етуден нормативтік-құқықтық қатынастар мен моральдық-этикалық мәселелерге дейін бірнеше блоктарға бөлінеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Адамдардың игілігі, қалалар мен экономикаларды дамыту үшін жасанды интеллект негізінде шешімдерді қолданудың мүмкіндіктері мен пайдасы қандай?
  • Бұл шешімдер пилоттық енгізулердің шегінен шығып, өмір мен қызметтің күнделікті процестерінің ажырамас бөлігі болуы үшін не істеу қажет?
  • Бұл ретте, бизнесте және саясатта киберқауіпсіздік тәуекелдерін қалай басқаруға болады?
  • Жеке деректерді қорғау және дербестендірілген өнімдер мен сервистерді алу құқығын сақтау арасында оңтайлы теңгерім қайда?
  • ЖИ және тиісті инфрақұрылымның тұрақты модельдік және оңтайландыру тетіктерін әзірлеуді қалай ұйымдастыру керек?

Модератор:

  • Андреас Лундмарк, BCG серіктесі және басқарушы директоры, Солтүстік Еуропадағы BCG Gamma басшысы

Спикерлер:

  • Ина Ванка, Artificial Intelligence Governance компаниясының негізін қалаушы және басшысы
  • Джин Ук Ли, Samsung Electronics вице-президенті және Ресейдегі Samsung зерттеушілік институтының бас директоры, BCG Gamma өкілі
  • Қазақстан бизнесінің өкілі
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі  
09:00 - 11:45
Тұрақты даму мақсаттары бойынша бірінші қазақстандық Форум
Партнер сессии: БҰҰ / АДБ
Конгресс-орталығы, Пленарлық отырыстардың негізгі залы

Тұрақты даму мақсаттары бойынша бірінші қазақстандық Форум      

Ұйымдастырушылар:ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Экономикалық зерттеулер институты, БҰҰ агенттіктері, Азиаттық даму банкі

2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2030 жылға дейінгі кезеңге тұрақты даму саласындағы Күн тәртібін қабылдады, оның ішіне тұрақты даму саласының17 мақсаты (ТДМ) енгізілді. БҰҰ басқа мүше-мемлекеттері сияқты Қазақстан да өзінің қазіргі және болашақ ұрпағы үшін тұрақты даму жетістігін қамтамасыз ету міндеттемесін қабылдады. 2018 жылы БҰҰ агенттігінің және Азиаттық даму банкінің көмегімен Қазақстан 2030 жылға ТДМ мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге ықпал етудің институттық архитектурасын енгізді, сонымен қатар Үйлестіруші кеңес, бес жұмыс тобы (адамдар, ғаламшар, өркендеу, бейбітшілік, серіктестік) және үйлестіру кеңсесі құрылды. Қазақстанның ТДМ саласындағы Ұлттық тәсілдемесі және жетістіктері 2019 жылғы шілдеде БҰҰ Ассамблеясының жоғарғы деңгейлі Саяси форумында Ерікті ұлттық есеп беру түрінде ұсынылатын болады. ТДМ жетудегі алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені зерттеу үшін Қазақстанға Үкімет пен халықаралық сарапшылар арасындағы белсенді серіктестік пен тәжірибемен алмасу шаралары қажет. «ТДМ жету бойынша алғашқы қазақстандық форум» Үкімет, іскерлік орталарының сарапшыларын, даму бойынша серіктестерді және тұрақты дамуға ықпал ететін танымал тұлғаларды бір алаңға жинайды. Спикерлер ТДМ күн тәртібіндегі өрлеуге жету мақсатындағы Қазақстанға арналған тәжірибелік шешімдерді ұсынады. Бұл іс-шараның басты назарында алты Мақсат тұр, олар 2019 жылғы жоғарғы деңгейдегі Саяси форум алаңында талқыланатын болады(4 ТДМ: Сапалы білім; 8 ТДМ: Лайықты жұмыс және экономикалық өсім; 10 ТДМ: Теңсіздікті азайту; 13 ТДМ: Климаттың өзгеруімен күрес; 16 ТДМ: Сот әділдігі және тиімді институттар; және 17 ТДМ: Мақсаттарға жетудегі серіктестік).

Талқыланатын мәселелер:

Әлеуметтік даму

  • Қазақстан үшін 2030 жылы ТДМ жетудің аса маңызды салалары қандай?
  • Үкіметтер мен халықаралық ұйымдар ТДМ қалай қаржыландыра алады?
  • Қазақстанда немесе Орталық Азияның басқа мемлекеттерінде ТДМ бизнесі үшін негізгі мүмкіндіктер қай жерде?
  • Қай салаларда сіз Мақсаттар арасындағы синергияны көресіз?
  • Қазақстандағы ТДМ шеттеудің негізгі мәселелері қандай?
  • ТДМ қай салалары Орталық Азияда өңірлендіріле алады?
  • ТДМ насихаттау маңызды ма?
  • Қазақстанның даму стратегиясында ешкімді артта қалдырмау қаншалықты маңызды?

Экономикалық өсім

  • Әлеуметтік дамудың ұзақмерзімді стратегияларында ТДМ қалай бейнеленеді?
  • Әлеуметтік дамудағы ТДМ үлесін анықтау үшін аса маңызды көрсеткіштер қандай?
  • Тұрақты бизнес әлеуметтік дамуға қалай ықпал етеді?
  • ТДМ жүзеге асыруға қатысатын және әлеуметтік дамуға ықпал ететін нақты бизнес үлгісін сипаттай аласыз ба?
  • ТДМ жүзеге асыруға қатысатын және әлеуметтік дамуға ықпал ететін бизнесті инвестициялау қаншалықты пайдалы?

Құттықтау сөз:

  • Гульшара Абдыкаликова –ҚР премьер-министрінің орынбасары

1-сессия. Әлеуметтік дамуға ТДМ қалай ықпал етеді?

Модератор:

  • ДжеффриСакс -профессор, Earth Institute, Columbia University

Спикерлер:

  • Охуд Аль-Руми–БАӘ бақыт министрі
  • Мирьяна Сполярич Эггер ханым– БҰҰДБОрталық Азия бойынша өңірлік директоры
  • Айдын Рахимбаев - “BIGroup” директорлар кеңесінің төрағасы және холдинг акционері
  • Алла Мурабитханым-БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) елшісі
  • Самал Ислямова -актриса, 71-ші Халықаралық Канн кинофестивалінің «Үздік әйел рөлі» номинациясының жүлде иегері

2-сессия. Тұрақты экономикалық дамуға ТДМ қалай ықпал етеді?

Модератор:

  • Рахим Ошақбаев - «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, Астана, Қазақстан

Спикерлер:

  • Мадина Жунусбекова –ҚР Ұлттық экономика вице-министрі
  • Карин Слуис - Witteveen + BOSбас директоры, ТДМ бейілділігі үшін СЕО 2018 жылғы Еуропалық жүлде иегері
  • Шиксин Чен–Азиаттық даму банкінің (АДБ) вице-президенті
  • Жак Аттали -француз экономисті, жазушы және саяси қайраткер
  • Динара Сейтжапарова -қаржы директоры, Алматы Халықаралық әуежайы
09:00 - 10:15
Жаһандық Жібек Жолы - қала әкімдерінің Форумы
Партнер сессии: G-global
Конгресс-орталық 1-ші зал

Жаһандық Жібек Жолы - қала әкімдерінің Форумы

Ұйымдастырушылар: G-Global Халықаралық Хатшылығы, Eurasian Resources Group (ERG), “Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы” Қауымдастығы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жібек Жолының Халықаралық ғылым академиясы, “Ғаламдық Жібек Жолы” Қауымдастығы

Бірлесіп ұйымдастырушылар: Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты, BBC, АХҚО, Жібек ЖолыныңСӨП, China Overseas Development Association, JUMORE GROUP, Silk Road Chamber of International Commerce, “Techgarden” Автономдық кластерлік қоры, China Chamber of International Commerce,Жібек Жолы мемлекеттері қалаларының альянсы

Ұлы Жібек жолы көптеген ғасырлар бойы әртүрлі халықты жақындастырды. Бұл идеялармен және біліммен алмасу, тілдер мен мәдениеттерді өзара байыту арқылы білінді. Ұлы Жібек жолының тарихы – бұл Шығыс пен Батыс халықтарының арасындағы кең мәдени өзара әрекеттестік пен өзара алмасудың тарихы. Ол тығыз ынтымақтастық және мәдениеттерді өзара байыту ғана бүкіл адамзат үшін бейбітшілік пен өркендеудің негізі болып табылатынын дәлелдейді.

Жібек жолы мемлекеттері қалаларының мэрлері форумы Global Silk Road өркендеудің жаңа сапасын қалыптастыру және өңірлерді/қалаларды дамыту мақсатында қалалар мен үкіметтердің көшбасшыларын, салалық сарапшыларды біріктірген бірегей платформа болып табылады.

Форумды өткізу мақсаты: Жібек жолы мемлекеттерінің халықтарын бизнес және экономика, мәдениет және өнер, ғылым және білім, туризм және демалыс, әдебиет және БАҚ, әйелдер, Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) және халықаралық ұйымдар бағыттары бойынша біріктіру.

Талқыланатын мәселелер:

  • Жібек Жолы мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығы
  • Жібек Жолының көлік-логистикалық хабын қалыптастыру бойынша бірлескен күш
  • “Бір белбеу – бір жол” жобасының имплементациясы (іске қосу)
  • “Цифрлық жібек жолы” жобасы
  • Қалалық туризм және сауданы дамыту
  • Қалалардың экологиясы
  • Кіші және орта бизнесті дамыту
  • Smart-city технологиялары

Модератор:

  • Сергей Становкин- BBC World News өңірлік кеңселерінің Еуразиядағы басшысы

 Спикерлер:

  • Құттықтау сөз: ҚР Үкіметі
  • Ульфат Мустафин–қалалық округ әкімшілігінің басшысы, Уфа қаласы (Башқұртстан Республикасы)
  • Михаил Кылварт- Қалалық кеңес төрағасы, Таллин қ. (Эстония)
  • Ильян Тодоров-София облысының губернаторы (Болгария)
  • Ванджуш Дако- Дуррес қ. мэрі (Албания)
  • Кетеван Бочорошвили- “Анаклия” бас директоры
  • Жюльен Варфай- Дюррес қ. мэрінің орынбасары (Албания)
  • Вадим Ойкин–Саратов облысының Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары (Ресей)
  • Валлоп Суванди - Бангок қ. мэрінің кеңесшісі
  • Игорь Шпектор - Воркута қалалық округінің мэрі
  • Жольт Винтермантель- IV АуданУйпешт мэрі, Будапешт (Венгрия)
  • СергейЧеремин–Мәскеу Үкіметінің министрі, Мәскеу қаласының сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің жетекшісі
  • Фан Вей- Ляньюньган қ. мэрі
  • Нұртай Абыкаев–Жібек Жолы Халықаралық ғылым академиясының бірінші вице-президенті
  • Қайрат Келімбетов–АХҚО басқарушысы
  • Серік Нугербеков –G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы
  • Джонии Хон- Global Group International Holdings Ltd негізін қалаушы және атқарушы төрағасы.
  • Раймонд Ип -Гонконгтың Сауданы дамыту жөніндегі кеңесінің атқарушы директорының орынбасары
  • Мохамед Мезгани–Халықаралық қоғамдық көлік одағының бас хатшысы
  • Марк Узан- Бреттон-Вудстың Жаңарту жөніндегі комитетінің атқарушы директоры
  • Люй Цзяньчжун–Жібек Жолы Халықаралық сауда палатасының төрағасы
  • Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО Соты аппаратының және Халықаралық арбитраждық орталықтың тіркеушісі және басшысы
  • Моника Фролер- Ғаламдық азаматтарға арналған Пан Ги Мун Орталығының бас директоры
  • Цуй Вэйхун–Жібек Жолы Халықаралық ғылым академиясы Комитетінің атқарушы бас хатшысы
  • Игорь Рунов–Халықаралық автомобиль көлігі одағының бас хатшысы (IRU)
  • Ханон Барабанер - эстон экономисті, Экономика және даму институтының ректоры — ECOMEN, Таллиннің құрметті азаматы
  • Санжар Кеттебеков - TechGarden Автономдық кластерлік қордыңбас директоры
  • Рони Том Андреас - Ducatus бас директоры
  • Шиф Хемка- Sun Groupбас директоры
  • МаркГинзбург- “Bank of memories”бас директоры,TEDx speaker
  • ДэвидЧен–алғашқы роботгуманоидСофияны жасаушы, Hanson Robotics негізін қалаушылардың бірі
  • АлександрМашкевич- Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастықтың президенті, «Eurasian Natural Resources Corporation PLS» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы
  • ЮйЦзянлун–Қытай халықаралық сауда палатасының бас хатшысы
  • Бернд Халлиер - профессор, доктор, Еуразиялық сауда институтының бас директоры
  • Галимкаир Мутанов –Әл-Фараби ҚазҰУ ректоры
  • Зейнолла Уразбаев – Қазақ бизнес және технологиялар университетінің ректоры
  • Кобогон Атышев - G-Global Үйлестіруші кеңесінің мүшесі
  • Михайл Корб - Эстонияның билеуші Центристтік партиясының бас хатшысы
  • Рафис Абазов -Әл-Фараби ҚазҰУ проректоры, Пан Ги-Мун атындағы Тұрақты даму институтының директоры
09:00 - 10:15
Ақылды қалалар сандық жүйедегі экономика негізі ретінде
Партнер сессии: "Қазақтелеком" АҚ
Конгресс-орталық 3-ші зал

Ақылды қалалар сандық жүйедегі экономика негізі ретінде 

Ұйымдастырушылар: «Қазақтелеком» АҚ

Қазіргі заманғы қалалар жер тұрғындары үшін тартылыс орталықтары және өмірдің барлық салаларында ілгерілеудің локомотиві болып табылады. Ақылды қалалардың тұжырымдамасы талқылаудың жалпы тақырыбы және нарықтық ойыншылар мен қоғамдық институттар кооперациясының жаңа аймағы ретінде қарастырылады. Қалалардың инфрақұрылымымен цифрлық технологияларды ықпалдастыру жоғары технологиялық бизнесті оқшаулай отырып, инвестициялардың мәртебесін арттыруға және тартуға мүмкіндік береді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «ақылды қалалардың» үлгілік тұжырымадамасы әзірленді, ол Қазақстанның бес ірі қаласында іске асырылады. Бұл Smart Astana, Smart Karaganda, Smart Ontystuk, Smart Almaty, Smart Aktobe секілді жобалар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ақылдықалалартұжырымдамасыніскеасырутехнологиялары
  • Ақылды қалалардың инфрақұрылымы
  • Ақылды технологияларды енгізудің экономикаға және мегаполистерді дамытуға әсері
  • Қазақстан қалаларында қолдану әлеуеті
  • Кейстер және шетелдік тәжірибелер

 Модератор:

  • Роман Саввин - IoT желістерінің өндірісі мен оларды қолдау саласындағы әлемдегі ірі компанияның өкілі, Actility

Спикерлер:

  • Александр Горбатько -Мәскеу қаласының Ақпараттық технологиялар департаменті басшысының орынбасары, байланыс және телехабар тарату саласының дамуына, «Ақпараттық қала» бағдарламасын әзірлеу мен іске асыруға және ақпараттық технологияларды дамытудың басқа да мәселелеріне жауап береді.
  • Геворк Вермишя - «МегаФон» бас директоры
  • Куанышбек Есекеев -«Қазақтелеком» АҚ қазақстандық мультисервистік операторы басқармасының төрағасы
  • Себастьян Толстой -Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі Ericsson президенті
  • Ірі қала (Астана, Алматы, Шымкент) әкімдерінің бірі
09:00 - 10:15
Қолжетімді тұрғын үйдің қазіргі заманға лайық экожүйесін жасаудағы мемлекетттің рөлі
Партнер сессии: Бәйтерек
Hilton Astana Hall

Қолжетімді тұрғын үйдің қазіргі заманға лайық экожүйесін жасаудағы мемлекетттің рөлі 

Ұйымдастырушылар: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, құрылыстың жаңа әдістерін, қазіргі заманғы материалдарды, жаппай құрылыс салуды жоспарлаудағы қағидаттар тұрғысынан өзге де тәсілдерді қолдану маңызды. Қазіргі заманғы технологияларды енгізу, тұрғын үй құрылысын әртүрлі рекреациялық және әлеуметтік жайлылықтармен сапалы өмір сүру ортасына айналдыру, нәтижесінде тұрғын үйдің халық үшін қолжетімділігін арттырады және тұру үшін қолайлы орта жасайды.

Қолжетімді баспананың заманауи экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі маңызды. Көптеген елдердің үкіметтері әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп дәстүрлі проблемаларды (тұрғын үй тапшылығы, аумақтардың бақыланбайтын өсімі, қолайсыз аудандар, коммуникациялар мен әлеуметтік объектілерді уақтылы жеткізбеу), сондай-ақ экологиялық тұрақтылық пен инновацияларға байланысты жаңа мәселелерді шешудің түрлі тәсілдерін іздестіруде.

Қазақстан Республикасында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, оның аясында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тұрғын үй құрылысы нарығында сұраныс пен ұсынысты ынталандыруда. Бұл ретте, бірыңғай мемлекеттік оператор халық үшін барлық қажетті игіліктермен жаппай тұрғын үй құрылысын кешенді түрде іске асыратын Сингапур, Түркия және Оңтүстік Корея сияқты елдер тәжірибесі үлгі тұтарлық.

Нәтижесінде орнықты және жан-жақты қамтитын қалалық экономиканы құру, тұрғын үй құрылысын қолжетімді тұрғын үйдің қазіргі заманғы экожүйесіне трансформациялау нәтижелі жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмыс істеуге, жұмыс орындарын құруға және халық үшін экономикалық және өндірістік ресурстар мен мүмкіндіктерге тең қол жеткізуге көмектесетін болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мемлекеттің халық үшін қолжетімді тұрғын үйдің қазіргі заманғы экожүйесін құрудағы рөлі
  • Заманауи технологияларды қолданумен қала құрылысы шешімдері және құрылыс саласын цифрландыру
  • «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тұрғын үй блогын (Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры) шетел тәжірибелерінің үздік тәжірибесін ескере отырып, тұрғын үй құрылысы жөніндегі бірыңғай операторға трансформациялау

Модератор:

  • Жақсыбек Күлекеев – Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының сарапшысы

Спикерлер:

  • Роман Скляр - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
  • Әнуар Омарходжаев – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
  • Ли Чае Кванг – Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру корпорациясының (KoreaHousing & Urban Guarantee Corporation) директоры
  • Йап Чин Бенг – Сингапурдың Тұрғын үй құрылысы және даму кеңесінің аға кеңесшісі
  • Чарльз Пхуа – SolarisStrategiesSingapore бас директоры және негізгі стратегиялық директоры
09:00 - 13:15
Дүниежүзілік сауда ұйымының еркін экономикалық аймақтар бойынша аймақтық форумы
Партнер сессии: ҚР ҚМ
Rixos President Astana Hotel

Дүниежүзілік сауда ұйымының еркін экономикалық аймақтар бойынша аймақтық форумы

Организатор:Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бірлесіп ұйымдастырушылар: Дүниежүзілік кедендік ұйым, Жапонияның кедендік қызметі, USAID

Қазақстанның кедендік қызметі сауда рәсімдерін оңайлату және тиімді кедендік бақылау бойынша, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) басқарусекілді маңызды салада шаралар қолданады. АЭА-ны басқару және реттеу саласы кедендегі жұмыстың маңызды бағыты болып табылады, себебі көрсетілген аймақтар экономиканы дамытуға көп салалы тәсілді қолданады, ішкі және сыртқы нарықтарға шоғырланады. Олар инфрақұрылымды, салықтық және кедендік жеңілдіктер мен едәуір жеңілдетілген әкімшілік рәсімдерді қоса алғанда, көптеген оңайлатуларды ұсынады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағында 12 АЭА жұмыс істейді (оның ішінде 1 порттық, 1 логистикалық, 1 – ЕЭА, оның шектері экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келеді). Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы АЭА тиімді басқару және кедендік әкімшілік ету жөніндегі табысты елдердің тәжірибесін зерттеуге мүдделі.

ДКедҰ-ға мүше елдердің кедендік қызметтерін, халықаралық ұйымдарды, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерін шақыра отырып, халықаралық іс-шараны өткізу тек Қазақстан мен Еуропа өңірінде ғана емес, сонымен қатар ДКедҰ-ның басқа өңірлерінде де АЭА-ны табысты реттеуде және басқаруда әрі қарай және тиімді серпін береді.Тәжірибе алмасу сауда рәсімдерін оңайлатудың қазіргі заманғы құралдарын дамытуда, шығын тәуекелдерін азайтуға және, нәтижесінде, салалар мен көрсетілген аймақтарда орналасқан өңірлердің инфрақұрылымдық және экономикалық дамуы бойынша күтілетін мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • АЭА кедендік басқарудың халықаралық тәжірибесі
  • АЭА аумағында кедендік басқаруды жүзеге асыру кезіндегі проблемалар
  • АЭА аумағындағы бонды қоймаларға арналған кедендік басқару тәжірибесі

 

Модератор:

  • Марат Сұлтанғазиев – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
  • Герман де Мело Понсе – Еуропалық комиссияның Кедендік заңнама департаментінің өкілі
  • ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департаменттер директорлары
  • ДКедҰ аккредиттелген сарапшылары
  • Еуразиялық экономикалық комиссияның және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері

Спикерлер:

  • Виктар Зубик – Гомельдің кедендік операциялар және кеденді бақылау басқармасының басшысы (Беларусь)
  • Йоу Чиянхуи – Еркін сауда аймақтарының және арнайы кедендік аймақтар департаментінің аға қызметкері (Қытай)
  • Сародж Кумар Бехера – Үндістан кедендік қызметінің аға директоры
  • Нур Изза Касым - Малайзия кеденінің аға офицері
  • Хун Лип Гох – Сингапурдың саясат және кедендік қызметті зерттеудің басшысы
  • Сау Фунг Ли – аффилирленген филиал басшысының орынбасары (Сингапур)
  • Малика Ирен Суганти Джеймс – кеденнің аға офицері (Шри-Ланка)
  • Кристофер Эдвардс – Орталық Азия бойынша ЮСАИД өңірлік директоры

Келесілердің қатысуы пысықталуда:

  • шақырылған елдердің (Гонконг, Италия, Қытай, Польша, Ресей, Сербия, Таиланд, Түркия, Еуропалық комиссия, Еуразиялық экономикалық комиссия, Дүниежүзілік Банк, Халықаралық коммерциялық палата) кедендік, салықтық департаменттерінің және басқа да әкімшіліктерінің директорлары
10:30 - 11:45
Жібек жолы елдеріндегі кәсіпкерлікті дамыту: қиындықтар мен оларды шешу жолдары
Партнер сессии: "Жаһандық Жібек жолы" Ассоциациясы
Hilton Astana Hall

Жібек жолы елдеріндегі кәсіпкерлікті дамыту: қиындықтар мен оларды шешу жолдары 

Ұйымдастырушылар: “Жаһандық Жібек жолы” халықаралық ұйымы, «Жібек жолы» Халықаралық логистика және бизнес институты

Қазақстан өзін Еуразия жүрегінде орналасқан логистикалық хаб ретінде көрсетіп, Қытай, Шығыс Еуропа мен Азия арасында транзиттік жол ашады. Қазақстанның алдына ел арқылы өтетін транзиттік дәліздерді дамыту жөнінде нақты міндеттер қойылды. Іс-шарада Жібек жолы елдеріндегі кәсіпкерлікті тұрақты дамытудың өзекті мәселелері, экономикалық әріптестік және ең бастысы — көлік-логистикалық инфрақұрылымның ішкі мәселелерін шешу, саланы реттеуді оңтайландыру, кедендік әкімшілендіру мәселелері талқыланады. Бұл өңіраралық жүк тасымалының қарқынды өсуіне алып келеді, теңізге шыға алмайтын өңірлердің, сондай-ақ бүкіл Орталық Азияның логистикалық позициясын жақсартады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сауда мәселелері. Жібек жолы елдеріндегі кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту үшін қажетті жағдайлар: экономикалық, саяси және еркін бәсекелестік
  • Экспортты ынталандыру: салықтық жеңілдіктер: субсидиялар, жеңілдік кредиттері, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуде көмек, тікелей шетелдік инвестицияларды ынталандыру
  • Жібек жолы елдеріндегі бизнес үшін әкімшілік кедергілерді төмендету жолдары

 Модератор:

  • Ерхат Ісқалиев - “Жібек жолы” Халықаралық логистика және бизнес институты» қамқоршылық кеңесінің мүшесі, "Атамекен" ҰКП көліктік логистиканың кіші комитеті төрағасы, "KAZLOGISTICS" Қазақстандық көлік иеленушілер одағы президиумының мүшесі, «Жаһандық Жібек жолы» қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары

Спикерлер:

  • Болат Смағұлов –“Жаһандық Жібек жолы” халықаралық ұйымының төрағасы
  • Құралай Канахина –Қазақстанның сыртқы-саяси палатасы өкілі
  • Лео Ву –Қытай ұлттық көлік құралдарының импорты және экспорты корпорациясының бас директоры
  • Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз және Италия елдерінің Сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілі
  • USAID өкілі
10:30 - 11:45
Орталық Азия мен Қазақстанда тұрақты "жасыл" өсуді қамтамасыз етуде халықаралық ынтымақтастықты дамыту
Партнер сессии: G-global
Конгресс-орталық 1-ші зал

Орталық Азия мен Қазақстанда тұрақты "жасыл" өсуді қамтамасыз етуде халықаралық ынтымақтастықты дамыту

Ұйымдастырушылар: G-Global Халықаралық хатшылығы, Халықаралық «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, G-Global «жасыл» экономика және даму коалициясы, ҚР Энергетика министрлігі,Қазақстан Республикасының экологиялық ұйымдар қауымдастығы

Қазіргі уақытта әлемнің барлық мемлекеттері тұрақты даму жолымен жүруге талаптанады.

Тұрақты дамудың негізгі құралы жасыл экономика болып табылады, яғни өндіріспен, ұзақ мерзімді болашақта адамның ахуалын жақсартуғабағытталған, алайда болашақ ұрпаққа айтарлықтай экологиялық тәуекел қатерлер немесе экологиялық тапшылық әкелмейтін, тауарлар мен қызметтерді дайындау және пайдаланумен байланысты экономикалық қызмет түрлерінің жүйесі. «Жасыл» экономикаға бағыттану көміртектік және экологиялық ысырапшыл технологияның орнына келген, жаңа технологиялық салттың бастамасы болды.«Жасыл экономика» тұжырымдамасы тұрақты дамудың үш – экономикалық, әлеуметтік және экологиялық - компоненттерінің өзара бір-бірімен кешенді байланысуын және үйлесімді қиысуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте «жасыл» экономика моделі тұрақты даму моделін жоймайды, оны тек қана толықтырады.

Талқыланатын мәселелер:

  • «Жасыл» бизнестің жаңа салалары және тұрақты «жасыл» экономиканың өсуіне өту мақсатында құқықтық, экономикалық және институтционалдық шарттарды құру үшін мемлекеттік және халықаралық саясаттың реформалары
  • Таза технологияларды табыстау механизмдері, «жасыл» экономикаға өту және ортақ экожүйелерді сақтауға қатысты бірлескен инвестициялар және көрсетім жобалары
  • «Жасыл» экономика стандарттары
  • Тұрақты энергетика, оның қолжетімділігі және тиімділігі
  • Климаттың өзгеруіне және табиғи апаттарға бейімделу
  • Энергияның тұрақты көздеріне қол жеткізу, жаңғырмалы энергия көздерін пайдалану, энергияны барлығы үшін әділ және тең қолжетімділік жағдайларында тиімді тұтыну
  • Тұрақты урбанисттік жүйелер «жасыл» құрылыс, «жасыл» инфрақұрылым, антропогендік ортаны жоспарлау үрдістері, оның ішінде «ақылды» қала және табиғатты қорғауды жобалау технологиялары
  • Климаттың өзгеруіне тұрақтылық, климаттық және табиғи апаттар қатерлері тәуекелдерін төмендету, сонымен қатар климаттың өзгеруі салдарына бейімделу, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін және сақтандыруды енгізу.

Модератор:

  • Айдар Казыбаев- «Астана» халықаралық қаржы орталығыәкімшілігінің басқарушы директоры
  • Айгуль Соловьева – «Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы» ЗТБбасқармасының төрайымы, Қазақстан Республикасы ПарламентіМәжілісінің депутаты

Құттықтау сөз

  • Қанат Бозумбаев – ҚР Энергетика министрі
  • Әлия Назарбаева–Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының президиум төрайымы
  • Спикерлер:
  • Пан Ги-Мун –БҰҰ 8-ші бас хатшысы
  • Ирина Бокова - ЮНЕСКО бас директоры (2009-2017)
  • Махмуд Мохиельдин – БҰҰ серіктестік қатынастарды реттеу жөніндегі комитетінің күн тәртібі бойынша 2030 жылға дейінгі даму саласындағы Дүниежүзілік банк тобының бас вице-президенті
  • Рае Квон Чунг - әлемнің Нобель сыйлығы лауреаты
  • Тарек Эмтаира мырза- ЮНИДО Энергия бөлімінің директоры
  • Рапиль Жошыбаев – Халықаралық «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының директоры
  • Салтанат Рахимбекова –Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Коалиция «жасыл» экономиканы және G-Global дамуын қолдайды»ЗТБ басқармасының төрайымы, «Жасыл экономикаға» өту жөніндегі кеңестің мүшесі
  • Қайрат Келімбетов- АХҚО басқарушысы
  • Михаил Юлкин - “Экологиялық жобалар орталығы” Автономдық бейкоммерциялық ұйымның бас директоры
  • Евгений Тесля –РГУД энергиялық тиімділік және тұрақты даму жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары, «БЮРО ТЕХНИКИ» тұрақты даму мәселелері жөніндегі бас директордың орынбасары
  • Гай Имз–Ресейлік экологиялық құрылыс жөніндегі кеңестің төрағасы
  • Рза Нуриев- The Boston Consulting Groupсеріктесі және Орталық Азия мен Каспий өңірлеріндегі басқарушы директоры
10:30 - 11:45
Индустрия 4.0 және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі
Партнер сессии: ҚР ҰЭМ / ЭЗИ / НАТР
Конгресс-орталық 5-ші зал

Индустрия 4.0 және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі

Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ

Төртінші Өнеркәсіптік Революция әлемдік экономиканың барлық құрылымына еңбек өнімділігінен, саудадан және адам капиталының тиімділігінен бастап қоғам құрылымының ықтимал өзгерістеріне дейін және цифрлық трансформация процесіндегі мемлекеттің жаңа рөліне әсер етеді.

Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) өкілдері мен ҚР Үкіметінің мүшелері Төртінші Өнеркәсіптік Революцияның Қазақстан үлгісінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бәсекеге қабілеттілігіне әсері туралы зерттеу жүргізу бойынша бірлескен бастама ұсынды. ДЭФ зерттеулерінің нәтижелері Қазақстанның да, сондай-ақ ЕАЭО-ның да бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сауда саясатын енгізу бағдарламалары үшін негіз ретінде пайдаланылатын болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің бәсекеге қабілеттілігіне жаңа технологиялардың әсері.
  • Төртінші өнеркәсіптік революцияның елдердің бәсекеге қабілеттілігіне әсерін өлшеу.
  • Қазақстанның және басқа да ЕАЭО елдерінің экономикалық саясатын одан әрі жетілдіру үшін зерттеу нәтижелерін пайдалану перспективалары.
  • Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін іске асыру кезінде бәсекеге қабілеттілікті қолдаудағы Қазақстан үшін әлеуетті тәуекелдер.
  • ЕАЭО елдері мен Қазақстан арасындағы барынша әділ экономиканы қолдау жөніндегі ұсыныстар.
  • Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі ЕАЭО елдері мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық үшін басқа да мүмкіндіктер.
  •  

Модератор:

  • Ерлік Қаражан –«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы

Спикерлер:

  • Кеннет Рогофф – Гарвард экономикасының профессоры, ХВҚ бас экономисті (2001-2003)
  • Дмитрий Песков –РФ Президентінің цифрлық және технологиялық даму жөніндегі арнайы өкілі
10:30 - 13:15
Жаһандық конференция: Құбылмалы әлемдегі трансформациялық көшбасшылық
Партнер сессии: МҚІА / МБА
Конгресс-орталық 3-ші зал

Жаһандық конференция:  Құбылмалы әлемдегі трансформациялық көшбасшылық

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Интеграциялық міндеттерді шешуге қабілетті жаңа формация көшбасшыларын даярлау кез келген ұлттық үкімет үшін өзекті күн тәртібі болып табылады. Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек, қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне жауап беру және Қазақстандағы реформалардың фасилитаторы болу үшін оның қандай дағдылары мен қасиеттеріне ие болуы керек – «Өзгеріп тұратын әлемдегі трансформациялық көшбасшылық» атты жаһандық конференцияның негізгі мәселелері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жаңа формация көшбасшыларын қалыптастырудағы жаһандық трендтер

● Көшбасшылықты трансформациялау: кәсіби дағдылардан стратегиялық және цифрлық ойлауға көшу

● Мемлекеттік басқаруды трансформациялау: бизнес процестерді стратегиядан инновациялық мемлекеттік басқаруға дейінгі бағытта реинжинирингтеу

● Қоғамның трансформациясы: ашық сана, азаматтық қоғамның мемлекеттік сектормен белсенді өзара іс-қимыл жасауы, ашық үкімет

Қазіргі заманғы көшбасшының инновациялық мемлекеттік басқаруға арналған дағдылары (практикалық кейс-конференция)

  • Трансформациялық көшбасшылық қағидаттарын интеграциялау (транспаренттілік, сценарийлік жоспарлау, баламалы көрініс)
  • Agile көшбасшылық және мемлекеттік басқару

Модератор:

  • Фатима Жақыпова - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры.

Спикерлер:

  • Әсет Исекешев –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры
  • Алик Шпекбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
  • Датук Крис Тан - PEMANDU Rus LLCбасқарушы директоры
  • Гарегин Манукян – басқару және мемлекеттік әкімшілік мәселелері жөніндегі аға қызметкер, Мемлекеттік мекемелер және цифрлық басқару бөлімі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті
  • Али Себаа Аль Марри – Мухаммед бен Рашид Аль Мактум атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің атқарушы президенті
  • Лим Су Хун – Сингапурдың Қаржы министрлігінің аға кеңесшісі және Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжінің ғылыми аға қызметкері
10:30 - 11:45
"Жаңа экономика және Қазақстанның инвестицияларға қатысты потенциалының ұлғаюы" пленарлық отырысы
Партнер сессии: КазахИнвест - А.У.Мамин, ҚР Премьер-Министрі
The St. Regis Astana
10:45 - 12:15
Дамушы елдерге көзқарас: табыс деңгейі жоғары елдерге көшуді қалай қамтамасыз ету керек
Партнер сессии: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
Конгресс-орталық 2-ші зал

Дамушы елдерге көзқарас: табыс деңгейі жоғары елдерге көшуді қалай қамтамасыз ету керек

Ұйымдастырушылар: Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитет

Соңғы әлемдік қаржылық күйзеліс кезеңінен бері көптеген дамушы нарықтар өте сапалы пруденциялық саясат жүргізді, экономика құрылымдарын бекітті және қолайсыз күйзелістерге қарсы буфер ретінде қаржылық қауіпсіздік жүйелерін құрды. Дегенмен, дамушы нарықтар доллар бағамының өсуіне және халықаралық тәуекелдердің арту қаупіне тәуелді болып қалды. Шетел валютасының жоғары деңгейдегі алыс-берісі, жалғасып келе жатқан қалыптандыру үрдісі, неопротекционизмнің жаңа беталысының ушығуымен бірге дамушы нарықтардың ағымдағы тұрлаусыздығына әкелді.

Дамушы нарықтар көп жағдайда экономикалық жаһандастырудың бенефициарлары болып қалды. Алайда, либералды тәртіп әлемдік экономикада протекционизммен алмасады. Сауда соғыстары, протекционизм, әлемдік экономикадағы тұрлаусыздықтар, энергия тасымалдаушылар бағаларының құбылмалылығы, монетарлық саясатты қалыптандыру, геосаяси тәуекелдер дамушы нарықтардың өсуін баяулатады.

Осы сессия шеңберінде ғаламдық экономиканың, тез өсетін нарықтардың және дамушы елдердің басты құрылымдық тегеуріндері, реформалардың негізгі басымдылықтары мен бағыттары, сонымен қатар реформалар мен өрлеудің тиімді қолданыс жолдары талқыланады.

Талқыланатын мәселелер:

  • Бұл процесстер тез өсетін нарықтардың дамуына қалай әсер етеді, қандай реформалар дамушы нарықтардың тұрақты өсуі үшін бастамашылық ете алады?
  • Экономикасы дамушы елдердің көп мөлшерде АҚШ долларымен белгіленген берешектерінің біршама артуы қаржылық жүйедегі аса ірі тәуекелдік қатер болып табыла ма?
  • Орташа табыс деңгейлі мемлекет табысы өте жоғары мемлекеттер қатарына қалай өте алады және орта табыс тұзағынан қалай құтыла алады? Бұл өзгерістер тек жаңа технологиялар мен 4.0 индустриясының қалыптасуымен ғана мүмкін бола ма?

Модератор:

  • Ханс-ПолБюркнер - The Boston Consulting Group төрағасы

Спикерлер:

  • Массимилиано Кастелли - басқарушы директор, стратегия басшысы, Global Sovereign Markets, UBS Global Asset Management
  • Клаус Мангольд–Rothschild & Co Еуропа елдерінің төраға орынбасарыжәне Rothschild & Co Ресей мен ТМД елдерінің төрағасы, «Байтерек» холдингінің тәуелсіз директоры
  • Хосе Антонио Окампо–Орталық банк кеңесінің мүшесі, Колумбияның бұрыңғы қаржы министрі, БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелері жөніндегі бас хатшысының бұрыңғы орынбасары
  • Ярослав Лисоволик–бас басқарушы директор, Sberbank Investment Research зерттеу бағытының басшысы
  • Хатиб Басри - Мандири Институтының директоры, Индонезияның бұрыңғы қаржы министрі
12:00 - 13:15
Киберспорт ғаламдық сандық экономикадағы сала ретінде. Қазақстанға әлемдік киберспорт нарығына қалай интеграциялануға болады
Партнер сессии: "Қазақтелеком" АҚ
АХҚО

Киберспорт ғаламдық сандық экономикадағы сала ретінде. Қазақстанға әлемдік киберспорт нарығына қалай интеграциялануға болады

Ұйымдастырушылар: «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстандық Киберспорт федерациясы» РҚБ

Киберспорт соңғы уақытта дербес қарқынды дамып келе жатқан сала, сондай-ақ әр түрлі мемлекеттердің сандық экономикалары үшін ниша болды. Қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі болып табылады, онымен мыналар тығыз байланысты: телеком, бейне ойындарды өндіру индустриясы, арнайы жабдықтар мен құрылғылар, онлайн платформалар, ойындарды тікелей эфирде трансляциялау («стриминг» д.а.), жарнама орналастыру және басқа да коммерциялық қызмет түрлері.

Осы себеппен, әлемдік атаулары бар компаниялар (с.і. Intel, HP, Alibaba Group, Adidas, Procter&Gamble, MasterCard, Castrol, Audi, Mercedes, Mail.ru және т.б. сияқтылар) өз тауарлары мен қызметтерін, компания мен жұмыс берушінің имиджін ілгерілету үшін киберспортқа үлкен қызығушылық танытады. 2017 жылы киберспорт нарығы 655 млн.АҚШ долларын құрады, ал 2021 жылға қарай мамандардың болжамы бойынша 1.6 млрд.АҚШ долларынқұрайды, сол уақытта әлемдегі киберспорт аудиториясы шамамен 557 млн. адамға жетуі мүмкін.

Динамикалық өсімге қарамастан, жаһандық дамуды ерте кезеңде деп санауға болатынын ескере отырып, Қазақстанда киберспорттық іс-шараларды өткізу жүйесінің белгілі бір тауашасында, сондай-ақ киберспорттың қаржы инфрақұрылымында көшбасшылық позицияны иелену үшін айтарлықтай мүмкіндіктер бар. Мысал үшін, Қазақстан әкиберспорттық туризмгеә шоғырлануға, Қазақстанның киберспорттың негізгі пәндері бойынша өңірдің киберспорттық астанасы ретінде жылжуы үшін адам және қаржы ресурстарын жіберуге, АХҚО базасында халықаралық киберспорттық арбитражды орналастыру мүмкіндігіне ие. Жергілікті деңгейде жастар арасында танымалдық, жарнама берушілер мен инвесторлар үшін жаппай қамту есебінен коммерцияланатын дербес сала мен танымал спорт түрін құру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, тақырып «Цифрлық Қазақстан» МБ белсенді дамуына, қазіргі кезде киберспорттық тәртіпті ресми мойындауға, өңірлік чемпионаттарды өткізуге, нарықтың мүдделі тараптарының болуына, Экспо базасында Астана Хаб, АХҚО, Astana IT University және т.б. халықаралық алаңдарды дамытуға, сондай-ақ халықаралық іс-шараларды өткізуге дайын инфрақұрылымның болуына байланысты өзекті болып отыр.

Осы пленарлы сессияның міндеті халықаралық қонақтармен экономикалық тараптан, атап айтқанда, киберспорттың жаһандық цифрлық экономикадағы орнын, киберспорт нарығының әлемдік трендтерін, ірі компаниялар мен түрлі мемлекеттердің мүдделілік себептерін, киберспорттың әлемдік нарығына тиімді ықпалдасу проблематикасын және жолдарын талқылау, Қазақстан үшін нақты қорытындылар мен алдағы қадамдарды пысықтау болып табылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әлемдегі спорттың және сала ретінде киберспорттың даму себептері;
  • Ірі компаниялар мен түрлі мемлекеттердің мүдделілік себептері, киберпорт нарығының және аралас салалардың құрылымы;
  • Жаһандық трендтер, негізгі нарық ойыншылары, кейстер және шетелдік тәжірибе;
  • Киберспортты дамытудың ерекшелігі мен кезеңдері – спорттық пән және Қазақстанның цифрлық экономикасының жаңа саласы ретінде;
  • Киберспортты қаржылық институттандыру, нарықтың жергілікті және шетелдік ойыншыларын тарту, спорттың және қазақстандық командалардың жүйелі дамуы, киберспорттық туризм және жаһандық нарыққа кірігу үшін Қазақстанға не қажет?

Модератор:

  • Бауыржан Садиев -«Қазақстандық Киберспорт федерациясы» РҚБдаму жөніндегі директоры

Спикерлер:

  • Эмин Антонян –Ресейдің Компьютерлік спорт федерациясы басқармасының төрағасы
  • Қуанышбек Есекеев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы, «Қазақстандық Киберспорт федерациясы» РҚБ президенті
  • Кеннет К.К. Фок –Азиялық электрондық спорт федерациясының президенті
  • ЧенгВу – Tencent Holdings Limited (инвестициялық компания, әлімдегі ірі Қытай инвестициялық холдингтік компаниясының бір бөлігі)вице-президенті, Tencent Pictures бас директоры, Huayi Tencent Entertainment Company Limited вице-төрағасы
  • Ма Сяои –Tencent Group аға вице-президенті, TJ Sports (киберспорттық бизнес саласындағы қытайлық компания)директорлар кеңесінің мүшесі
  • Николо Лорент –RIOT Games (бейне ойындар индустриясы саласындағы компания, League of Legends әзірлеушісі) бас директоры
  • Джейсон Фанг –Alisports (спорт индустриясында Alibaba Group еншілес компаниясының) электрондық спорт жөніндегі бас директор  
  • Кан Йанг –ImbaTV (қытайлық стримингтік сервис) жаһандық бизнес жөніндегі вице-президенті, MVP оңтүстік-кореялық киберспорттық командасының бас бизнес басшысы (CSGO пәні бойынша)
  • Александр Чегринец –StarLadder турнирлік операторды дамыту жөніндегі директор

 

12:00 - 13:15
Болашақ климатын қаржыландыруға арналған механизмдер: Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін инфрақұрылымға жаңа қатынас
Партнер сессии: ОЭСР, ҚР ҰЭМ
Hilton Astana Hall

Болашақ климатын қаржыландыруға арналған механизмдер: Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін инфрақұрылымға жаңа қатынас 

Ұйымдастырушылар:Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

Бірлесіп ұйымдастырушылар:БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы, Дүниежүзілік банк тобы

Инфрақұрылым Орталық Азияның әлемдік экономикаға орнықты, жан-жақты өсуіне және кірігуіне жәрдемдесуде басты рөл атқарады. Бүгінгі күні құрылған инфрақұрылым Орталық Азияның климат және орнықты даму саласындағы өз мақсаттарына қол жеткізу қабілетін де айқындайтын болады. Өңірде инфрақұрылымға инвестиция қажеттілігі 2016-2030 жылдар кезеңіне 492 миллиард АҚШ долларына бағаланады. Экономикалық өсімді қолдайтын, сондай-ақ тұрақты даму және климат мақсаттарымен үйлесімді тұрақты инфрақұрылым жобаларын ілгерілету үшін бірегей мүмкіндік бар.

Германияның Қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік федералдық министрлігінің қолдауымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы және Дүниежүзілік банк тобы климат және даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін инфрақұрылымды ынталандыру мен оларды іргелі келісу мақсатында үкіметтерге арналған қайта құру бағдарламасын әзірлеу үшін «Болашақ климатқа арналған қаржыландыру тетіктері: инфрақұрылымға жаңа көзқарас» бастамасы шеңберінде өз күш-жігерлерін біріктірді.

Модератор:

  • Уильям Томпсон -Еуразия құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар хатшылығы

Спикерлер:

  • Руслан Дәленов - ҚР Ұлттық экономика министрі
  • Андреас Шааль -Жаһандық байланыстар хатшылығының директоры, ЭЫДҰ
  • Энтони Кокс –директордың орынбасары, Қоршаған орта жөніндегі директорат, ЭЫДҰ
  • Роман Скляр -ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
  • Қанат Бозымбаев-ҚР Энергетика министрі
  • Лилия Бурунчук -Орталық Азия бойынша директор, Дүниежүзілік Банк
  • Юрген Кейнхорст –Германияның Қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік федералдық министрлігінің Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ, сондай-ақ Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері жөніндегі бөлімнің басшысы
12:00 - 13:15
«G-GLOBAL ПЛАТФОРМАСЫ» ПЛЕНАРЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯСЫ
Партнер сессии: G-global
Конгресс-орталық 1-ші зал

«G-GLOBAL ПЛАТФОРМАСЫ» ПЛЕНАРЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯСЫ

Ұйымдастырушылар: G-Global Халықаралық хатшылығы, БҰҰ, БҰҰДБ, ЮНКТАД, BBC World News, “Еуропалық экономикалық ғалымдар клубы” қауымдастығы, Мадрид Клубы,“Global Citizen”Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты

Бірлесіп ұйымдастырушылар: Жібек Жолы Халықаралық ғылым академиясы, Халықаралық «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, Исламдық даму банкі, “Ғаламдық жібек жолы” қауымдастығы

G-Global Халықаралық хатшылығы үкіметтік емес ұйым болып табылады, ол әлемдік қауымдастық жұмысының тиімділігін әлем халықтарының бірыңғай, ашық және тең дәрежелі диалогы арқылы арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық бастамаларын ілгерілетумен айналысады. G-Global өзінің 7 жыл бойғы қызметінде 147 мемлекеттен 30-дан аса ғалымдарды, практиктерді және сарапшыларды біріктірген, әйгілі және абыройлы халықаралық орталық болып қалыптасты.

G-GlobalХалықаралық хатшылығы:

❖       БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) кеңесші-консультанты жоғары мәртебесіне ие болды;

❖       БҰҰ сауда және даму жөніндегі Конференциясының (ЮНКТАД) консультант-шолушысы мәртебесі бар;

❖       Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі;

❖       Мадрид Клубының серіктесі.

G-GLOBAL Хатшылығының қызметі әлемнің ғаламдық өзгеруі жағдайында әлемдік экономиканың жаңа модельдерін табу және қазіргі заманның сын-талаптарын шешу мақсатында ғаламдық сарапшылық қоғамдастықты нығайту болып табылады.

Талқыланатын мәселелер:

  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтыңжобаларын халықаралық серіктестермен бірге БҰҰ алаңында талқылау және институцияландыру.
  • G-Global Халықаралық жобасын 2018-2021 жылдары әрі қарай дамыту тұжырымдамасын ұсыну және талқылау
  • Әрі қарай халықаралық деңгейде қолдану үшін, сарапшылық қауымдастықтың жобалар бойынша ұсыныстарын әзірлеу мақсатында, әрбір жоба бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру
  • БҰҰ мекемелерімен және өңірлердегі басты серіктестермен бірлесіп ғаламдық форумдар, онлайн-конференциялар, интерактивті сессиялар өткізу
  • G-Global жобаларын әрі қарай ілгерілету және насихаттау мақсатында G-Global клубын құру
  • G-Global интерактивті алаңда әрі қарай онлайн дамыту
  • Конференция қорытындылары негізінде мемлекеттер мен үкіметтер басшыларына, БҰҰ Бас Ассамблеясына, халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы мерекеленетін 2021 ж. бірлесіп,G-Global Форумын өткізу ұсынысымен үндеу жолдау

Модератор:

  • Петр Стоянов –Болгарияның экс-президенті

Спикерлер:

  • Құттықтау сөз: Әсет Исекешев- Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры
  • Пан Ги-Мун- БҰҰ 8-ші бас хатшысы
  • Хайенз Фишер –Австрияның 11-ші федералды президенті (2004-2016)
  • Мария Елена -Мадрид Клубының бас хатшысы
  • Ирина Бокова- ЮНЕСКО бас директоры (2009-2017)
  • Роза Отунбаева-Қырғыз Республикасының президенті(2010-2011)
  • О Сеок Хунь –Корей Республикасы Үкіметінің бұрыңғы вице-премьер-министрі және стратегия және қаржы министрі
  • Аранча Гонсалез–Халықаралық сауда орталығының атқарушы директоры (ХСО)
  • Сергей Становкин- BBC World News Еуразиядағы өңірлік кеңселерінің басшысы
  • Кайрат Келимбетов- АХҚО басқарушысы
  • Рае Квон Чунг- әлемнің Нобель сыйлығы лауреаты (2007 ж)
  • Махмуд Мухильдин–күн тәртібі бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңде даму саласындағы Дүниежүзілік банк тобының бас вице-президенті
  • Ерик Лу- Jumore басқарма төрағасы
  • Дмитрий Годунов–БҰҰ сауда және даму жөніндегі Конференциясының Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік үйлестірушісі (ЮНКТАД)
  • Ариеэль Коен -Атлант кеңесінің бас сарапшысы

 

12:00 - 13:15
Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі қалалардың өзгеруі
Партнер сессии: Нұр-Сұлтан қ. әкімдігі
Конгресс-орталық 4-ші зал

Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі қалалардың өзгеруі

Ұйымдастырушылар:Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), ЭЫДҰ Халықаралық көлік форумы, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Бірлесіп ұйымдастырушы: «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) 1948 жылы құрылды. Штаб-пәтері Парижде (Франция) орналасқан. 2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бас хатшы Хосе Анхель Гурриа Тревиньо болып табылады. ЭЫДҰ-ның негізгі мақсаты тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмірлік деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу болып табылады. Қазақстанның ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылы 2008 жылы Орталық Азияның, Кавказдың және Шығыс Еуропаның 13 елінен тұратын Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы шеңберінде басталды. Бүгінгі күні елдің ұйыммен ынтымақтастығы Қазақстан Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде жүргізілуде.

Қазіргі уақытта ЭЫДҰ Қазақстан мен Орталық Азия бойынша екі жарияланым жұмысын аяқтауда. «Going for Growth in Kazakhstan» тұсаукесері шеңберінде ЭЫДҰ тарапынан «Тауарлар мен қызметтер нарықтарын реттеуге шолу (PMR)» жобасының нәтижелері көрсетіледі. «Enhancing Regional Connectivity in Central Asia» тұсаукесері шеңберінде ЭЫДҰ Халықаралық көлік форумы тарапынан «Қосымша құнның жергілікті тізбектерін оңтайландыру» жобасының нәтижелері көрсетіледі.

Сессия осы жұмыстарды ЭЫДҰ-ның өңірмен ынтымақтастығын кеңейтудегі Қазақстанның рөліне баса назар аудара отырып, ЭЫДҰ мен Қазақстан ынтымақтастығының кең контекстінде ұсынуға мүмкіндік береді.

Модератор:

  • Уильям Томпсон –Еуразия құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар хатшылығы

Спикерлер:

  • Андреас Шааль –ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар хатшылығының директоры
  • Роман Скляр -Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
  • Яри Кауппила – ЭЫДҰ сандық саясатты талдау және болжамдау бөлімінің басшысы
  • Руслан Дәленов –Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
  • Алан де Серрес - ЭЫДҰ экономика департаменті директорының орынбасары

Initiators: Akimat of the city of Nur-Sultan

Technologies of the fourth industrial revolution have an increasing impact on the competitiveness, quality of life and resource efficiency of the cities, as well as on urban management. The cities of the developed and developing countries are increasingly introducing modern technological solutions, including development of the digital transformation comprehensive strategies. Recognized best practices for the cities efficiency improvement appear in the world, but a comprehensive understanding of the key success factors has not yet emerged. What could be effective standards for building a portfolio of solutions and creating successful urban development strategies in the era of the fourth industrial revolution? Session is held in collaboration with the World Economic Forum.

Issues for discussion:

●        How is the economic role of cities changing in the era of the fourth industrial revolution?;

●        What ideas need to be learned from the first experience of implementing the comprehensive programs of digital urban transformation?;

●        What effective digital technology solutions can be applied today to improve the competitiveness, quality of life and resource efficiency of the cities, as well as improve urban management efficiency and the residents involvement?

 

Moderator:

●        Alexey Prazdnichnykh, Partner of Strategy Partners, Head of the "Public and non-profit sector" practice

Speakers:

●        Maxim Oreshkin, Minister of Economic Development of the Russian Federation;

●        Ruslan Dalenov, Minister of National Economy of the Republic of Kazakhstan;

●        Bakhyt Sultanov, Akim of Nur-Sultan city;

●        Naheed Nenshi, Mayor of Calgary;

●        Don Ivson, Mayor of Edmonton;

●        Tang Chengshu, Mayor of Dalian;

●        Alexander Idrisov, Founder and President, Strategy Partners;

●        Yamin Shu, Head of the WEF Project on Internet of things, robots and smart cities

12:00 - 13:15
Мұнайгаз саласындағы технологиялар мен инновациялар: халықаралық тәжірибе және Қазақстанда қолдану мен дамытудың келешегі
Партнер сессии: Dasco Consulting Group / РФ Ұлттық мұнайгаз форумы
Конгресс-орталық 5-ші зал

Мұнайгаз саласындағы технологиялар мен инновациялар: халықаралық тәжірибе және Қазақстанда  қолдану мен дамытудың келешегі

Ұйымдастырушылар: Dasco Consulting Group, Ұлттық мұнай-газ форумы

Өнеркәсіптің негізгі салаларында қазіргі заманғы технологияларды қолданбай, елдің экономикалық дамуы мүмкін емес. Бұл ретте, көптеген технологиялық шешімдер шетелде әзірленеді, ал олардың импортының құны экономикалық өсу моделімен сәйкеспеуі мүмкін. Шешімнің бірі – технологиялық шешімдердің құнын жасаудың негізгі элементтерін елдің ішіне көшіру арқылы технологиялардың құнын төмендету. Егер де технологиялық шешімдердің құны тізбегінің түйінді буынын көшіру – «Әзірлемелер немесе R&D» – жиі орта мерзімді перспективада қол жеткізілмеген болса, онда өндірістің белгілі бір элементтерін оқшаулау әбден мүмкін.

Ол үшін технологияларды оқшаулау және жергілікті қамтуды дамыту үшін басым салаларды айқындайтын, ынталандыру жасайтын және инфрақұрылымдық және заңнамалық қолдауды қамтамасыз ететін нысаналы мемлекеттік саясат қажет. Технологияларды сәтті оқшаулау кезінде тарих технологияларды импорттаушыдан ел оның ішінде құрылған бірегей технологиялық шешімдердің нишалық экспорттаушысына айналғанда бірқатар мысалдарды біледі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

● Елдің қандай салалары технологиялық шешімдерді оқшаулауды қажет етеді? Және олардың қайсысы тестілеу үшін, содан кейін сыртқы әлем үшін жаңа бірегей шешімдерді әзірлеу мен экспорттауға арналған полигон бола алар еді?

● Технологиялық шешімдерді оқшаулау мәселелері және Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар мұнай-газ саласы мысалында бірегей жаңа әзірлемелерді жасау перспективалары

● Индустрия 4.0 сияқты технологиялық дамудың қазіргі заманғы трендтері контекстінде мұнай-газ өнеркәсібі үшін жаңа мүмкіндіктер және олардың өндіріс тиімділігіне әсері, жұмыс орындарын құру және елдің экономикалық даму перспективалары

Спикерлер:

  • Қанат Бозымбаев- ҚР Энергетика министрі
  • Вагит Алекперов - «Лукойл» компаниясының бас директоры
  • Малколм Форбс-Кейбл – «Вуд Макензи» компаниясының апстрим-консалтинг жөніндегі вице-президенті
  • Оливье Лазар– «Shell» компаниясының Қазақстандағы құрылымдық бөлімшесі басшысы
  • Мұрат Жүребек - «PSA» компаниясының басқарма төрағасы
12:00 - 13:15
KGIR
Партнер сессии:
The St. Regis Astana
13:30 - 16:15
Көпжақты сауда жүйесінің өзекті мәселелері: шешу жолдары және жаңа шындыққа бейімделу
Партнер сессии: ҚР ҰЭМ / ДСҰ
1 зал

Көпжақты сауда жүйесінің өзекті мәселелері: шешу жолдары және  жаңа шындыққа бейімделу

Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының БҰҰ Бөлімшесі жаныдағы және Женевадағы басқа халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдігі

Бірге ұйымдастырушылар: Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)

Әлемдік сауда саласында туындайтын ғаламдық тәуекел қатерлері, осы қарбаластыққа байланысты тұрлаусыздықтар іскерлік құлшынысты төмендетеді, бизнес пен инвесторлардың сенімін жоғалтады, осыған орай құнды жасауға қатысты ғаламдық тізбек жұмысында үлкен іркілістердің туындауы болжанады. Ірі мемлекеттердің қақтығыстарының күшеюі, көп тарапты сауда жүйесінің дағдарыстық жағдайы бүкіл әлемдік экономика үшін терең зардап әкеледі .

Әсіресе, әлемдік экономикадағы протекционизмнің жыл сайынғы өсімі ерекше алаңдаушылық тудырады. ДСҰ деректері бойынша 2017 жылғы қазаннан 2018 жылғы қазанға дейінгі аралықта ДСҰ мүшелері тарапынан шамамен 140 сауданы шектейтін жаңа шаралар қабылданған, оның ішіне тарифтердің көтерілуі, цифрлық шектеулер мөлшерінің өсуі, импортқа салықтың енгізілуі, кедендік ережелерді қатайту және т.б. шаралар кіреді.

Сауда ережелерімен айналысатын жалғыз ғаламдық халықаралық ұйым бола отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) саудадағы қарсылық пен протекционизмнің күшею тегеурініне ғана емес, сондай-ақ, Дохий раундының күн тәртібіндегі ағымдағы мәселелер бойынша және әлемдік сауданың жаңа ережелері бойынша келіссөз тәртібін ілгерілетудің тоқыраушылығына тап болды.

Көп тарапты сауда жүйесінің әлемдік сауданың ағымдағы нақты жағдайына бейімделу және ғаламдық экономиканы дамыту мәселелері, цифрлық сауданы реттеудің болашақ ережелерін қалыптастыру қажеттілігі, кіші және орта кәсіпорындарды дамыту мәселелері өзектілікке ие болды.

ДСҰ мүшелерінің көбі Ұйымның үш негізгі қызметінің аса тиімді орындалуын алдыға қояды – келіссөздік, мониторингтік және дауларды шешу қызметтері. Осыған орай G20 мемлекеттерінің сауда министрлері көп тарапты сауда жүйесінің ағымдағы және болашақтағы сын-тегеуріндерін, оның ішінде ДСҰ сот органын реформалау мәселелерін шешу мақсатында 2018 ж. қыркүйекте ДСҰ реформалау қажеттілігін қолдады. Бұл ретте ДСҰ дауларды шешу жүйесі ДСҰ мүше-мемлекеттері тарапынан өте жоғары бағаланады, және ДСҰ сот органына 2018 жылы түскен өтініштер мөлшері 2017 жылдағы осындай көрсеткіштен екі есе асып кеткенін ескере кеткен жөн.

Осындай көп тарапты сауда жүйесі үшін тарихи кезеңде Қазақстан 2020 жылы ДСҰ 12-ші Министрлік конференциясын (ДСҰ жоғарғы органын) өткізу және ДСҰ деген сенімділікті күшейту қызметіне өз үлесін қосу, оның өзектілігін сақтау, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты күшейту құқығына ие болды.

ДСҰ Астанада өтетін 12-ші Министрлік конференциясының күн тәртібінде қаралатын басты мәселелер Доха раундының ағымдағы сұрақтарынан басқа, Ұйымды реформалау және халықаралық сауданың электрондық сауда саласындағы жаңа ережелерін қалыптастыру, инвестицияларға көмек көрсету, кіші және орта кәсіпорындардың ғаламдық саудаға бірігуін қолдау мәселелері болады деп күтілуде.

Талқыланатын мәселелер:

  • Протекционизмнің өсуі жағдайында әлемдік сауданы әрі қарай дамыту
  • ДСҰ қызметтерін жетілдіру
  • Әлемдік экономиканың дамуының ағымдағы нақты жағдайымен өзектендіру мақсатында ДСҰ ережелерін жетілдіру
  • ДСҰ 12-ші Министрлік конференциясын өткізуге дайындықты жалғастыру

Модераторлар:

  • Жанар Айтжанова ханым, Қазақстан Республикасының БҰҰ Бөлімшесі жанындағы және Женевадағы басқа халықаралық ұйымдардың тұрақты өкілі
  • Виктор Ду Прадо мырза, ДСҰ сауда келіссөздері департаментінің директоры

Спикерлер:

  • Карл Браунер–ДСҰ Бас директорының орынбасары
  • Мухиса Китуйи–БҰҰ Конференциясының сауда және даму жөніндегі бас хатшысы (ЮНКТАД)
  • Дэнис Шеамырза-АҚШ-тыңДСҰ жанындағы тұрақты өкілі
  • Марк Ванхеукелен мырза–Еуропалық Одақтың ДСҰ жанындағы тұрақты өкілі
  • Чжан Сянчэнь мырза -Қытайдың ДСҰ жанындағы тұрақты өкілі
  • Джуничи Ихара мырза-Жапонияның ДСҰ жанындағы тұрақты өкілі
  • Геннадий Овечко мырза–Ресей Федерациясының ДСҰ жанындағы тұрақты өкілі
  • Дидье Шамбови мырза-Швейцарияның ДСҰ жанындағы тұрақты өкілі
  • Дэвид Уолкермырза–Жаңа Зеландияның ДСҰ жанындағы тұрақты өкілі

- ДСҰ дауларды шешу жүйесін реформалау бойынша талқылау фасилитаторы

  • Джон Фордмырза -Гайананың ДСҰ жанындағы тұрақты өкілі – Ауыл шаруашылығы бойынша Арнайы сессия төрағасы
  • Руфус Йеркса–АҚШ-тың сыртқы сауда жөніндегі Ұлттық кеңесінің президенті, ДСҰ Бас директорының бұрыңғы орынбасары
  • Бернард Хэкман–Флоренциядағы Еуропалық университеттік институттың (EUI) экономика профессоры, Италия – «Ғаламдық сауда тәртібінің болашағы» кітабының авторы (2017 ж.)
  • Халил Хамдани–Женевалық халықаралық қатынастар институтының шақырылған профессоры, Инвестиция, сауда және даму департаментінің бұрыңғы директоры, ЮНКТАД
  • Патрик Лоу - Гонконг Университетінің шақырылған профессоры, сауда мәселелері жөніндегі сарапшы, ДСҰ бұрыңғы Бас экономисті
  • Дэниел Кросби - King & Spalding серіктесі, Женева
  • Хамид Мамду - King & Spalding LLP бас кеңесшісі, Женева, ДСҰ сауда қызметтері және инвестициялар Департаментінің бұрыңғы директоры
  • Кристиан Паулетто –Женеваның Халықаралық институтының профессоры
  • Нил Мигер–ДСҰ құқық жөніндегі Кеңестік орталығының басқарушы директоры

 

13:30 - 14:45
Бизнеске арналған Еуразиялық экономикалық одақ: инвестициялық күту, мүмкіндіктер, перспективалар
Партнер сессии: ЕЭК
3 зал

Бизнеске арналған Еуразиялық экономикалық одақ: инвестициялық күту, мүмкіндіктер, перспективалар 

Ұйымдастырушылар: Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті

Еуразиялық экономикалық интеграция бизнеске ауқымды ортақ нарыққа қол жеткізуді ырықтандыру бойынша елеулі мүмкіндіктер берді. Бірақ кәсіпкерлер ЕАЭО артықшылықтарын қолдануға асығар емес немесе толық көлемде қолдана алмайды.

ЕАЭО-дағы бизнеске арналған қажетті экожүйені қалыптастыру – тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін және тиісінше экономикалық өсу қарқынын жеделдету үшін қажеті бар маңызды міндет. Сонымен қатар, ЕАЭО-да бизнесті дамыту үшін негізгі проблемалардың бірі әртүрлі кедергілердің болуы, ЕАЭО құқығымен берілген мүмкіндіктердің жеткіліксіз ақпараттандырылуы мен пайдаланылмауы, сондай-ақ Одақтың әр еліндегі бизнес-процестерді реттеудің ерекше шарттары болып табылады.

Еуразиялық кеңістіктегі бизнесті дамытудағы интеграциялық процестердің үлесі қандай?

Еуразиялық интеграциялық жобаның жалпы ЕАЭО-да және әрбір елде бизнес-ахуалды жақсартуға оң әсерін қалай бағалауға болады?  

Еуразиялық интеграцияны және юрисдикция бәсекелестігін пайдалана отырып, бизнесті инвестициялау және жүргізу кезінде синергетикалық әсерге қалай қол жеткізуге болады?

Ішкі реттеуді қатаңдату үрдісін және ұлттық протекционизмнің ортадан тепкіш күштерін интеграцияның орталықшығарушы күштеріне қалай түрлендіруге және еуразиялық кеңістіктегі инвестициялық әлеуетті шоғырландыруға болады?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Еуразиялық интеграциялық процестердің халықаралық рейтингтерде (Doing Business, The Global Competitiveness Index) ЕАЭО елдері позициясына әсері
  • Интеграциялық бірлестіктегі «Бизнес-еркіндік индексі»: әдістемені әзірлеуге және мониторинг жүргізуге идеялар мен ықтимал тәсілдер?
  • Еуразиялық форматқа барынша қолайлы инвестициялық климатқа қол жеткізу тетіктері мен үздік ұлттық тәжірибелерді қалай масштабтауға болады?
  • Ұлттық бизнестер мен Одақ елдері реттеушілерінің өзара сенім деңгейін қалай арттыруға болады: имплементация, үйлестіру, әкімшілік ынтымақтастық?
  • Бизнесті адвокаттаудың ұлттықтан жоғары құралдары: құрылған база және кеңейту қажеттілігі
  • ЕАЭО-да бизнесті жүргізу бойынша «өмірлік циклдің» өзгешеліктері (құру, жұмыс істеу, тоқтату)
  • Өңірлік интеграция немесе ұлттық протекционизм: бірыңғай нарық артықшылықтарын және Одақ туралы Шарттың «кәсіпкерлік-инвестициялық» кепілдіктерін пайдалана отырып, трендтердің қарсы тұруын қалай алдын алуға болады?

Модератор:

  • Ғалия Джолдыбаева– Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директоры.

Спикерлер:

  • Тигран Хачатрян– Армения Республикасының Экономикалық даму және инвестициялар министрі
  • Дмитрий Крутой -Беларусь Республикасының Экономика министрі
  • Аблай Мырзахметов -Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҚР ҰКП) басқарма төрағасы
  • Олег Панкратов - Қырғызстан Республикасының Экономика министрі
  • Максим Орешкин - Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі
  • Андраш Хорваи - Дүниежүзілік банк тобының директоры және Ресей Федерациясындағы, Еуропадағы және Орталық Азиядағы тұрақты өкілі
  • Андрей Бельянинов - Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) басқармасының төрағасы
  • Алишахбана Армида Сальсия ханым– Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары және Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхиты өңірі бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АТМЭӘК) Атқарушы хатшысы
13:30 - 14:45
Big Data Conference
Партнер сессии: ЭЗИ / Қазақтелеком
4 Зал

Big Data Conference

Ұйымдастырушылар: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Дүниежүзілік Банк, «Казахтелеком» АҚ

1,3 миллион адам әр апта сайын қалаға көшіп келеді, ал 2040 жылға қарай әлем халқының 65%-ы қалаларда тұрады деп күтілуде, бұл ретте, қала халқының осы өсімінің 90%-ы Африка мен Азияда болады.

Сарапшылар қалалардағы өмір сүру сапасын, электрондық велосипедтерден кептеліске дейін жақсартуға тырысып, онжылдықтар бойы жұмыс жасады.

Ақылды қала — бұл қала өмірінің барлық аспектілерінде нәтижелерді жақсарту және қала тұрғындарына ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру үшін технологиялар. Ақылды қала болу үшін қалаларға ұзақ мерзімді шешімдерге негізделетін деректер, сенімді деректер қажет.

Үлкен деректерді кеңейту және заттардың Интернет технологияларын дамыту (IoT) ақылды қаланың бастамасын іске асыруда маңызды рөл атқарды. Үлкен деректер қалалар әртүрлі көздерден жиналған көптеген деректерден құнды ақпаратты алуға мүмкіндік береді, ал IoT датчиктерді, радиожиілікті сәйкестендіруді және Bluetooth-ді жоғары желілі сервистерді пайдалана отырып, нақты ортаға біріктіруге мүмкіндік береді. IoT және үлкен деректер комбинациясы болашақ ақылды қалалардың мақсатына жету үшін жаңа және қызықты міндеттер қойған зерттемелердің зерттелмеген саласы болып табылады.

Осы сессияда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Дүниежүзілік банкпен және «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп, ақылды қалалар контексінде пайдаланылатын қазіргі заманғы коммуникациялық технологиялар мен зияткерлік қосымшаларды сипаттауды жоспарлап отыр. Ақылды қалаларды қолдау үшін үлкен деректер талдаушыларының пайымдауы әртүрлі деңгейдегі қала халқын түбегейлі өзгертуі мүмкін деген акцентпен талқыланады. Сонымен қатар, ақылды қалалар үшін үлкен деректердің болашақ бизнес-моделі ұсынылды, сондай-ақ бизнес-зерттеулер мен технологиялық зерттеулердің міндеттері айқындалды. Бұл зерттеу үлкен деректер контекстінде ақылды қалалардың болашағы мен дамуы үшін зерттеушілер мен салаларға арналған бағдар бола алады.

Қалалық инфрақұрылымға датчиктерді орната отырып және жаңа деректер көздерін - соның ішінде Smart City менеджерлері өздерінің мобильді құрылғыларын пайдаланатын азаматтардан қала өмірін жаңа тәсілдермен мониторингілеу және болжау үшін үлкен деректерді талдауды қолдана алады.

Үлкен деректерді талдау және деректер туралы ғылым жөніндегі осы конференция АЭФ-2019 зерттеулердің бірегей нәтижелерінің (case studies) презентацияларымен, сондай-ақ ақылды қалаларды дамытудың инновациялық, практикалық идеяларымен алмасуды және оларды таратуды қамтамасыз етеді. Конференция деректер туралы ғылымның барлық аспектілерін, деректерді зияткерлік талдауды, соның ішінде алгоритмдерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, жүйелер мен қосымшаларды қамтиды.

«Big Data and Smart Cities» деректерді зияткерлік талдау, машиналық оқыту, статистика, деректерді визуализациялау, бейнелерді тану, деректер қоры және жүйе біліміне негізделген деректер қоймасы және жоғары өнімді есептеулер сияқты деректер туралы ғылымға байланысты кең ауқымдағы зерттеушілер мен әзірлеушілерді тартады. Ғылыми бағдарламадан басқа, конференцияда стендтік презентациялар, қалалар өмірінде үлкен деректерді қолдану панельдері ұсынылады. Конференцияда бүгінгі күні ақылды қалаларда деректерді басқару саласындағы негізгі проблемаларды шешетін жетекші әлемдік компаниялардың инновациялық тәсілдері айтылатын болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Деректер қауіпсіздігі
  • Деректер негізінде ақылды қалалардың дамуын жоспарлау
  • Көлік және үлкен деректер
  • Жаңа трендтер (тақырыптық зерттеулер)
  • Үлкен деректер негізінде ақылды қалалардың тұрақты дамуы

Модератор:

  • Джейн Тредвелл –Көлік және АКТ жөніндегі жаһандық тәжірибе менеджері, Дүниежүзілік Банк

Спикерлер:

  • Прасанна Лал Дас -экономика деректері жөніндегі жетекші маман, Дүниежүзілік Банк
  • Рандип Судан –Дүниежүзілік банктің цифрлық стратегия және үкіметтік аналитика жөніндегі аға кеңесшісі (Сингапур)
  • Эндрю Стотт –стратегия жөніндегі аға кеңесші, Біріккен Корольдік Үкіметі үшін айқындылық және цифрлық өзара іс-қимыл жөніндегі экс-директор (Ұлыбритания)
  • Виталий Саттаров, Сколково сарапшысы, Ubic компаниясының негізін қалаушы
13:30 - 14:45
Financial Connectivity: 21 ғасырдағы қаржы орталықтарының рөлі
Партнер сессии: АХҚО
5 Зал

Financial Connectivity: 21 ғасырдағы қаржы орталықтарының рөлі

Ұйымдастырушылар: «Астана» Халықаралық қаржы орталығы

Жаһандану процесі әлі күнге дейін дамыған елдерде даулы болып отырса, өңірлік интеграция Еуразия үшін маңызды аспект болып қала береді. Негізгі еуразиялық маршруттар қиылысында орналасқан Қазақстан, қызметі өңірлік өзара байланысты ілгерілетуге бағытталған жаңа орталыққа айналуы мүмкін. Бұдан басқа, нарық бүгінде бәсекелестік елдер арасында емес, қаржы орталықтары/хабтар арасында дамиды деген нысанды қабылдады. Өңірлік қаржылық қызмет көрсету орталықтарының рөлі Шығыс пен Батысты жалғаудан және жалпы дамуға ықпал етуден құралады .

Талқылауға арналған сұрақтар:

● Аймақтың қаржы секторын дамытудың интеграциялық үдерістерінің мүмкіндіктері   мен тәуекелдері

● Қаржы орталықтары инвестициялық ағындарды қалай тарта алады және өзін өңірлік көшбасшы және Жаңа Жібек жолының экономикасын жаңғырту жөніндегі халықаралық орталық ретінде қалай көрсете алады?

● Әлемдік нарықтардағы қазіргі трендтердің қаржы орталықтарының (қаржы-тех., жасыл қаржылық, жауапты қаржыландыру және т.б.) стратегиялық дамуына әсері қандай?

Модератор:

  • Сергей Становкин, Еуразиядағы BBC World News өңірлік кеңселерінің басшысы

Спикерлер:

  • Қайрат Келімбетов - АХҚО басқарушысы
  • Стэнли Фишер –АҚШ Федералдық Қор төрағасының орынбасары (2014-2017 жж.)
  • Марк Йендл - Z/Yen (TBC) директоры
  • Яков Миркин –«Еврофинансы» ИК Директорлар кеңесінің төрағасы, РҒА ӘЭХҚИ халықаралық капитал нарықтары бөлімінің меңгерушісі
  • Вибке Шлемер –Халықаралық қаржы корпорациясының Орталық Азия және Еуропа бойынша директоры
  • Кристофел Кэмпбелл-Холт – АХҚО Сотының және Халықаралық арбитраж орталығының тіркеушісі
13:30 - 17:45
Еңбектің болашағы жөніндегі жаһандық комиссияның баяндамасын зерттеу және талқылау үшін Халықаралық еңбекті ұйымдастырудың (ХЕҰ) 100 жылдығына орай халықаралық конференция
Партнер сессии: МТСЗН
Пленарлық отырыстардың негізгі залы

Еңбектің болашағы жөніндегі жаһандық комиссияның баяндамасын зерттеу және талқылау үшін Халықаралық еңбекті ұйымдастырудың (ХЕҰ) 100 жылдығына орай халықаралық  конференция

Ұйымдастырушылар: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ведомстволық бағынысты ұйымдар, ҚР кәсіподақ федерациясы, «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың республикалық бірлестігі.

1993 жылғы 31 мамырдан Қазақстан Республикасы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) мүшесі болып табылады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен 2000 жылдан ХЕҰ ынтымақтастық бағдарламалары жасалып келеді. Ынтымақтастық бағдарламаларының басымдылық бағыттарының негізіне ХЕҰ жұмыс орындары туралы Ғаламдық пакт қағидалары жатқызылды.

ХЕҰ халықаралық еңбек нормаларын бекітуге және орындалуына ықпал етеді, еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша ақпарат пен талдауды ұсынады.

ХЕҰ қызметінің аса маңызды өрістері: еңбек және әлеуметтік мәселелер саласында құқықтық, заң шығарушылық базаларын жетілдіруде, жұмыспен қамтуды дамытуда, кедейлікті азайтуда, еңбек пен әлеуметтік диалогты қорғауда, арнайы саясатты құрау және кеңестер, ұсыныстар және басқа бағдарлық және білімдік бағдарламалар ұсыну арқылы техникалық көмек көрсету жолымен өзекті ағымдағы мәселелерді шешуде көмек беру.

Қазақстанның өкілдері еңбек пен әлеуметтік қорғау саласын дамытудағы көрнекті, практикалық тәжірибемен алмасу мақсатында халықаралық конференциялардың, семинарлардың, симпозиумдардың жұмысына қатысу үшін әртүрлі мемлекеттерге мерзімді түрде шақырылып тұрады. Сондай-ақ, ХЕҰ халықаралық Оқу Орталығы ұсынатын Туриндегі   оқу курстары осы бағыттағы жұмысты жетілдіруге ықпал етеді.

Халықаралық еңбек нормативтері саласында Қазақстан ХЕҰ 24 Конвенциясын (8 іргелі, 4 директивті, 177-тің ішінде 12 техникалық) ратификациялады, бұл ХЕҰ пікірінше жоғары жетістікті көрсетеді, өйткені соңғы 7 жыл ішінде Қазақстан 6 конвенцияны ратификациялаған.

Қазақстан ХЕҰ мүше-мемлекеті ретіндегі, сонымен қатар халықаралық құқықтық құралдарға қосылу арқылы да, өзінің халықаралық міндеттемелерін кеңейтуді жалғастыруда.

Бұл ретте еңбек саласы технологиялық жетістіктердің - жасанды парасат, автоматтандырудың және робототехниканың дамуы – ықпалы әсерінен күн сайын түрленіп жатыр, ал бұл мәселе өз кезегінде еңбекті өмірдің сапасын арттыруға, таңдау мүмкіндігін кеңейтуге, гендерлік алшақтықты қысқартуға және басқа көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндіктер тудырады.

Дегенмен, еңбек саласындағы бұл түрленімдер еңбек нарығында жаңа тегеуріндерді және әлеуметтік-еңбек қатынастарының қолданыстағы қағидаларының жетілдірілуін талап етеді, олар адамның қабілеттерін дамытуға жұмсалатын инвестицияны ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

1-сессия: ХЕҰ Ғаламдық комиссиясының еңбек болашағы туралы баяндамасы

Талқыланатын мәселелер:

  • Осы кезеңнің үрдісі және болашақтың мамандықтары: 5-7 жылдан кейін қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
  • Бүкіл өмір бойында кәсіптік оқытудың тиімді жүйесін құру
  • ХЕҰ Ғаламдық комиссиясының еңбек болашағы туралы баяндамасының негізгі ұсынымдары

2-сессия: 4.0 индустриясы аясындағы жаңа цифрлық нақтылықта                             әлеуметтік-еңбек саласын дамыту

Талқыланатын мәселелер:

  • Ғылыми-техникалық революция және оның еңбек нарығына әсері
  • Жаңа технологияларды енгізудің жұмыс күшін өндірістік саладан босату және жұмыссыздықты өсіру факторлары сияқты кері әсерлері
  • Ақпараттық технологияларды және автоматтандыруды дамыту жағдайында жұмысбастылықтың жалпылама кепілдігін қамтамасыз ету жолдары

3-сессия: Тиімді және қауіпсіз еңбек

Сессияда талқыланатын мәселелер:

  • Еңбек жағдайларын жақсартуға экономикалық ынталандырулар. Халықаралық және отандық тәжірибелер;
  • Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жүйесінде еңбек жағдайын жақсартудың маңызды құралы ретіндегі кәсіптік тәуекелдер қаупін басқару ;  
  • Еңбекті қорғауды басқарудың заманауи жүйелері. Әзірлемесін дайындауға, енгізуге және қызметіне заңды негіздер және ортақ талаптар.
13:30 - 14:45
Әлем технологиялық төңкеріс дәуірінде: 4.0. индустриясы жаһандық дамуға қалай әсер етеді?
Партнер сессии: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
2 зал

Әлем технологиялық төңкеріс дәуірінде: 4.0. индустриясы жаһандық дамуға қалай әсер етеді?

Ұйымдастырушылар: Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитет

Біз робототехника, жасанды сана, автоматтандыру, цифрлық платформалар және басқа инновациялар толығымен экономикалық қызметтің іргелі сипатын өзгертетін дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Әлемнің ең бағалы сегіз компаниялары – бұл технологиялық кәсіпорындар. 4,7 триллион доллар нарықтық капиталдандыруы бар және жұмыс күшінің жаңа үлгісін пайдаланатын бұл компаниялар өте үлкен макроэкономикалық ықпал тигізеді. Өз кезегінде бұл жағдайлар жалпы қаржылық жүйені және экономиканы өзгерте алады. Талқылау барысында төртінші өнеркәсіптік революцияның жаңа дәуірімен байланысты өзекті іскерлік, техникалық және этикалық мәселелер қарастырылады.

Талқыланатын мәселелер:

  • Технологиялық дәуір ғаламдық қаржы жүйесіне және экономикаға жалпы қандай әсер тигізе алады?
  • Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде қандай негізгі іскерлік, техникалық және этикалық мәселелер маңызды болады?
  • Робототехниканың, жасанды сананың, автоматтандырудың, цифрлық платформалардың және басқа инновациялардың еңбек нарығы мен адами капитал үшін қандай салдары болады?

Модератор:

  • Янкинг Янг, China Business News бас редакторының орынбасары

Спикерлер:

  • Пол Ромер, Штерн атындағы Бизнес мектебінің экономика профессоры, Нью-Йорк университеті, Дүниежүзілік банктің бас экономисті (2016-2018), Экономика бойынша Нобель сыйлығы, 2018
  • Герман Греф, Ресей Сбербанкпрезиденті және басқарма төрағасы, Ресей Федерациясының Экономикалық даму және сауда министрі (2000-2007)
  • Хавьер Сала-и-Мартин,Колумбия университетінің экономика профессоры, ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің негізін қалаушы
13:30 - 17:45
Cyber & Digital Security-2019
Партнер сессии: ҚР ЦДҚӘӨМ
Hilton Astana Hall

Cyber & Digital Security-2019 

Ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДҚАОМ)/ Kaspersky Lab

Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту әрбір елдің жеке-жеке, сондай-ақ толығымен адамзаттың экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуы үшін маңызды рөл атқарады. Алайда АКТ-ны дамыту өсу мен даму үшін мүмкіндіктер туғызып қана қоймай, халықаралық және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Ақпараттық салаға өткен мемлекетаралық тайталастар шеткі нысаны ақпараттық соғыс бола алатын қақтығыстарға әкеліп соқтыра алады.

Халықаралық ақпараттық қауіпсіздік бүгінгі таңда «Әлемдік тұрақтылықтың бұзылуын болдырмайтын халықаралық қатынастардың жай-күйі және ақпараттық кеңістікте мемлекеттер мен әлемдік қоғамдастықтың қауіпсіздігіне қатер төндіруді болдырмайтын» құбылыс деп айқындалуда.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • ҚР және әлемдегі ақпараттық қауіпсіздіктің заңнамалық базасының ағымдағы жағдайы
  • Қазақстан және әлем үшін қауіп-қатерлер картасы
  • Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының аса маңызды объектілерін (АКИАМО) технологиялық қорғау шаралары: реттеушінің көзқарасы
  • Мемлекетті қорғаудың шетелдік заңнамалық және практикалық тәжірибесі
  • Мемлекетті қорғаудың үздік тәжірибесі
  • Базалық қорғаудан қауіптерді болжауға дейінгі технологиялардың эволюциясы
  • Ұйымдар ішіндегі қорғауға жауапты рөлдер
  • Жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығының (ЖАҚО) командалары, кәсіби дайындық, жұмыс регламенттері
  • АКИАМО технологиялық қорғау шаралары
  • Цифрлық тұлға, цифрлық көшірмелер, тұлғаның қауіпсіздігі
  • Кадрлар мен технологиялар тоғысындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік
  • Промышленная безопасность на стыке кадров и технологий

Модераторлар:

  • Дмитрий Голобурда, Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
  • Евгений Питолин, Kaspersky Lab – Kazakhstan, Central Asia & Mongolia атқарушы директоры
  • Андрей Беклемишев, IDC вице-президенті

Спикерлер:

  • Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДҚАОМ АҚК)
  • Ұлттық қауіпсіздік комитеті (МТҚ РМК)
  • “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ (ҰАТ АҚ)
  • «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы
  • STM (Түркия)
  • ТрансТелеком
  • Kaspersky Lab
  • Infowatch
  • Palo Alto
  • “Кибершабуылдарды талдау және тексеру орталығы” ЗТБ (КШТТО ЗТБ)
  • Positive Technologies
  • Ақпараттық технологиялардың халықаралық университеті (АТХУ)
  • Қазақстан-Британ техникалық университеті(ҚБТУ)
  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ)
  • Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ)

Келесілердің қатысуы пысықталуда:

  • The Estonian Information System Authority (RIA) (Эстония)
  • CyberSecurity Malaysia (Малайзия)
  • CyberX (Израиль)
  • Group IB
  • Cisco
  • Honeywell
  • Schneider
  • Eltex Алатау
  • Checkpoint
  • Қазақстандық интернет қауымдастығы
  • Қазақстандық IT-Компаниялар қауымдастығы
  • ОА-да ақпараттық қауіпсіздік сарапшыларының қауымдастығы
  • T&T Security
  • Akmal Security
  • Құжаттама маманы

 

13:30 - 14:45
Бейресми экономика. Сандық төлемдер экономикалық айқындықты арттыру факторы ретінде
Партнер сессии: Visa
Hilton Meeting room 3
13:30 - 17:45
Аймақтық кездесу: инклюзивті өсу саясаты. Кавказ және Орталық Азия аймағының елдері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер және Монғолия
Партнер сессии: ҚРҰБ / ХВҚ
The St. Regis Astana

Аймақтық кездесу: инклюзивті өсу саясаты. Кавказ және Орталық Азия аймағының елдері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер және Монғолия

Бірлесіп ұйымдастырушылар:ҚазақстанРеспубликасының Үкіметі, ҚазақстанРеспубликасыныңҰлттық банкі, Халықаралық Валюталық қор

2000-2014 жылдары экономикалық өсімнің жоғары қарқыны Кавказ және Орталық Азия (КАО) өңірі елдеріне кедейлікті қысқарту саласындағы прогресске қол жеткізуге мүмкіндік берді. Алайда 2014 жылдан бастап өсім қарқыны бәсеңдеді,сондықтан саясат шаралары берік, тұрақты және инклюзивті өсімді қамтамасыз етуге көбірек бағдарлануы тиіс. Инклюзивті өсім саясаты жұмыс орындары санының өсуін ынталандыруға, еңбек өнімділігін арттыруға, жеке және шетелдік инвестицияларды ұлғайтуға, демек, кедейлік пен теңсіздіктің ауқымын қысқартуға бағытталған. Инклюзивті өсім саясаты салық саясатына және кірістерді басқаруға, шығыстардың құрылымы мен сапасына, басқару жүйесін қаржылық реттеуге және ашықтық дәрежесін арттыруға қатысты шараларды қамтиды. КОА елдері инклюзивті өсім саясатымен айналысады,бұл бүкіл өңір бойынша қабылданатын экономикалық стратегияға арналған құжаттарда өз көрінісін табады. Алайда, инклюзивтік саясатты жоспарлау, іске асыру және бағалау үшін одан да көп жұмыс атқару қажет. 

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Инклюзивті өсімді ынталандыруға қажетті әлеуметтік және күрделі шығындарды жабу үшін табысты өңір елдеріндегі салықтың төмен мөлшерлемесін ескере отырып қалай жұмылдыруға болады?
  • Қаржы секторларын қалай нығайтуға және қаржыландырудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін банктердің бизнес-модельдерін жақсы жаққа қалай өзгертуге болады?
  • Шикізат тауарларының экспорты мен мемлекеттік сектор басым орын алатын аймақта қағаздағы іскерлік климаттың жақсаруы жеке сектордың белсенділігін ынталандыру тұрғысынан елеулі өзгерістерге алып келді?
  • Мемлекеттік органдардың әкімшілік тиімділігін нығайту үшін басқару жүйесін қалай жетілдіруге және ашықтықты арттыруға болады?

Модератор:

  • Марк Хортон –Таяу Шығыс және Орталық Азия елдерінің ХВҚ департаменті директорының орынбасары, Қазақстан бойынша ХВҚ миссиясының басшысы

Спикерлер:

  • Кристин Лагард – Халықаралық Валюталық қордың директоры-басқарушысы
  • Джихад Азур – Таяу Шығыс және Орталық Азия елдерінің ХВҚ департаментінің директоры
  • Ерболат Досаев – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасы
13:45 - 17:40
AEF Talks
Партнер сессии:
АХҚО
14:15 - 15:30
30-қа кіру жолында: рейтингтік агенттіктердің көзқарасы
Партнер сессии: ЭЗИ
Конгресс-орталық 3-ші зал

30-қа кіру жолында: рейтингтік агенттіктердің көзқарасы 

Ұйымдастырушылар: Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Экономикалық зерттеулер институты, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

 Қазақстанның әлемнің ең мықты экономикаларының жаһандық отыздығына кіруі жалпыұлттық ауқымдағы стратегиялық міндет болып табылады. Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты және серпінді ғылыми-технологиялық және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға басты назар аударылады. ҚР Үкіметімен елдің бәсекелестік әлеуетін арттыру бойынша жүргізілетін жұмысы ДЭФ (ЖБИ) бәсекеге қабілеттілік рейтингі, IMD, Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингісі («Doing Business»), Transparency International және т. б. сияқты әйгілі әлемдік рейтингтерде тікелей көрініс табады.

Қазақстан қазірдің өзінде «Doing Business» рейтингісі бойынша «үздік» отыз елдің мүшесі болып табылады, 28-ші орын алып, Transparency International рейтингісі бойынша әлемнің сыбайлас жемқорлыққа едәуір шырмыққан елдерінің санатынан шықты, PRS Group және IHS Markit рейтингтерінде тұрақты өсімді көрсетуде.  

Сонымен қатар, елдің басқа жаһандық рейтингтер бойынша позициясы соншалықты күшті емес. Бұдан басқа, қол жеткізілген нәтижелерді ұстап қалу да бар сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді ескере отырып, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді талап етеді.

Бұл тұрғыда әлемдік рейтинг агенттіктерінің өкілдерімен Қазақстанның отыз дамыған елдің қатарына кіру жолында алға жылжуына байланысты, кең ауқымды мәселелер бойынша пікірталастар мен талқылаулар өткізудің өзектілігі артады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Вызовы и перспективы для ҚАЗАҚСТАН а в условиях возрастающей конкуренции за лидерство в мировых рейтингах
  • Глобальные рейтинги: влияние на повестку дня и стратегию развития государства
  • Лидеры в мировых рейтингах: секреты успеха и удержания позиций лучших стран
  • Глобальные рейтинги: вчера, сегодня, завтра (перспективы развития глобальных рейтингов и подготовка ҚАЗАҚСТАН а к этим изменениям)
    Қазақстан отыз дамыған елдің қатарына кіру жолында: не жасалды және келешегі қандай? Әлемдік рейтингтерде көшбасшылығы үшін өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында Қазақстан үшін сын-қатерлер мен перспективалар
  • Жаһандық рейтингтер: күн тәртібіне және мемлекеттің даму стратегиясына әсері
  • Әлемдік рейтингтердегі көшбасшылар: табыс құпиялары және үздік елдердің позицияларын ұстап қалу
  • Жаһандық рейтингтер: кеше, бүгін, ертең (жаһандық рейтингтерді дамыту перспективалары және Қазақстанды осы өзгерістерге дайындау)

Модератор:

  • Марат Шибутов- «Транспаренси Қазақстан» ҚҚ қорғаншылық кеңесінің мүшесі

Спикерлер:

  • Мадина Жүнісбекова - ҚР ҰЭМ вице-министрі *(Қысқаша сөз айтуы)
  • Алик Шпекбаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы *( Қысқаша сөз айтуы)
  • Анастасия Калинина – Дүниежүзілік экономикалық форумның еуразиялық бағыты басшысы
  • Артуро Брис –IMD-де қаржы профессоры, IMD (IMDWorldCompetitivenessCenter) бәсекеге қабілеттілік орталығының директоры
  • Бен Слей –Еуропа және ТМД елдері үшін БҰҰДБ өңірлік бюросының аға кеңесшісі (РБЕС)
  • Кристофер Макки - PRS Group бас атқарушы директоры
14:15 - 15:30
Азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі факторлары. Қазақстан мен ИЫҰ елдері
Партнер сессии: G-global
Конгресс-орталық 1-ші зал

Азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі факторлары. Қазақстан мен ИЫҰ елдері

Ұйымдастырушылар: G-Global Халықаралық хатшылығы, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі, КазАгро, БҰҰДБ, ФАО, “Еуропалық экономикалық ғалымдар клубы” қауымдастығы”, Ислам даму банкі.

Қазақстан экономикасының перспективалық секторларының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады, өйткені ол шынымен де оның экспортының әртараптандырылу стратегияларына жаңа импульс бере алады. Көп этникалық және көп конфессиялық мемлекет болып табылатын Қазақстан, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогты дамытуға бағытталған ғаламдық үрдісті толығымен қолдайды. Мемлекеттің басқа да ірі өңірлік және ғаламдық ұйымдармен қатар Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) қызметіне белсене араласуының маңызы қазіргі кезеңде барған сайын артып барады. Қазақстан ИЫҰ 1995 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 50-ші сессиясы аясында кірді. «Еуразиялық» тұжырымдаманы ұстана отырып, Қазақстан өзінің сыртқы саяси қызметін Еуропамен де, Азиямен де өзінің халықаралық ынтымақтастығын теңдестіріп қана қоймай, сонымен қатар екі бағытта да аса белсенді саясат жүргізуге болатындай жүзеге асырады. Астананың 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Ұйымға төрағалық етуі және 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымына көшбасшылық етуі бұл жағдайға оң ықпал етті.

Талқыланатын мәселелер:

  • Суармалы жерлердің ауданын ұлғайту:жерді ұтымды пайдалану
  • Ет пен ауыл шаруашылық дақылдарының экспортын арттыру
  • Ауыл шаруашылығын цифрлық жүйеге көшіру: цифрлық фермалар
  • Әр өңір үшін аграрлық-өнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамыту тұжырымдамасы
  • АӨК ұзақ мерзімді бағдарламалары: мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы салалық бағдарламалар
  • Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік-жеке серіктестік (МЖС)
  • Ірі қалаларда көтерме-үлестірімділік орталықтар (КҮО) желілерін дамыту
  • Мүше-мемлекеттерге ауыл шаруашылығын, ауылдық жерлерді, азық-түлік қауіпсіздігін және биотехнологияларды тиімді дамытудың әртүрлі аспектілері бойынша сарапшылық тәжірибе мен техникалық ноу-хау ұсыну
  • Жердің шөлейттенуі, ормандық алқаптардың қысқаруы, топырақ эрозиясы мен тұздануы салдарынан туындаған мәселелерді шешу, сонымен қатар тұрақты әлеуметтік байланыстарды қамтамасыз ету
  • ИЫҰ мүше-мемлекеттерінде ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігінің артуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық және ауыл шаруашылық ресурстарын жұмылдыру және басқару
  • Ортақ ауыл шаруашылық қағидаларын үйлестіру, қалыптастыру және жүзеге асыру, оның ішінде сәйкес технологиялармен алмасу және табыстау жолдары арқылы
  • ИЫҰ арасында ауыл шаруашылығына және азық-түлік қауіпсіздігіне инвестицияларды ынталандыру

 Модератор:                

  • Башир Джама Адан–ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, ИсламДаму Банкі

Спикерлер:

  • Құттықтау сөз: Омаров Сапархан-ҚР Ауыл шаруашылық министрі
  • Айдарбек Сапаров - ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі
  • Ирина Бокова- ЮНЕСКО бас директоры (2009-2017)
  • Шив Хемка - Sun Groupпрезиденті
  • Махмуд Мухильдин–күн тәртібі бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңде даму саласындағы Дүниежүзілік банк тобының бас вице-президенті
  • Набиль Ганги –ФАО өңірлік өкілінің орынбасары, Еуропа және Орталық Азия өңірлері
  • Вахид Кайзер- Inclusive Payment Solutions төрағасы және бас атқарушы директоры және «Максим Корпоративные Финансы» ЖШС президенті
  • Ерлан Байдаулет– ИДБ атқарушы директоры (2011-2014)
  • Нур Абди–Ислам Даму Банкінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы
14:15 - 15:30
Цифрлық трансформация – ЕАЭО-дағы қатынастардың жаңа нысаны
Партнер сессии: ЕЭК / ҚР ЦДҚӘӨМ
Конгресс-орталық 4-ші зал

Цифрлық трансформация – ЕАЭО-дағы қатынастардың жаңа нысаны 

Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

Төртінші өнеркәсіптік революция технологиялары бәсекеге қабілеттілікке, өмір сүру сапасына және қалалардың ресурстық тиімділігіне, сондай-ақ қалалық басқаруға үлкен әсер етеді. Дамыған және дамушы елдердің қалалары қазіргі заманғы технологиялық шешімдерді белсенді түрде енгізеді,оның ішінде сандық трансформацияның кешенді стратегиясын әзірлейді. Әлемде қалалардың тиімділігін арттыру бойынша танылған үздік тәжірибелер пайда болуда, алайда табыстың негізгі факторларын кешенді түсіну әлі қалыптасқан жоқ. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде қалалардың табысты даму стратегияларын құру және шешімдер қоржынын қалыптастыру үшін тиімді стандарттар қандай болуы мүмкін? Сессия Дүниежүзілік экономикалық форуммен ынтымақтастықта өткізіледі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

● Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі қалалардың экономикалық рөлі қалай өзгереді?

● Қалаларды цифрлық трансформациялаудың кешенді бағдарламаларын іске асырудың бірінші тәжірибесінен қандай сабақтар алу керек?

● Бүгінгі күні қалалардың бәсекеге қабілеттілігін, өмір сүру сапасын және ресурс тиімділігін арттыру, сондай-ақ қалалық басқару тиімділігін арттыру және тұрғындарды тарту үшін қандай тиімді цифрлық технологиялық шешімдерді қолдануға болады?

Модератор:

  • Алексей Праздничных - Strategy Partners серіктесі, «Мемлекеттік және коммерциялық емес сектор» практикасының басшысы

Спикерлер:

  • Максим Орешкин - РФ Экономикалық даму министрі
  • РусланДәленов - ҚР Ұлттық экономика министрі
  • Бақыт Сұлтанов - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
  • Нахид Ненши, Калгари қаласының мэрі
  • Дон Ивсон, Эдмонтон қаласының мэрі
  • Тан Ченшу, Далянь қаласының мэрі
  • Александр Идрисов, Strategy Partners негізін қалаушы және президенті
  • Ямин Щу, Дүниежүзілік экономикалық форумның заттар интернеті, роботтар және ақылды қалалар жөніндегі жобаның басшысы
14:15 - 17:00
Марапат пен құрмет: 21-ғасырдағы мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру
Партнер сессии: БҰҰДБ / ACSH / GSPP NU
Конгресс-орталық 5-ші зал

Марапат пен құрмет: 21-ғасырдағы мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру

Ұйымдастырушылар: Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, Астана мемлекеттік қызмет хабы, Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

Белгісіздік, күрделілік пен құбылмалылықтың жоғары дәрежесімен сипатталатын 21-ғасырда азаматтар тарапынан туындайтын жаңа сын-қатерлерге үкіметтер мен мемлекеттік қызметтің жедел ден қою қабілеті шешуші мәнге ие. Тиісінше, өзгермелі жағдайларға тез икемделетін тиімді мемлекеттік қызмет адамдардға лайықты өмір, қалалардың қалыпты жұмыс істеуін және экономиканың инклюзивті өсуін қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Бұл 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарында көрініс тапты.

Тиімді мемлекеттік қызметті құруда сапалы адами ресурстар, меритократия қағидаттары мен ынталандыруға ерекше орын беріледі. Сондықтан да бұл мәселелер Астана мемлекеттік қызмет хабына қатысушы елдерді қоса алғанда, көптеген үкіметтердің реформаларының күн тәртібіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

Сонымен бірге, әрбір үкіметтің күн тәртібі әртүрлі, осы салалардағы реформалардың жылдамдығы, қарқыны мен тереңдігінде айырмашылықтар бар. Дегенмен, үкіметтер осы ізденіс барысында жаһандық трендтер мен мәдени-тарихи ұқсас проблемаларға негізделген аймақ елдері үшін бірдей сын-қатерлерді ескеруі қажет. Демек, ынталандыру, еңбекақы төлеу және бағалау мәселелерінде өзара білім алмасу, басқа елдердің тәжірибесін есепке алу және зерттеулер маңызды рөл атқарады.

Осыған орай, аталған мәселелер бойынша тәжірибе мен білім алмасу аймақ елдерінің үкіметтері мен жауапты мемлекеттік органдары үшін аса маңызды мәнге ие. Панельдік сессияда әр түрлі елдердің, соның ішінде Хабқа қатысушы елдердің мемлекеттік органдары өкілдері сөз сөйлейді. Негізгі спикер ретінде мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру теориясының негізін қалаушылардың бірі болып табылатын профессор Джеймс Перри шақырылды. Ол «Comparative Civil Service Systems in the 21st Century» кітабында «Civil Service Systems and Public Service Motivation» тарауын (2015 ж.) және Анна Хондегхеммен бірлесіп «Motivation In Public Management: The Call Of Public Service» (2008 ж.) аттыкітапжазған.

Сессиямақсаты – мемлекеттік қызметшілерге еңбекке ақы төлеу мен бағалау саласындағы прогресспен жетістіктер, соңғыз ерттеулер нәтижерелімен анықтаған проблемалары, сондай-ақ өңірлік және жаһандық трендтермен танысу мен талқылау.

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, еңбекақы төлеу және бағалау жүйесінде прогрессивті, тиімді және инновациялық құралдарды анықтау;
  • мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, еңбекақы төлеу және бағалау саласындағы жаһандық трендтер мен заманауи зерттеулердің нәтижелерін талқылау;
  • мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруге, олардың қызметінің тиімділігін бағалауға бағытталған нақты елдік мысалдар, кейстер мен реформаларды қарастыру;
  • мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, еңбекақы төлеу және бағалау саласында жаңа құралдарды әзірлеу мен енгізу тәжірибесінен алынған сабақтарды қорыту;
  • қатысушы елдердің ынталандыру жүйесін дамытудағы қазіргі заманғы трендтері және оны басқа елдерде енгізудің практикалық нәтижелері туралы хабар алу;
  • ынталандыру, еңбек ақы төлеу және бағалау саласындағы сарапшылар желісін нығайту.

Модераторлар:

  • Алихан Байменов, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы
  • Гүлмира Раисова, Қазақстан HR-менеджерлер ассоциациясы Үйлестіру кеңесінің төрайымы

 

Спикерлер:

  • Алихан Байменов -Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы
  • Мирьяна Эггер -БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰДБ әкімшісінің көмекшісі, Еуропа және ТМД үшін Өңірлік бюроның директоры
  • Шигео Катсу, Назарбаев Университеті президенті
  • Алик Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы
  • Джеймс Л. Перри, Индиана университеті Блумингтон Н. Х. О’Нил атындағы Қоғамдық және экологиялық мәселелер мектебініңасақұрметті профессоры, АҚШ
  • Гүлмира Раисова, Қазақстан HR-менеджерлері ассоциациясыҮйлестіру кеңесінің төрайымы
  • Басскаран Наир, Назарбаев УниверситетініңЖоғары мемлекеттік саясат мектебінің шақырылған профессоры
  • Екатериана Кардава, Грузияның Мемлекеттік қызмет бюросының директоры, Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің мүшесі
  • Алона Пасека, Украина Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ұлттық агенттігінің халықаралық ынтымақтастық және әкімшілік қамтамасыз ету хаттамасы бөлімінің басшысы
  • Жандос Хасен,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаментінің Ынталандыру, бағалау және персоналды дамыту басқармасының басшысы
  • Панос Ливеракос, Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы мен Астана мемлекеттік қызмет хабы үшінтехникалық кеңесшісі
14:15 - 15:30
Су Орта Азиядағы даму мен қауіпсіздіктің өсу факторы
Партнер сессии: АШМ
Hilton Meeting room 3

Су Орта Азиядағы даму мен қауіпсіздіктің өсу факторы

14:15 - 17:00
Ғылым мен инновациядағы және бизнестегі әйелдер
Партнер сессии: Expo & Women / BCG
Конгресс-орталығы, Пленарлық отырыстардың негізгі залы

Ғылым мен инновациядағы және бизнестегі әйелдер 

Ұйымдастырушылар:«Expo&Women» Халықаралық ұйымы, BCG, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен БҰҰДБ

Стратегиялық серіктестер: IRENA жаңғырмалы қуат көздері бойынша халықаралық агенттігі (Штаб-пәтері БАӘ), Жібек жолы Сауда-Өнеркәсіптік палатасы (Қытай)

Ғаламдық экономикада әйелдердің позициясын нығайтуға сұраныс және олардың заманауи әлемге әсері өсіп келеді. Бүгінгі күні көптеген дамыған мемлекеттерде әйел капиталын дамыту негізінде инклюзивті экономиканы қалыптастыру қажеттілігін әлдеқашан түсінген.

Әйелдердің экономикалық құқықтарын және мүмкіндіктерін кеңейту, гендерлік теңдіктің өсуі өнімділікті арттырады, экономиканың әртараптануын және табыстардың теңдігін ұлғайтады. Халықаралық валюталық қорға сәйкес, гендерлік теңгерімді көтеру Канада және Жапония сияқты дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 4%-ға, ал дамушыелдерде 30-32%-ға дейінөсуіне ықпал етеді. Гендерлік теңгерім инновацияларды ендіру, бизнес тиімділігінің негізгі көрсеткіштері, компанияның жалпы ұйымдастырушылық және қаржылық табыстылығы, бизнестің әлеуметтік құраушысының артуы сияқты бірқатар бизнес-факторларға жағымды әсер етеді.

Ғылым мен технологияның қарқынды дамуы дарындарға үлкен сұраныс тудырады, ал компаниялар тарапынан бұл сұранысты қанағаттандыруда қиындық туындайды. Бұл ретте әйелдер дарындар ортақтастығына жеткілікті деңгейде қосылмай қалады, компаниялар олардың әлеуетін көп жағдайда тиімді пайдаланбай жатады. Бүкіл әлем бойынша әйелдер жаратылыстану ғылымдары, технология, инжиниринг және математика салаларындағы мамандықтар бойынша түлектердің 36% ғана құрайды, және осы салалардағы жұмыс орындарының тек 25% және басқарушы қызметтердің 9% ғана алып жатыр. Дегенмен, әйелдердің «технологиялық» жұмыс орындарындағы үлесін көтеру дарындарға өсіп жатқан сұранысты қанағаттандыруға ғана әсер етпейді. Гендерлік теңгерімді арттыру бизнес үшін нақты операциялық және қаржылық пайдалар әкеледі. Әйелдер тең деңгейде жұмысқа тартылған компаниялар салыстырмалы түрде көбірек инновациялық және тұрақты болып келеді.

2018 жылы жүргізілген BCG зерттеулері басшылар арасындағы әртараптанудың аса жоғары деңгейі мен бизнестегі инновациялардың тиімділігі арасындағы байланысты анықтады. Басшылық құрамдары көбірек әртараптандырылған компаниялар бизнесте инновацияларды ендіру барысында көбірек табысқа жетеді. Бұндай басшылар топтары компания табысының жартылай дерлік мөлшерін инновациялық өнімдер мен қызметтер есебінен қамтамасыз етеді: оның мөлшері көп деңгейде бір текті басшылар құрамымен жабдықталған компаниялардың нәтижелеріне қарағанда, 20%-ға жуық мөлшерде асып түседі. Сонымен қатар, зерттеуге сәйкес, басшылары әртүрлі құрамдас ұйымдар жалпы үздік қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізеді: олардың табысы пайыздар мен салықтарды (EBIT) шегергенге дейін басқа ұйымдармен салыстырғанда шамамен 10%-ға жоғары болады.

Дегенмен, экономика мен бизнестегі жалпы гендерлік теңсіздік мәселесі әлемде әлі де сақталып келеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның «Гендердік алшақтық туралы ғаламдық баяндама, 2018» зерттеулерінің деректері бойынша ағымдағы жағдайды ескергендегі және шектік шаралар туындамаған жағдайдағы гендерлік алшақтық әлемнің 108 мемлекетінде 108 жыл бойы, ал Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірлерінде 124 жыл бойы әлі де жойыла қоймайды.

Сонымен қатар, бүгінгі күні адамзаттың әлеуметтік-мәдени дамуына ықпал ететін және әйелдердің заманауи қоғамдағы орнын өзгертетін ғаламдық трендтерді де ескеру қажет.

Осындай тақырыптама қойылымымен сессия өткізу қойылған мәселелерді өзектендіріп қана қоймай, сондай-ақ оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. 27 жыл ішінде Қазақстан гендерлік теңдік саласында үлкен жетістіктерге жетті, дегенмен, әлі де шешуді қажет ететін мәселелер бар. Мысалы, қаржыға, жерге, қозғалмайтын мүлікке және технологияларға тең қолжетімділіктің шектелуі. Сонымен қатар еңбекақы төлеуде, көп ақы төленетін жұмыс орындарына, басшылық қызметтерге қолжетімділікте, әсіресе ауылдық жерлерде ерлер мен әйелдер арасындағы алшақтық орын алады.

 

Талқыланатын мәселелер:

  • Әйелдердің ғылымдағы, инновациялардағы және бизнестегі рөлі қандай және әйелдердің экономикалық дамуға қосқан үлесін арттырудың әсерлі тәсілдері қандай?
  • Гендерлік алшақтықты қысқартудағы халықаралық ұйымдардың, мемлекеттердің және бизнестің табысты тәжірибелері қандай?
  • Басшы әйел өзінің ұйымындағы гендерлік теңгерімді және жетістікті қамтамасыз етуге қалай ықпал ете алады?
  • Әртүрліліктің гендерлік теңгерімін жылжытуда, осылайша қоғамда, ғылымда, инновацияларда және бизнесте ілгерілемелі дамуды қамтамасыз етуде әйелдер қоғамдастығы күшінің бірігу мүмкіндіктері қандай?

Модератор:

  • Рахим Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры

Спикерлер:

  • Гульшара Абдыкаликова, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы
  • Бруно Бальванера, ЕҚДБ Орталық Азия бойынша басқарушы директоры
  • Асли Курбай, BCG серіктесі және басқарушы директоры
  • Селия Гарсия-Банос, Саясат пен қаржылар орталығының бағдарламалар жөніндегі маманы, IRENA
  • Чжан Инь, директорлар кеңесінің төрағасы, Nine Dragons Paper Holdings, Қытай
  • Асель Аяпова, Дрондарды пайдалануды дамыту бойынша ғаламдық инновациялық бағдарламалар директоры, AESкорпорациясы
  • Александра Аккирман, «Соca-Cola» компаниясының Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі үкіметтік және қоғамдық байланыстар менеджері
  • Алена Ткаченко, Nommi компаниясының негізін қалаушылардың бірі және атқарушы директоры, Love to Code бағдарламалау мектебінің негізін қалаушылардың бірі
  • Салтанат Рахимбекова, «Expo&Women» Халықаралық ұйымы төралқасының төрайымы
14:15 - 15:30
Ұғыну (коннективность) дәуірі: жеке сектор рөлі
Партнер сессии: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
Конгресс-орталық 2-ші зал

Ұғыну  (коннективность) дәуірі: жеке сектор рөлі

Ұйымдастырушылар: Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитет/ Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕБРР)

Орталық Азия –өте өзара байланысқан өңір, ол Еуропа мен Азияны байланыстырып жатыр. Бұл өңірдің инфрақұрылымдық мүмкіндіктері мен экономикалық дәліздері аса маңызды географиялық өсу көздерінің бірі болып табылады. Қытай, Еуропа және Ресейдің арасындағы ғаламдық дәліздердің ортасында орналасқан Орталық Азия біртұтас экономикалық және сауда жолы болып табылады. Дегенмен, бұл ретте Орталық Азияның ішіндегі мемлекеттердің сауда қатынастары өте төмен. Бүгінгі күні өңірдің дамуында коннективтілік маңызды рөл атқарады, осылайша «Белбеу мен жол» бастамасы және Еуропа мен Азияның өзара қарым-қатынасына қатысты стратегиялар бизнес үшін бірқатар инвестициялық, инфрақұрылымдық және сауда мүмкіндіктерін алып келеді.

Талқыланатын мәселелер:

  • Жаңа технологиялар Еуропадағы коннективтілікті қалай өзгерте алады?
  • Орталық Азиядағы коннективтілікке қандай технологиялар әсер етеді (транспортқа, логистикағажәне т.б?
  • Орталық Азиядағы коннективтіліктің жақсаруына байланысты қандай мүмкіндіктер туындайды?
  • Бұл үрдістегі жеке сектор мен реттеушілердің рөлі қандай болады?

Модератор:

  • Маттиа Романи - Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕБРР) экономика, саясат және басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры

Спикерлер:

  • Мустафа Мастур, Афганистанның экономика министрі
  • Байгалмаа Гочосурен, Монғолия президентінің аппараты басшысының орынбасары
  • Массимо Деандрес, С.Р.М. Экономикалық зерттеулер орталығының бас директоры, GEI Италия бизнес экономистері кеңесінің төрағасы
  • АлексейГром, Eurasia Cargo Rail Allianceпрезиденті
  • Талех Зиядов, бас директор,Бакупорты
  • Джордж Лам, Cyberport төрағасы, атқармаушы төрағасы - Гонконг және АСЕАН өңірлері, Macquarie Infrastructure және Real Assets Asia бас кеңесшісі
  • Ерлан Абсатов, "KAZLOGISTICS" Қазақстанның көлік қызметкерлері одағының бас директоры

 

14:15 - 15:30
Негізгі ұлттық көрсеткіштер: тұрақты даму құралы
Партнер сессии: Есеп комитеті
Hilton Astana Hall

Негізгі ұлттық көрсеткіштер: тұрақты даму құралы

Ұйымдастырушылар:Республикалық бюджеттін атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті

Тұрақты өсім - бұл тек экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік, мәдени, экологиялық және басқа да салаларда қол жеткізудегі прогресс. Елдің, оның халқының және оның институттарының жай-күйін әртүрлі тәсілдермен өлшеуге болады. Макроэкономикалық көрсеткіштер елдердің дамуын өлшеу үшін кеңінен қолданылады, бірақ олар әлеуметтік прогрестің барлық элементтерін ескермейді. Негізгі ұлттық көрсеткіштерді айқындау үкімет қызметінің сапасын арттыруға және нәтижесінде, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді. Ұлттық көрсеткіштер жүйесінің мақсаты жүйелі түрде шаралар қолдану және азаматтарға арналған маңызды әл-ауқаттың түрлі аспектілері бойынша есеп беру болып табылады. Сондай-ақ олар ұлттық стратегияларды кешенді басқару және олардың барлық сатыларда іске асырылуын тиімді бағалау үшін қажет.

Негізгі ұлттық көрсеткіштер жөніндегі INTOSAI жұмыс тобы бірқатар зерттеулер жүргізді, озық халықаралық тәжірибе жинақталды. Тиімділікті және есеп берушілікті қамтамасыз етудегі ұлттық үкіметтердегі рөлдер мен міндеттерді ескере отырып, Жоғарғы аудит органдары негізгі ұлттық міндеттерді шешу жолдарын айқындауда маңызды рөл атқара алады. Проблемаларды шешу және ұлттық нәтижелерге қол жеткізуге арналған қажетті құралдардың бірі негізгі көрсеткіштер негізінде тиімділікті бағалау жүйесін әзірлеу болып табылады, олар шарттар мен үрдістерді бағалауға, қалаған нәтижелерге қол жеткізудегі прогрессті бағалауға және ақырында мақсаттарға қол жеткізілгендігін куәландыруға мүмкіндік береді. Осы нәтижелер стратегиялық жоспарлау кезінде, жұмыс нәтижелерін бағалау және есеп беру есептілігін арттыру үшін, сондай-ақ саясатты тиімді талдауға және бағдарламаларды бағалауға жәрдемдесу үшін ақпарат ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Негізгі ұлттық көрсеткіштер жүйесінің теңгерімділігі, келісімділігі және тұтастығы–Жоғарғы аудит органдарының көзқарасы
  • Мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша ұлттық көрсеткіштердің декомпозициясы
  • Іске асыру кезеңіндегі ұлттық көрсеткіштерге қол жеткізу аудиті және мониторингісі –теория және практика
  • Негізгі ұлттық көрсеткіштерді қолдану практикасында жоғарғы аудит органдарының рөлі
  • Негізгі ұлттық көрсеткіштер жүйесін сапалы бағалау үшін мемлекеттік аудитордың кәсіби деңгейі

Модератор:

  • Наталья Годунова – Есеп комитетінің төрағасы

Спикерлер:

  • Валерий Пацкан -Украинаның Есеп комитеті төрағасы
  • Левон Еолян –Армения Республикасының Аудиторлық палатасы төрағасы
  • Янар Холм – Эстонияның мемлекеттік бақылаушысы
  • Адель Азар – Иран Ислам Республикасының Шоттар сотының төрағасы
  • Зекерия Туйсуз –Түркияның Шоттар сотыныңвице-президенті
  • Алексей Кудрин –Ресей Федерациясының Есеп палатасының төрағасы
  • Дмитрий Зайцев –Ресей Федерациясының Есеп палатасының аудиторы
  • Хариб Саид Аль-Амими – Халқаралық жоғарғы қаржылық бақылау органдарының ұйымының (ИНТОСАИ) төрағасы
  • Джавайд Джехангир –Пәкістанның бас аудиторы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Жоғарғы аудит органдарының бас хатшысы
14:15 - 15:30
AEF Talks
Партнер сессии:
АХҚО
14:15 - 17:00
KGIR
Партнер сессии:
The St. Regis Astana
14:15 - 17:00
Дүниежүзілік сауда ұйымының еркін экономикалық аймақтар бойынша аймақтық форумы
Партнер сессии: ҚР ҚМ
Rixos President Astana Hotel
15:00 - 16:15
Инновациялар - ЕАЭО автоөнеркәсібінің болашағы
Партнер сессии: ЕЭК
Конгресс-орталық 3-ші зал

Инновациялар - ЕАЭО автоөнеркәсібінің болашағы

Ұйымдастырушылар: «Автонет» Ұлттық технологиялық бастамасы (РФ), Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жасау машина жасаудың неғұрлым ғылымды және капиталды қажетсінетін салаларының бірі ретінде және оның жоғары кооперациялық әлеуеті бар, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін салалардың басым түрлері тізбесіне енгізілген.

Астана экономикалық форумының «Инновациялар – ЕАЭО автоөнеркәсібінің болашағы» панельдік сессиясында заманауи автомобиль өнеркәсібіндегі негізгі сын-қатерлер мен үрдістер: цифрлық технологияларды, экологиялық таза (электромобиль), ұшқышсыз және қосылған көлікті дамыту, қалалық ұтқырлықтың жаңа шешімдері талқыланады. Автопромдағы инновацияларды мемлекеттік ынталандыруға назар аударылатын болады. Спикерлер технологиялық шешімдерді, соның ішінде ұшқышсыз көлік саласындағы инновациялық тәсілдер, әлемдік автомобиль IT-шешімдерінің Еуразиялық нарыққа интеграциясы туралы баяндайды.

Талқыланатын мәселелердің арасында – автомобиль саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу, ЕАЭО аумағындағы автомобиль брендтерін дамыту стратегиясы; Connectivity негізінде сервистерді қолдану; әлемде және ЕАЭО-да пилотсыз технологияларды пайдалану: 5G, V2X, C-V2X, DSRC және басқалар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • ЕАЭО мүше елдерде электр көлігін дамытуды қолдау
  • Автомобиль өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру
  • Адам және заттар логистикасындағы зияткерлік жүйелер, платформалар мен желілер негізінде озық сервистер мен қызметтер нарығын дамыту және ақылды көлік саласындағы нормативтік-құқықтық бастамалар
  • Электр көлігін дамыту
  • Қалалық ұтқырлық эволюциясы
  • ЕАЭО аумағында Ниссан компаниясын дамыту жоспарларын іске асыру
  • Жүк автомобильдерінің 2-шідигитализациясын дамыту стратегиясы
  • Ұшқышсыз көлік және қалалар индустриясының негізгі трендтері: Қосылған автомобильдер: болашақтың қарсы алаңында

Модератор:

  • Александр Гурко – «Автонет» ҰТБ жол картасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыс тобының қос орындаушысы, «ГЛОНАСС» КЕС президенті

Спикерлер:

  • Александр Субботин — Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі
  • Роман Скляр — Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
  • Александр Морозов — Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары
  • Александр Гурко— «Автонет» ҰТБ жол картасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыс тобының қос орындаушысы, «ГЛОНАСС» КЕС президенті
  • Игорь Антаров —MOSCOW TESLA CLUB басқарушы серіктесі
  • Яна Аржанова —Volvo Group мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі директоры
  • Татьяна Горовая — мемлекеттік билік органдарымен және үкіметпен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі директор, «Ниссан Мэнуфэкчуринг РУС» ЖШҚ
  • Вахтанг Парцвания - мемлекеттік органдармен жұмыс жасау жөніндегі директор, Скания
  • Павел Козлов – бизнесті дамыту жөніндегі директор, HERE TECHNOLOGIES
  • Андрей Василевский - кірістірілетін автомобильдік шешімдер лабораториясының басшысы Яндекс
  • Андрей Лаврентьев —Қазақстан Республикасының Қазақстандық автобизнес қауымдастығы президенті
  • «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан өкіл
15:00 - 16:15
Аумақтық-кеңістіктік дамудың сын-қатерлеріне жауап
Партнер сессии: ЭЗИ
Hilton Meeting room 3

Аумақтық-кеңістіктік дамудың сын-қатерлеріне жауап

Ұйымдастырушылар: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Өңірлік зерттеулер орталығы; Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Өңірлердің аумақтық-кеңістікті дамуының сын-қатерлері және оларға тойтарыс беру әрқашан халықты қоныстандыру жүйесін және мемлекеттердің экономикалық орталықтарын қалыптастырды. Қазіргі әлемде елдердің әкімшілік шекаралары өңірлердің тұрақты және инклюзивті дамуы жолындағы табиғи кедергі болып табылады. Ішкі және сыртқы нарықтардың байланысын қалай қамтамасыз етуге болады? Қандай интервенциялары көмектеседі өңдеудегі қосылған құнды ұлғайту және шығындарды төмендету керек. Қалалар мен қоныстарды урбанизациялаудан және кеңейтуден артықшылықтарды иелену және трансшекаралық сауданы ынталандыру үшін қандай саясат қажет?

Үйлестірілген аумақтық-кеңістікті жоспарлау нарықтардың жақсы қол жетімділігіне, кеңістіктік шоғырлануды ұлғайтуға және базалық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудегі теңсіздікті төмендетуге ықпал етеді. Ірі және шағын қалалардың, сондай-ақ басқа да қоныстардың өндірістердің жаһандық тізбектеріне экономикалық интеграциясы жергілікті және елдік деңгейде бәсекелестікті арттырады, компаниялардың өнімділігін арттырады және шетелдік инвестицияларды тартады.

Бүгінде аумақтар мен кеңістіктің дамуы сыртқы және ішкі факторларды ескеруі тиіс. Біздің сессияда біз халықаралық тәжірибелерден аумақтық-кеңістіктік дамудың табысты тәжірибесін талқылаймыз, Қазақстан Республикасының аумақтық-кеңістіктік дамуы бөлігінде саясатты кейіннен түзету үшін сарапшылармен тәжірибемен және білімдермен алмасамыз.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қазақстан контекстіндегі кеңістіктік дамудың жаңа факторлары, олардың аумақтық әсері және оларды шешудің тәсілдері
  • Жаһандану және экономикалық интеграция бойынша халықаралық тәжірибеден алынған мысалдар
  • Қазақстанда қолданылуы
  • Мемлекеттік саясатты үйлестіру жүйесі және оның кеңістіктік және өңірлік дамуға әсері
  • Ұлттық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде кеңістіктік-аумақтық саясатты үйлестіру жүйесін ұйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибеден алынған мысалдар
  • Қазақстанда аумақтық-кеңістіктік саясаттың неғұрлым тиімді құралдарын қолдану
  • Моно - және шағын қалаларды, табиғи ресурстары таусылып бара жатқан шалғай және депрессивті елді мекендерді тиімді дамыту және басқарылатын урбанизация бойынша іс-шаралар жөніндегі тәжірибеден алынған мысалдар
  • Қазақстандағы дамыған елдердің урбанизация деңгейіне қол жеткізуге арналған шаралар мен құралдар туралы пікірталастар

Модератор:

Цубер Петр, Варшава институтының кеңістікті дамыту кафедрасының меңгерушісі, Польшаның Ұлттық кеңістікті дамыту тұжырымдамасы жобасының жетекшісі, Польшаның кеңістікті дамыту жөніндегі комитетін қоса алғанда, ынтымақтастық және аумақтық мәселелер мәселелерімен айналысатын еуропалық және ұлттық органдардың мүшесі, Польшаның Өңірлік даму министрлігінің Құрылымдық саясатты үйлестіру департаментінің бұрынғы директоры

Спикерлер:

  • Руслан Дәленов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
  • Сергей Перапечка, TheBostonConsultingGroup-тың Қазақстан Республикасындағы басшысы
  • Жандосов Ораз, «Ракурс» Экономикалық талдау орталығының директоры
  • Митчелл Алан, атқарушы директор, биліктің муниципалды органдарына қызметтер көрсетудің халықаралық орталығы, KPMG
  • Альтер Рольф, Херти мектебінің ғылыми аға қызметкері, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық тәуекелдер туралы баяндамасы жөніндегі Консультативтік кеңестің мүшесі, ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару және Аумақтық дамудың бұрынғы директоры
  • Богомолова Ирина, Волгоград мемлекеттік техникалық университетінің профессоры
  • Шоль Бернд, ETH Zurich Кеңістіктік және ландшафттық жоспарлау институтында кеңістіктік жоспарлау және даму профессоры
  • ЭЫДҰ атынан аумақтық-кеңістікті саясат және урбанизация жөніндегі өкілі
15:00 - 16:15
Жасыл даму үшін инновациялық экожүйелерді жасау: ғылым, білім беру және технологиялар
Партнер сессии: IGTIC
Конгресс-орталық 4-ші зал

Жасыл даму үшін инновациялық экожүйелерді жасау: ғылым, білім беру және технологиялар 

Ұйымдастырушы:«Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың» халықаралық орталығы» КЕАҚ

Бірлесіп ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын ілгерілету, Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру, озық қолжетімді технологияларға көшу жолымен технологиялық жаңғырту бөлігінде Қазақстанның 2025 ж. және 2050 ж. дейінгі стратегиялық даму жоспарларына қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында ашылды.

Панельдік сессия соңғы уақытта талқыланатын тақырыптардың біріне, атап айтқанда «Жасыл» экономикаға арналған. Осы тақырып ғалымдардың, экологтардың және бүкіл әлем экономистерінің назарын аударады, түрлі форумдар мен конференцияларда талқыланады. «Жасыл» экономика – бұл қоршаған ортаға минималды зиян келтірумен, адамдардың әл-ауқаты мен жайлылығын арттыру мүмкіндігі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • «Жасыл» экономика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының болашақ мамандарын (студенттерін) жүйелі оқыту жөніндегі ұсыныстарды талқылау және әзірлеу
  • Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында «Жасыл білімдер мен технологиялар» жаңа оқу пәнін енгізу
  • Кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша арнайы бағдарламаларды дамыту ● ЕҚТ қағидаттары негізінде табиғатты қорғау саласындағы, өнеркәсіптік саясатта, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудағы мемлекеттік реттеу ● Ең жақсы қолжетімді технологиялар қағидаттары бойынша технологиялық нормалауға көшу
  • ЕҚТ енгізудің экономикалық тиімділігі мен экономикалық негіздемесі ● Қауымдастықтардың тұрақты даму құралы ретінде ең жақсы қолжетімді технологияларды ендіру

Модератор:

  • Қанат Байғарин, «Назарбаев Университеті» АБҰ президентінің кеңесшісі

Спикерлер:

  • Асқар Мамин - ҚР Премьер-министрі
  • Қанат Бозымбаев -ҚР Энергетика министрі
  • Күләш Шәмшидинова -Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
  • Бақытжан Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
  • Әлия Назарбаева,Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының төрайымы, ҚР қоғамдық қайраткері
  • Рапиль Жошыбаев,«Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы басшысы
  • Аднан Амин –Энергияның жаңартылатын көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры
  • Д-р Тани Бин Ахмед Аль-Зеюди – Біріккен Араб Эмірліктерінің қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі министрі
  • Мария Ребекка Баллестра – Дүниежүзілік Жер фестивалінің негізін қалаушы
  • Куми Китамори –ҚОҚ Директоратының жасыл өсім және жаһандық қарым-қатынастар бөлімінің басшысы, ЭЫДҰ
  • Дмитрий Скобелев - «Ең жақсы қолжетімді технологиялар бюросы» басшысы, Ресей
  • Вольфрам Рассель -ШтутгартУниверситетініңректоры
  • Ли Чан Му - Сеул ұлттық университетінің президенті
  • Мунго Парк, «CleanEquity Monaco»төрағасы және бірлесіп негізін қалаушы
  • Грег Хоровитт - «Тропикалық орман. Келесі Кремний алабын құрудың құпиясы» кітабының авторы
  • Рахман Алшанов – Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындары қауымдастығының президенті
  • Ерлан Сыдықов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры

 

Организатор: НАО «Международный центр «зеленых»технологий и инвестиционных проектов»

Соорганизаторы: Министерство энергетики Республики Казахстан, ОЮЛ «Ассоциация экологических организаций Казахстана».

Международный центр «зеленых» технологий и инвестиционных проектов, созданный по поручению Первого президента Республики Казахстан - Елбасы Н. А. Назарбаева, с целью продвижения Программы партнерства «Зеленый мост», реализации Концепции Казахстана по переходу к «зеленой» экономике, оказания содействия достижению стратегических планов развития Казахстана до 2025 г. и 2050 г. в части технологической модернизации путем перехода на наилучшие доступные технологии.

Панельная сессия посвящена одной из самых обсуждаемых тем последнего времени, а именно «зеленой» экономике. Данная тема привлекает внимание ученых, экологов, и экономистов всего мира, обсуждается на разных форумах и конференциях. «Зеленая» экономика – это возможность повысить благосостояние и комфорт людей с нанесением минимального вреда окружающей среде.

Вопросы для обсуждения:

•       Обсуждение и выработка предложений по системному обучению будущих специалистов (студентов) высших учебных заведений Республики Казахстан по вопросам «зеленой» экономики

•       Введение новой учебной дисциплины «Зеленые знания и технологии» в высших учебных заведениях Республики Казахстана

•       Развитие специальных программ по подготовке и переподготовке кадров

•       Государственное регулирование в природоохранной сфере, промышленной политике, энергосбережении и повышении энергоэффективности на основе принципов НДТ

•       Переход к технологическому нормированию по принципам наилучших доступных технологий

•       Экономическая эффективность и экономическое обоснование внедрения НДТ

•       Внедрение наилучших доступных технологий как инструмента устойчивого развития сообществ

Спикеры:

•       Рапиль Жошыбаев, руководитель Международного центра «зеленых» технологий и инвестиционных проектов

•       Ричард Грин, профессор, декан Столичного педагогического университета, Пекин, Китай

•       Мария Ребекка Баллестра, основатель Всемирного Фестиваля Земли

•       Кравченко Ольга, начальник отдела сертификации и аудита Республиканского унитарного предприятия «Центр международных экологических проектов, сертификации и аудита «Экологияинвест»

15:00 - 16:15
Сессия қайта дайындалуда (адами капиталдың дамуы тақырыбында)
Партнер сессии: ҒБМ / ДСМ
Конгресс-орталық 5-ші зал
15:00 - 16:15
Жаһандық экономиканың баяулауы: ауқымды құлдыраудан қалай құтылуға болады?
Партнер сессии: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
Конгресс-орталық 2-ші зал

Жаһандық экономиканың баяулауы: ауқымды құлдыраудан қалай құтылуға болады?

Ұйымдастырушылар: Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитет

Әлемдік экономикада қазіргі уақытта үйлесімділік жоқ. Әлемнің екі ірі экономикасының арасында сауда соғысы болып жатыр, Еуропада БРЕКСИТ орын алуда, ғаламдық экономика баялауда, әлемдік сауда қысқарып келеді, құлдырау екпінмен күшейіп келеді, тоғыспалы санкциялардың азаятын түрі жоқ, егер бұған қосымша геосаяси қатерлерді қоссақ – бұл ықтимал дағдарыстың дайын жолы, және бұл дағдарысқа әлемдік экономика 2019 жылы тап болуы ықтимал. Бұл үдеріс дамыған елдерде ағымдағы монетарлық саясатты қалыптандырумен үдетіліп отыр, және бұл жағдай дамушы нарықтардың ұлттық валюталарына теріс әсерін тигізеді. Ғаламдық нарықтар құбылмалылықтың жаңа дәуіріне енуде, өйткені әлем он жылдар бойғы аса жеңіл ақшалық-несиелік саясаттан кейін, көбірек жоғары пайыздық мөлшерлемелерге бейімделіп жатыр

Бұл сессияда әлемдік экономиканың шолуы және төніп тұрған бірқатар белгісіздік жағдайында таяу жылдардағы тұрақты дамудың болашағы талқыланады, ал негізгі сарапшылар бүгінгі күні бүкіләлемдік нарықты дүрліктіріп жатқан басты сұрақтарға жауап береді.

Талқыланатын мәселелер:

  • Ауқымды қолдампаздық жағдайында жаңа ғаламдық экономиканың пішіні қандай болмақ?
  • Қолдампаздық ғаламдық экономиканың өсуіне қалай әсер етеді?
  • Бұл процесстер тез дамып келе жатқан нарықтарды қаржылық дағдарысқа тірейтін триггер болатын жаңа ғаламдық экономикалық құлдырауға әкелуі мүмкін бе (дағдарыстың белгілері қазіргі уақыттың өзінде ірі дамушы экономикаларда байқалып келеді: Аргентина, Түркия және т.б.)?

Модератор:

  • Марк Узан,Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитеттің негізін қалаушы және атқарушы директоры

Спикерлер:

  • Руслан Даленов,ҚР Ұлттық экономика министрі
  • Морис Обстфельд,экономика профессоры, Калифорния университеті, Беркли, бас экономист МВФ (2015-2018)
  • Джастин Лин,Пекин университетінің Ұлттық даму мектебінің профессоры, Қытай Халық Республикасы, Дүниежүзілік банктің бас экономисті және бас вице-президенті (2008-2012)
  • Саюри Ширай, профессор, Кейо университеті, Саясат жөніндегі кеңес мүшесі, Жапония банкі
15:45 - 17:00
Роль розничных инвесторов в экономике
Партнер сессии: Freedom Finance
Конгресс-орталық 1-ші зал
15:45 - 17:15
Орталық Азия: Жаһандық инфрақұрылымдық, экономикалық және сауда дәлізі
Партнер сессии: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
Конгресс-орталық 2-ші зал

Орталық Азия: Жаһандық инфрақұрылымдық, экономикалық және сауда дәлізі

Ұйымдастырушылар: Бреттон-Вудсты жаңғырту комитеті

Өсімнің әлеуетті көздерінің бірі ретінде Орталық Азияның болашағы өңір ішіндегі елдер арасында сауда деңгейін арттыру үшін халықаралық экономикалық дәліздерді қосатын тиімді инфрақұрылым құрудың жаһандық факторларына қарсы тұру мүмкіндігіне байланысты болады.

Осы сессияның мақсаты Орталық Азия елдерінің экономикасы мен ұлттық валютасына жаһандық және өңірлік экономикалық тәуекелдердің әсерін азайту үшін ықтимал шараларды айқындау болып табылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Орталық Азия елдеріне өңір ішіндегі сауда қарым-қатынас деңгейін қалай көтеруге болады?
  • Орталық Азия елдеріне қалайша экономикаларды нығайтғау және ынтымақтастықтың, байланыс орнатудың және индустрия 4.0. жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға болады?
  • Орталық Азия елдеріне халықаралық экономикалық дәліздерді біріктіретін тиімді инфрақұрылымдарды қалай құру қажет?

Модератор:                 

  • Георгий Квирикашвили -Грузияның премьер-министрі (2015-2018)

Спикерлер:

  • Бандар Мохаммед Хаджар - Ислам даму банкінің президенті
  • Йоахим фон Амсберг - саясат және стратегия жөніндегі вице-президент, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі
  • Вазил Худак - Еуропа инвестициялық банкінің президенті
  • Дмитрий Панкин - Сауда мен дамудың Қара теңіз банкі президенті
  • Андрей Бельянинов -Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) басқармасының төрағасы
15:45 - 17:00
Сессия по образованию
Партнер сессии: ҚР БҒМ
Конгресс-орталық 4-ші зал
15:45 - 17:00
Қорытынды пікірталас : шақыртулар, қайшылық тәуекелдері (шақырту бойынша)
Партнер сессии: ЭЗИ
Конгресс-орталық 3-ші зал
15:45 - 17:00
Азаматтық қоғамды әл-ауқатты көтеру саясатына тарту
Партнер сессии: ХҚДИ
Hilton Astana Hall

Азаматтық қоғамды әл-ауқатты көтеру саясатына тарту

Ұйымдастырушылар: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ

Дамушы елдердің ұлттық әл-ауқатты азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасына айналдыра білуі қазіргі заманғы экономикада маңызды рөл атқарады. Халықтың жан басына шаққандағы көрсеткіш табысы және бұл ретте азаматтардың өмір сүру деңгейі жеткіліксіз – экономикалық өсу сапасының жеткіліксіздігінің дәлелі.

Азаматтардың әлеуметтік-экономикалық теңсіздігі жалпы қоғам мен мемлекеттің дамуының нәтижесі болып табылады. Әлемнің неғұрлым дамыған 30-ға кіру мақсатын қойып, Қазақстан экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫҰ) стандарттарын қаруландыруға алды. Бұл ұйымға мүшелік инвестициялардың, ғылыми әзірлемелердің, еңбек өнімділігінің, бизнесті дамытудың, халықтың өмір сүру стандарттарының жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз етуді талап етеді.

Қазақстан түрлі әлемдік рейтингтерде жоғары орынға ие. Сонымен қатар, осы кезеңдегі азаматтардың объективті шынайылығы мен әл-ауқатының деңгейі елдегі әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейі әлемдік стандарттарға жауап беретінін айтуға мүмкіндік бермейді. Соңғы жылдары Қазақстанның экономикалық өсуіне қарамастан, әлеуметтік саясат шетте қалды. Мұндай жағдайдың нәтижесі ретінде Қазақстан халқының түрлі топтарының әлеуметтік жағдайында үлкен саралау пайда болды.

Бүгінгі әлемнің осындай болмысында азаматтық қоғамның ұстанымы мен ықпалы азаматтардың дамуы мен әл-ауқаттылығының маңызды рөлдерінің бірі болып табылады. Бүгінде үкіметтік емес сектор-қажетті көпір,мемлекет пен халық арасындағы өзіндік буферлік аймақ.Мемлекеттік бюджеттің іске асырылуын қоғамдық бақылау, ағымдағы жағдайды объективті бағалау, қалыптастырылатын заңнамаға ұсыныстар, мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына салауатты сын және қатысу – ел азаматтарының әл-ауқатын тиімді өсіру үшін қажетті құралдар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын имплементациялау
  • 2030 жылға дейін БҰҰ ТБО-ның нысаналы көрсеткіштерін іске асыру және мониторингті ұйымдастыруға азаматтық қоғам институттарының қатысуын дамыту
  • Қазақстанның азаматтық қоғамының даму трендтері мен болашағы
  • Әл-ауқат саясатына азаматтық секторды тиімді тарту

Модератор:

  • Рауан Кенжеханұлы -«Ұлттық Аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры
  • Саясат Нұрбек, саясаткер

Спикерлер:

  • Дәурен Абаев - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі
  • Джеффри Сакс - Колумбия университетінің Жер Институты директоры
  • Саламон Лестер –Джон Хопкинс университеті жанындағы Азаматтық қоғамды зерттеу орталығының директоры
  • Дәрмен Сәдуақасов - «Dasco Consulting Group» ЖШС директоры
  • Олжас Құдайбергенов – CSI компаниясының негізін қалаушысы
  • Сауле Мектепбаева, CSI Legal&Tax компаниясының директоры
  • Мимс Дэвис –Біріккен Ұлыбритания Корольдігінің және Солтүстік Ирландияның спорт және азаматтық қоғам жөніндегі бас хатшысының орынбасары
15:45 - 17:00
БҰҰ Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ENACTUS студенттер кәсіпкерлігінің ролі
Партнер сессии: ENACTUS Kazakhstan
АХҚО

БҰҰ Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ENACTUS  студенттер кәсіпкерлігінің ролі

16:30 - 18:00
Ашық пікірталас: ынтымақтастықтың жаһандық жүйесінің коллапс тәуекелдері
Партнер сессии: Бреттон-Вудстың жаңарту бойынша комитеті
Конгресс-орталық 2-ші зал

Ашық пікірталас: ынтымақтастықтың жаһандық жүйесінің коллапс тәуекелдері

Ұйымдастырушылар:Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитет

Әлем жаңа мазасыз геосаяси кезеңге өтіп жатыр, ол көпполярлық қана емес, сонымен қатар мультитұжырымдамалық болып келеді. Барлық әлемдік ірі державалар біртіндеп келетін (олардың артынан – кішкентай мемлекетер де) қандай да бір нормалар мен институттар бар деген ұғым қазіргі уақытта аксиома емес. Бұлардың барлығы жаңа қауіптер төндіреді: әскери шиеленістер, экономикадағы және саудадағы іркілістер, өзгермелі халықаралық қатынастар мен жеке мемлекеттердің ішкі саяси ландшафтарының арасындағы кері байланыстың тұрақсыздығы.

Құрама Штаттарымен жетпіс жылдан аса уақыт бұрын құрылған либералды әлемдік тәртіп бұзылып жатыр. Көп жылдық геосаяси одақтар өзгеріп жатыр. Дамушы елдерге үлкен экономикалық тегеуріндер түсіп тұр, ал бүкіл әлем, мүмкін, жаңа ауқымды құлдырау кезеңіне еніп келеді.

Сауда соғыстары Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) өзінің ірі мүшелері арасындағы қайшылықты шешудегі тұрақсыздығын нақты дәлелдеп отыр. Осымен қатар аймақтандыру үрдістерінің белсенді күшейтілуі, сондай-ақ халықаралық институттар рөлінің төмендеуі жүріп жатыр. Елдерге өңірлік деңгейде мәмілеге келу тезірек және жеңілірек болып отыр, өйткені ол жерде пайдалы шарттар ұсынылады және барлық тараптардың мүдделері ескеріледі. Ғаламдық жүйенің өзгеруі біртіндеп өңірлік блоктардың фрагменттелген моделіне ауысып келеді. Осылайша, айқын көшбасшылары бар өңірлік блоктардың жүйесі бүкіл ғаламдық жүйені ішінен фрагменттейді.

 Талқыланатын мәселелер:

  • Ғаламдық ынтымақтастық жүйесінің негізгі коллапс тәуекелдері қандай?
  • Жаңа технологиялар биліктің жылдам орталықсыздануына әкеледі, әлем біз мезгілде ауқымды технологиялық революция мен протекционизмнің (қолдампаздықтың) қарсаңында тұр, бұл процесс қандай салдарға әкелуі мүмкін?
  • Әлем егемендіктің көрініп тұрған бәсекелес күштері мен қауіпсіздік, технологиялар мен социум, сонымен қатар теңдік пен өркендеу арасындағы теңгерімді қалай таба алады?

Модератор:

  • Питер Франкопан,Оксфорд университетінің бас ғылыми қызметкері, Византиялық зерттеулер орталығының директоры

Спикерлер:

  • Асқар Мамин –Қазақстан Республикасыныңпремьер-министрі
  • Стэнли Фишер –АҚШ Федералды резервтік жүйесініңвице-төрағасы (2014-2017), Израиль Банкінің басшысы (2005-2013)
  • Сергей Глазьев –Ресей Федерациясы президентінің кеңесшісі
  • Карло Монтичелли - вице-басқарушы, Еуропа Кеңесінің Даму банкі
  • Владимир Якунин - «Диалог цивилизаций» Зерттеу институтының Қадағалаушы кеңесінің төрағасы , «Ресей теміржолдары» ААҚ бұрыңғы президенті
  • Питер Буриан- ЕО Орталық Азия бойынша арнайы өкілі
  • Риаз Кхокхар - Пакистанның Сыртқы істер министрі (2002-2005)

 

16:30 - 17:45
CAREC: Өңірлік экономикалық дәліздерді дамыту
Партнер сессии: АДБ
Конгресс-орталық 1-ші зал

CAREC: Өңірлік экономикалық дәліздерді дамыту 

Ұйымдастырушылар: Азиаттық даму банкі (АДБ)

Басқа елдердегі, әсіресе Азиядағы табысты экономикалық дәліздердің көптеген үлгілері өңірлік экономикалық дәліздердің жеке және мемлекеттік инвестицияларды мобилизациялаудағы, жоғары сапалы өсімге ықпал етумен жұмыс орындарынқұрудағы, экспорт туралы білім деңгейінің көтерілуіндегі және мемлекеттің басқа өңірлері үшін үлгі құрудағы қуатын көрсетеді.

Соңғы уақытта Орталық Азияда байқалып жатқан экономиканы қалпына келтіру және қолайлы өңірлік динамика өңірлік экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін береді. Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі Орталық азиаттық экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) бағдарламасы аясында табыстың үлгісі болып табылады, және ол ауыл шаруашылық, туризм, денсаулық сақтау және көлік-тасымалдау салаларында бірлескен жобалар құруға мүмкіндік тудырады.

Трансшекаралық агломерация әлемге тауарлар мен қызметтерді экспорттай отырып, кәсіпорындарға мамандандырылуға, ауқымды деңгейде жұмыс істеуге және жоғары әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікке жету мүмкіндігін береді. Динамикалық өрлеуді дәліздің дамуына өрістету үшін, ОАӨЭЫ Қазақстан (Шымкент), Өзбекстан (Ташкент) және Тәжікстан (Худжанд) арасында жаңа экономикалық коридордың қызметіне бастамашылық жасады.

Талқыланатын мәселелер:

  • Экономикалық дәліздердің негізгі шығындары мен пайдалары қандай?
  • Табыстылыққа үлкен мүмкіндіктері бар «ұтымды» өңірлік дәліздерді қалай таңдау керек? Табысты дәліздердің алғышарттары қандай?
  • Дәліздерді қалаларды кенттеу жоспарына қалай ұтымды біріктіруге болады?
  • Ерекше экономикалық аймақтарды және индустриялық парктерді өңірлік экономикалық дәліздің дамуына қалай дұрыс біріктіруге болады?
  • Дәліздердің Орталық Азия мәнмәтініндегі әлеуетіне жету үшін саясаттың қандай түрі, сондай-ақ қандай мемлекеттік және жеке инвестициялар қажет? Саясат нақты секторларға және салаларға көмектесуі керек пе немесе олар дәліздің дамуы үшін тек жалпы қолайлы негізді қамтамасыз етуі керек пе?
  • ОАӨЭЫ бағдарламасы ОАӨЭЫ мемлекеттері арасында өңірлік экономикалық дәліздердің дамуын қалай қолдай алады?
  • Фергана аңғары ауыл шаруашылығының/бағбаншылықтың негізгі өндірісінің және Орталық Азияның халық тығыз орналасқан аудандарының бірі болып табылады? Бұл аудан экономикалық дәліздің дамуына қалай ықпал ете алады?
  • Өңірлік экономикалық дәлізді үйлестіру және басқару үшін, бірнеше мемлекеттен өтетін, құрамына қосалқы білім кіретін, аса тиімді институциялық құрылғы қандай болады?

Модератор:

  • Сафдар Парвез–Орталық және Батыс Азия департаментінің өңірлік ынтымақтастық және операцияларды үйлестіру басқармасының директоры

Спикерлер:

  • Шиксин Чен –АДБвице-президенті
  • Лилия Бурунчук –Орталық Азия бойынша өңірлікдиректор, Дүниежүзілік Банк
  • Руслан Даленов –ҚР Ұлттық экономикаминистрі
  • Автандил Алыбаев –Қырғыз Республикасыныңэкономика министрінің орынбасары
  • Шухрат Вафаев–Қайта құру және даму қорының атқарушы директорыжәне Өзбекстанның инвестициялар жөніндегі Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары
  • Неъматулло Хикматуллозода–Тәжікстанның экономикалық даму және сауда министрі
  • Арадна Аггарвал -Копенгагендік бизнес мектебінің профессоры
  • Қазақстанның жетекші бизнес-сарапшысы

 

16:30 - 18:30
Ауыл шаруашылығын цифрландыру: нақты егіншіліктен ақылды фермаларға дейін»
Партнер сессии: ФАО БҰҰ / ҚР АШМ / ЕЭК
Конгресс-орталық 4-ші зал

Ауыл шаруашылығын цифрландыру: нақты егіншіліктен ақылды фермаларға дейін» 

Бірлесіп ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Біріккен Ұлттардың Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО)

Әлем ақпаратты, идеяларды және инновацияларды қамтитын, деректер ағынымен анықталатын сандық жаһандану дәуіріне енді. Сарапшылардың болжамдық деректері бойынша 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың 25%-ы мемлекетке, бизнеске және қоғамға тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін цифрландыру технологияларын енгізуге көшеді. Дамыған елдер индустрияландыруды аяқтап, өз экономикасын ойдағыдай жаңғыртуда. Олар жасанды интеллект, автоматтандыру және цифрлық платформалар басым болатын инновациялық технологияларды жедел қарқынмен дамытуда. Ғылыми-технологиялық әзірлемелерге арналған жаһандық шығыстар бүгінгі күні орташа жыл сайынғы 4,0% өсімімен шамамен 2,0 трлн. АҚШ долл. құрайды.

Қазақстандағы цифрлық технология ұлттық экономиканы әртараптандырудың, оны шикізаттан индустриялық-сервистік моделге қайта бағдарлаудың негізгі жолы ретінде қарастырылады.

Ауыл шаруашылығы сияқты дәстүрлі салалар, атап айтқанда, қоршаған ортаға зиян келтіретін жаппай өндіріс пен тұтынуды қамтамасыз ететін, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы селекция мен клондау бұрыннан келе жатқан маңызын жоғалтуда. Олардың орнын машиналық оқыту және нейрожелістер, цифрлық платформалар, 3D баспа, робототехника, биосенсорлар және Big Data арқасында қамтамасыз етілетін «ақылды» агротехнологиялар басуда. Саланы жаңғырту мүмкіндіктері зор. Әлемдегі ауыл шаруашылығы дәстүрлі саладан жоғары технологиялық салаға айналуда, ол бұрын көптеген практикалық міндеттерді шешу үшін болмаған инновациялық шешімдер мен әзірлемелер үшін жаңа нарықтар құруға қабілетті. Интеллектуалдық цифрлық шешімдер елдің ауыл шаруашылығына осы саладағы еңбек өнімділігін арттыру және оның тұрақты дамуы мәселелерін шешуге көмектесуге тиіс болатын уақыт келді. Ауыл шаруашылығы көбінесе климаттық факторларға байланысты табиғи құбылыстардан экономиканың ең осал саласы болып табылады. Уақыт өте келе климат өзгеруінің әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігіне әсері арта түседі. Жауын-шашынның қарқындылығы, маусымдылығы мен саны күтпеген болады, бұл аграрлық бизнестің осындай өзгерістерге бейімделу мүмкіндігін едәуір азайтады. Осыған климаттық өзгерістерден туындайтын құрғақшылық немесе су тасқыны салдарынан ел экономикасына келтірілетін үлкен залалды қосуға болады. АӨК-дегі цифрландыру: тәуекелдерді азайтуға, климаттың өзгеруіне бейімделуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін және жануарлардың өнімділігін арттыруға, дала жұмыстарын уақытылы жоспарлауға мүмкіндік береді. Ресурстарды және ғылыми негізделген тәсілдерді тиімді пайдалану негізінде өнімді өндіруге жұмсалатын шығындарды төмендету, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру – бұл ауыл шаруашылығын цифрландырудың басты міндеті. Ауылдық тауар өндірушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету сатып алу мен сатуға транзакциялық шығындарды азайтуға, өнімді даладан тұтынушыға дейін жеткізу тізбегін жеңілдетуге, білікті жұмыс күшіндегі тапшылықты қысқартуға мүмкіндік береді. Ауыл кәсіпкерлері аз ресурстармен көп азық-түлік өндіруі қажет. Сондықтан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру технологияларында айтарлықтай серпіліс қажет. Ауыл шаруашылығында дәстүрлі, «көзбен мөлшерлеп», цифрландырусыз жұмыс істеу – әлемдік бәсекеден ұтылу деген сөз. Фермер нарықта бәсекеге қабілетті болуы үшін тұтынушылардың сұранысы мен қалауына байланысты өз өнімдері бойынша ұсынысты болжай білуі тиіс. Дұрыс шешім қабылдау үшін немесе, қазіргі таңда айтылғандай, «ақылды» басқару шешімін фермер спутниктік суреттер, өрісті саралап өңдеу алгоритмдері, жоғары технологиялық датчиктер, мобильді қосымшалар және GPS-жүйелер сияқты цифрлық технологияларды меңгеруі тиіс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Фермерлер үшін қаржылық қол жетімділікті арттыру
  • Білім мен ақпаратты тарату, технологиялар трансфертін арттыру, аграрлық секторды мемлекеттік қолдау институттарын дамыту
  • АӨК-дегі спутниктік мониторинг және биофизикалық параметрлер
  • Сүтті және етті мал шаруашылығы үшін нүктелі жер өңдеуді қолдау мониторингі технологияларының әлеуеті
  • Органикалық ауыл шаруашылығын цифрландыру

Модератор:

  • Серік Ыбраев –Қазақстанның Фермерлер одағы төрағасының орынбасары

Спикерлер:

  • Сапархан Омаров - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
  • Джеймс Азеведо Горген - Біріккен Ұлттардың Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) ақпараттық технологиялар бөлімінің аға қызметкері
  • Александр Субботин – Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі алқасының мүшесі
  • Дәурен Ошақбаев – ФАО ұлттық консультанты, "Талап" Қолданбалы зерттеулер орталығы" ҚҚ аграрлық экономика жөніндегі зерттеулер бағдарламасының директоры
  • Джордж Возикиз –шығыс Еуропа және орталық Азия елдерінде сатылымдар жөніндегі директор, Airbus компаниясы
  • Андрей Андрейчук – Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірі бойынша CROPIO компаниясының басшысы
  • Аида Муллашева - Agrostream ЖШС директоры
  • Павел Лущак - «Найдаровское» ЖШС директоры
  • Чарли Шеппи - Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірі бойынша Allflex Group президенті
  • Валерий Маначинский – «МСК – Омск» ЖШҚ (РФ) директоры
  • Гаел Хили – Батыс Еуропа аумағында Syngenta компаниясының басшысы
  • Ханс Фейен -Еуропа және орталық Азия аумағында агро - қайта сақтандырудың басшысы, Swiss Re компаниясы.
  • Джеральд Хэррманн- Organic Services GmbH директоры
16:30 - 17:45
Венчурлік капиталды дамытудағы мемлекеттің рөлі
Партнер сессии: Бәйтерек
Конгресс-орталық 5-ші зал

Венчурлік капиталды дамытудағы мемлекеттің рөлі

Ұйымдастырушылар: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, e27 Singapore

Бірқатар дамушы елдерде халықаралық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және инновациялық экожүйені дамыту бойынша мемлекет пен бизнестің күш-жігерін шоғырландыру үшін практикалық шаралар қабылданды.

Әлемде инновациялық технологиялар мен өнімдердің пайда болу қарқыны венчурлік капитал индустриясының даму деңгейіне тікелей байланысты, ал ол, өз кезегінде, сауатты инвестициялық климатты қалыптастырады. Экономиканы цифрландыру, индустрияландырудың жаңа кезеңін іске асыру, жоғары қосылған құны бар жоғары технологиялық тауарлар мен қызметтерді дамыту мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерін талап етеді. Мемлекет венчурлік инвестициялар қоры бизнесінің беріктігіне кепілдік беруі, сондай-ақ инвесторлардың тәуекелдерін барынша азайтуы тиіс.

Сингапур мен Корея сияқты елдер венчурлық стратегияны табысты қабылдап, жаңа бастаған және тәжірибелі кәсіпкерлерді қолдап, сонымен қатар елдің инновациялық экожүйесін дамытатын, мемлекет қолдайтын бірнеше қорларды іске қосты. Табысты халықаралық тәжірибе елдегі венчурлік процесті іске қосудың катализаторы ретінде венчурлік кәсіпкерліктің дамуын қолдайтын мемлекеттік және мемлекеттік бағдарламалардың рөлін айқындайды.

Табысты халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, Қазақстан өзінің инновациялық экожүйесін және халықаралық бәсекеге қабілеттілігін дамыту бағытында маңызды қадам жасап, өзінің алғашқы венчурлік қоры - Qazaq Ventures қорын ашты.

QazTech Ventures келесі стратегиялық қызмет бағыттарына назар аударады:

  • Венчурлік инвестициялар нарығын дамыту
  • Технологиялық консалтинг
  • Бизнес-инкубациялау жүйесін дамыту

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Венчурлік Инвестициялар елдің цифрлық трансформация тетігі ретінде
  • Венчурлік қаржыландыру индустриясын дамытудағы мемлекеттің рөлі
  • Венчурлік индустрия мен инновациялық экожүйені дамытудағы Сингапур мен Кореяның табысты тәжірибесі
  • Қазақстан үшін венчурлік инвестициялаудың оңтайлы стратегиясын таңдау
  • Сингапур тәжірибесінде тиімді инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру перспективалары

Модератор:

  • Тадеус Ко - e27 Singapore директоры және бірлесіп негізін қалаушы

Спикерлер:

  • Әділ Нұрғожин - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры
  • Ган Фон Джек -JubileeCapitalManagementбасқарушы директоры
  • Пун-Ардж Чайратана - National Innovation Agency of Thailand атқарушы директоры
  • Эдвин Чоу - Enterprise Singapore атқарушы директорының ассистенті
  • Марат Омаров -АО «QazTech Ventures» АҚ басқарма төрағасы
  • Мон Ибрахим – Филиппин мемлекетінің Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар департаменті министрінің орынбасары
  • Джеймс Тан - «QazTech Ventures» АҚ басқарушы серіктесі

 

 

16:30 - 17:45
Еуразиялық интеграцияға 25 жыл: идеядан жүзеге асыру
Партнер сессии: ЕЭК
Конгресс-орталық 3-ші зал

Еуразиялық интеграцияға 25 жыл: идеядан жүзеге асыру

Ұйымдастырушылар: Еуразиялық экономикалық комиссия

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы болып табылады, оның негізгі міндеті - Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеу және даму шарттарын қамтамасыз ету, сондай-ақ экономикалық интеграция саласында ұсыныстар әзірлеу.

2019 жылы еуразиялық жобаға 25 жыл, ал 2019 жылғы 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылған күннен бастап бес жыл толады.

Осы кезеңде Еуразиялық интеграциялық жобаның – еркін сауда аймағынан, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтан, Кеден Одағынан, Бірыңғай экономикалық кеңістіктен                   2014 жылғы мамырда Одақ туралы шартқа қол қоюға дейінгі қалыптасуының негізгі кезеңдері өтті, бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен 25 жыл бұрын айтылған идеяның іс жүзінде асырылуы болды.

Бүгінде қарқынды өзгермелі әлем протекционистік сауда және экономикалық саясат, санкциялар сияқты теңдессіз экономикалық сын-қатерлерге, сондай-ақ жаңа трендтерге тап болып отыр. Әлемдік жаһандық архитектура түбегейлі өзгереді және ірі өңірлік бірлестіктер мен олардың серіктестіктері әлемдік сауда салынатын ережелерді анықтайды деп ұғынылады. Сондықтан мемлекеттер жаһандық экономикалық процестерге кіру үшін әріптестік құру қажеттілігін түсінеді. Осыған байланысты әлемдік экономиканың өзгеруі жағдайында бұрын, екі он жылдан астам айтылған идея көреген болды, ал Еуразиялық экономикалық одақты құру мүше мемлекеттердің уақтылы қадамына айналды. 5 жыл ішінде Одақ негізгі халықаралық алаңдарда танылды және халықаралық қатынастардың белсенді қатысушысы болып табылады – ЕЭО атынан Қытаймен, Вьетнаммен, Иранмен шарттар, сондай-ақ әр түрлі құрлықтағы елдер үкіметтерімен меморандумдар жасалды.

Одақ мықты институционалдық және нормативтік негізге ие болды, ал ЕАЭО кеңістігіндегі интеграциялық процестер жоспарлы сенімді дамуды көрсетуде.

Жаһандық экономикалық сын-қатерлердің әсеріне, әлемдік және өңірлік тұрақсыздық өсіміне қарамастан, Одақ табысты дамып келеді, іс жүзінде барлық негізгі көрсеткіштердің - ЖІӨ, өнеркәсіптік өндіріс, ауыл шаруашылығы, жүк және жолаушылар айналымының өсуі байқалады, жұмыссыздық деңгейі төмендеуде.

Бүгін, Одақ жұмыс істей бастаған бес жыл өткеннен кейін интеграцияның ағымдағы деңгейін бағалауға, одақтың қалыптасу жолындағы жетістіктерін атап өтуге, сондай-ақ оның даму перспективаларын талқылауға болады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Еуразиялық интеграциялық жобаны іске асырудан күтілетін, атап айтқанда, оның бастауында тұрған адамдардың үміттері қандай дәрежеде ақталды?
  • Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Еуразиялық экономикалық интеграцияның ағымдағы деңгейіне қандай баға беруге болады?
  • Еуразиялық экономикалық одаққа ол 5 жыл жұмыс істегеннен кейін қандай жағымды әсерлерге қол жеткізілді?
  • Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамытудың басымдықтары мен перспективалары қандай?

Модератор:

  • Татьяна Валовая -Еуразиялық экономикалық комиссияныңИнтеграция және макроэкономика жөніндегі алқасының (министрінің) мүшесі

Спикерлер:

  • Тимур Сүлейменов -Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
  • Әлихан Смаилов -Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
  • Игорь Петришенко- Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары
  • ОлегПанкратов - Қырғызстан Республикасының Экономика министрі
  • Максим Орешкин - Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі
  • Игорь Шувалов - «Даму және сыртқы экономикалық қызмет банкі (Внешэкономбанк)» Мемлекеттік копорациясының төрағасы
  • Алексей Лихачев - Атомдық энергия бойынша «Росатом» Мемлекеттік корпорацияның бас директоры
  • Виктор Христенко - Еуразия экономикалық одағының Іскерлік кеңесі президенті
  • Александр Шохин -Ресейлік өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының президенті
  • Андрей Слепнев - «Российский экспортный центр» акционерлік қоғамының бас директоры
  • Лим Джок Хой - АСЕАН бас хатшысы
  • Армида Салсиа Алисджабана ханым, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхиты өңірі бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АТМЭӘК) атқарушы хатшысы
  • Цзинь Люцинь - Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің директоры-иеленушісі
  • Борг Бренде -Давостық дүниежүзілік экономикалық форумның президенті
  • Маттиас Шепп -Ресей-Германдық ССП басқарма төрағасы
  • Роберт Уразов - «Жас кәсіби мамандар (Ворлдскиллс Россия)» кәсіби қауымдастықтар мен жұмыс кадрларын дамыту агенттігі» одағының Бас директоры
16:30 - 17:45
Қазақстанда сандық жүйеге көшу бойынша "Тұрақты әлеуметтік дамуға қол жеткізу үшін сандық жүйеге көшу" сарапшылар кеңесі
Партнер сессии: ҚР ЦДҚӘӨМ
Hilton Meeting room 3

Қазақстанда  сандық жүйеге көшу бойынша "Тұрақты әлеуметтік дамуға қол жеткізу үшін сандық жүйеге көшу"  сарапшылар кеңесі

Ұйымдастырушылар:Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ

2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторларын сапалы іске асыру және оларға қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жанындағы Қазақстанда цифрландыру жөніндегі халықаралық сараптамалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылды.

Кеңестің негізгі міндеті Қазақстан Республикасында цифрландыруды дамыту, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобалар, іс-шаралар мен бағдарламалар бойынша ұсыныстар әзірлеу, консультациялар және сараптамалық қорытындылар беру болып табылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жедел әлеуметтік-экономикалық дамуға арналған цифрлық технологиялар

Модератор:

  • Андрей Беклемишев - IDC вице-президенті

Спикерлер:

  • Лиам Максвелл – AmazonWebServices-те үкіметтік трансформация жөніндегі директор
  • Роберт Фэриш – Ресей және ТМД елдеріндегі IDC вице-президенті
  • Джейн Тредвелл – Дүниежүзілік Банктің цифрлық даму практикасы басшысы
  • Бруно Ланвин - INSEAD атқарушы директоры
  • Ивар Талло – e-Governance Электрондық басқару академиясының негізін қалаушы және бірінші директоры
  • Ясмин Махмуд – цифрлық экономиканы трансформациялау жөніндегі консультант
  • Джефф Мерритт – Дүниежүзілік Экономикалық Форумның IoT және Қосарланған құралдарының басшысы
19:00-20:30
ҚР Үкіметінің атынан ресми кешкі ас (шақырту бойынша)