bg
Жаңалықтар
09.05.2018

Владимир Яковлев – AgeOfHappiness жобасының негізін салушы, «Бақыт жасы» бестселлерінің авторы.

Ғылым бұрын ойға да келмеген аса ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ететін сервистерді, қызметтер мен тауарларды мүмкін етеді. Бұл демографиялық мегатрендтің нарықтық мүмкіндіктері зор: фармпрепараттар, белгілі қасиеттері бар тағамдар, цифрлық wellness, геронтологогиялық орталықтар нарықтары бірнеше есе өседі. Егер бір елдер ұзақ жасау нарығының барлық ашылған мүмкіндіктерін пайдаланатын болса, басқа елдердің экономикалары үшін егде адамдардың денсаулық сқатауына шығындардың артуы салмақ салады. Өмір сүру ұзақтығын арттыруды экономика драйверіне қалай айналдыруға болады? Қартайып бара жатқан тұрғындар экономиканы қалай өзгертеді? Реттеуші қалай әректе етуі керек? Бұл сұрақтарға жауаптарды медицина саласындағы әлемнің айтулы мамандары «Ұзақ жасау әлемі» трекінің «Ұзақ жасау экономиканың жаңа саласы ретінде» сессиясы аясында талқылайды.

Сессияға қатысады: Энтони Атала, директор WakeForest қалпына келтіру медицинасының директоры, Дарья Халтурина, Ресей ДСМ "ДСҰАОҒЗИ» ФМБМ қатерлі факторлардың алдын алу бөлімінің меңгерушісі, Андрей Перфильев, "AtlasBiomedGroup" медициналық директоры, Брайан Кеннеди, салауатты қартаю орталығының директоры (Сингапур), Бака қартаюды зерттеу институтының профессорі (Калифорния). Сессия кураторы Владимир Яковлев — AgeOfHappiness жобасының негізін салушы, «Бақыт жасы» бестселлерінің авторы.

Владимир Яковлев «Коммерсантъ» баспа үйінің негізін қалаушы (1989 жылдан 1992 жылға дейін — «Коммерсантъ» апталық газетінің бас редакторы, 1992 жылдан бастап — «Коммерсантъ» ЖАҚ басқарма төрағасы, 1994–1997 жылдары — «Коммерсантъ» БҮ бас директоры, 1997–1998 жж. - «Столица» журналы редакторының бірінші орынбасары). Ақылы телевизияға арналар шығарумен айналысқан (2007) «Контент-бюро» компаниясының негізін қалаушы, «ЖV!» медиа тобын құрушылардың бірі (2008).

Владимир Яковлев ақылы телевидение үшін арналар өндірісімен айналысқан "Контент-бюро" компаниясын құрды. Сонымен қатар "ЖV!" медиа тобын құрушылардың бірі.
2012 жылы Владимир «Бақыт жасы» жобасын құрды, оның негізінде бірнеше бестселлер: «Бақыт жасы», «Қалады, жасады», «Басқа шаруа» жарыққа шықты. Жоба елу жастан кейін бақытты әрі табысты болу жолдарына арналған.

ПОДЕЛИТЬСЯ:
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.