ASTANA ECONOMIC FORUM
bg
Жаңалықтар
16.05.2018

Бүгін Астанада XI Астана экономикалық форумы: Global Challenges Summit 2018 шарасын өткізу қарсаңында ұйымдастырылған «АЭФ–2018-ге барамын» байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық әлеуметтік медиа пайдаланушылары жеке аккаунттарында АЭФ-тің ресми хештегтерімен Форумға неліктен барғысы келетіні тақырыбындағы жазбаларын немесе бейнероликтерін жариялады.

Негізгі мақсаты Астана экономикалық форумын жастар арасында насихаттау, жалпы бұқараға күн тәртібіндегі 11 сын-тегеуріннің және іс-шараны Global Challenges Summit-ке өзгертудің мәнін ашу болған байқау 4 және 15 мамыр аралығында өтті.
Бүгін Астана қаласындағы «Hilton» мейманханасында «АЭФ–2018-ге барамын» байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті.
Құрамына АЭФ Ұйымдастыру комитетінің өкілі Динара Жолдаспаева, «Жетінші арнаның» директорлар кеңесінің мүшесі, продюсер, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен белгілі блогер, қоғам қайраткері Ғалым Байтоқ кірген әділқазылар жүзден астам жұмыстың ішінен ең үздік бесеуін іріктеп алды.
Жеңімпаздар АЭФ-ке тегін бару мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар ақтық сынға шыққандардың Астана экономикалық форумының атақты спикерлерінің бірімен фотоға түсуге керемет мүмкіндігі бар.
Байқау жеңімпаздары:
Әйгерім Тасболат — Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжінің студенті, Алматы қаласы;
Әйгерім Серікжанова — «Жас Отан» жастар қанатының өкілі, Астана қаласы;
Сонар Ержан — «Мирас» университетінің студенті, Оңтүстік Қазақстан облысы;
Шайхислам Лайсханов — PHD докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, Алматы қаласы;
Надира Сырлыбаева — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті, Оңтүстік Қазақстан облысы.

ПОДЕЛИТЬСЯ:
Жаңалықтар
29.04.2018
АЭФ аясында ұзақ ғұмыр индустрия ретінде трегінің кураторы болып Open Longevity қорының бас директоры Михаил Батин қатысады.
Open Longevity қоры қартаю механизмдерін зерттеумен және өмірді түбегейлі ұзартудың ғылыми тәсілдерін әзірлеумен айналысады.
02.05.2018
Энтони Атала АЭФ-ке қатысатынын растады
«Мәңгі өмір қазірден басталады» сессиясында Энтони Атала, медицина докторы, Регенерациялық медицина институтының докторы, Уэйк-Форест Университетінің Медицина мектебінің урология кафедрасының басшысы (Солтүстік Каролина/ АҚШ) сөз сөйлейді.
19.04.2018
Астаналық экономикалық форум 2018-ге тіркеу ашылды
Жаңартылған Астаналық экономикалық форум. Global Challenges Summit 2018 17-19 мамырда EXPO Конгресс орталығында өтеді. 30 елден 300 астам спикерлер Форумда планеталық сын-тегеуріндер мәселелерін талқылайды: жаһанды қауіпсіздік пен ұзақ ғұмырдан, жаңа цифрлық нақтылық пен болашақ мегаполистер құрылыстарына дейін.
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.