ASTANA ECONOMIC FORUM
bg
Жаңалықтар
17.05.2018

2016 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан келіссөздердің қорытындысы бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Иранның арасында бірқатар бекітілген тауарларға қатысты 3 жыл мерзімге өзара саудадағы импорттық кедендік бажды төмендету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Иран қазақстандық өнімдердің экспортын ұлғайтудағы келешегі зор нарық болып табылады. Иранмен өзара тауар айналымының оң серпіні байқалады, ол 2018 жылғы 1 тоқсанда 2017 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда, 170 млн. АҚШ долларын құрай отырып, 70%-ға өсті.
Бұл Келісім ирандық нарық бағытына қол жеткізу талабын жақсартады. Келісім сиыр және қой еті, ноқат, жасымық, бұршақ, арпа, жүгері, өсімдік майы, макарондар, кондитерлік өнімдер, болат прокаты, рельстер, аккумуляторлар, арматура, құбыр және басқа да Қазақстанның экспорттық мүддедегі тауарларын Иранның бүгінде басқа елдерге ұсынып отырған шарттарына қарағанда, едәуір жеңілдікпен жеткізуге мүмкіндік береді.
Мұның сыртында Келісім Иранмен сауданың тұрақты талаптары мен ережелерін қалыптастырады. Келісім ережелері саудадағы санитарлық және фитосанитарлық шаралар мен техникалық бөгеттерді, сауда рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған тауарлардың шыққан елін анықтаудың кедендік рәсімдері мен ережелерін қолдануды реттейді және ДСҰ мен халықаралық құқық нормаларына негізделген.
Одан ары Тараптар ДСҰ ережелеріне сәйкес еркін сауда аймағы туралы толық форматты келісімге көшудің мақсатқа сәйкестігін қарастырады.
Қазақстан Республикасының атынан Келісімге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Мамин қол қойды.

ПОДЕЛИТЬСЯ:
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.