bg
Жаңалықтар
16.05.2018

Яндекс компаниялар тобының басшысы Аркадий Волож 17 мамырда форумды ашатын пленарлы отырыста қатысады.

Аркадий Юрьевич Волож — ресейлік бизнесмен, ғалым, «Comptek», «Аркадия» компанияларының бас директоры, Яндекс компаниялар тобының иесі және бас директоры. Аркадий Қазақ КСР-да дүниеге келді, Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде оқыды. 1986 жылы Губкин атындағы мәскеулік мұнай және газ институтының қолданбалы математика факультетін бітірді және үлкен көлемдегі деректерді өңдеу саласындағы зерттеулермен айналысқан. Ресейде интернет пайда болған сәттен бастап Волож досы және әріптесі Илья Сегаловичпен «Яндекс» іздеу жүйесін құра бастады. 1999 жылы yandex.ru сайты ең әйгілі орыс тілді сайттар жетілігіне кірді.
2000 жылы Аркадий «Яндекс» компаниясы бас директоры болды, ал 2014 жылы бұл лауазымды Александр Шульгинге берді және Яндекс компаниялар тобының басшысы лауазымына ауысты. 2013 жылы наурызда Волож Forbes миилиардерлер рейтингіне кірді. 2007 жылдан бастап – Мәскеулік физика-техникалық институтының инновациялар және жоғары технологиялар факультетінде «Деректер талдау» кафедрасының меңгерушісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ:
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.