bg
Жаңалықтар
18.05.2018

Отырыста Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен сол күнгі негізгі спикерлер қатысады. Ол Аль-Фараби залында 10:00 бастап 12:00 дейін өтеді.

Отырыста Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен сол күнгі негізгі спикерлер қатысады:
— Параг Ханна, Ли Куан Ю атындағы Сингапур мемлекеттік басқару мектебінің жетекші ғылыми қызметкері, ресурстар мен адами капиталды теңдессіз ұтқырлығы дәуірінде елдер мен қалалардың стратегиясы туралы әңгімелейді;
— Хавьер Сала-и-Мартин, Колумбия университетінің экономика профессоры, қазіргі әлемдегі елдердің бәсекеге қабілеттілігі туралы және қандай экономикалық стратегия сапалы нарық қамтамасыз ете алатыны туралы әңгімелейді.
10:30 Аль-Фараби сценасында панельді пікірталасқа Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты Радженда Кумар Пачаури, KAZ Minerals Директорлар кеңесінің директоры Олег Новачук, SENS қорының ғылым бойынша директоры Обри Ди Грей, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директорыың орынбасары Алан Вульф және басқалар жиналады.
Баяндамашылар бүгінгі таңдағы сын-тегеуріндерге жауап ретінде бизнес, қала, елдер мен континенттерді дамытудың озық тәжірибесін талқылайды. Сондай-ақ, Премьер-Министр еліміздің үшінші жаңаруына байланысты елдегі реформаларды да таныстырады.
Кездесудің модераторы — Ханс-Пол Бюркнер, Boston Consulting Group төрағасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ:
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.