bg
Жаңалықтар
29.04.2018

Open Longevity қоры қартаю механизмдерін зерттеумен және өмірді түбегейлі ұзартудың ғылыми тәсілдерін әзірлеумен айналысады.

Адамзат өмірді — қартаю процесі, ал кәрілікті —даналық пен науқастылық кезеңі секілді қабылдауға үйренген. Гуманизм үлгілері осындай ұғымдарды толығымен жоюды және қартаю тетігін ұзақ ғұмыр идеясына сын-тегеурін сияқты зерттеуді көздейді. Кәрілік адамдарға қолайсыздық туындатпай, жас мөлшері —адамның маңызды сипаттамасы болуын тоқтатуы керек. Жасанды зердені дамыту қазірдің өзінде адамдар анықтай алмайтын жағдайда ауруларды диагностикалауға қабілетті. Алайда қартаю тетіктерінің өзі баяулауға және жалпы сәйкестендіруге қиындықпен беріледі. Жақын болашақта адамдар қартаюдың алдын-алуы мүмкін бе және осыған қоғам дайын ба? Сарапшылар осы және басқа де мәселелерді АЭФ: Global Challenges Summit 2018 аясында «Ұзақ ғұмыр әлемі» трегінде талқылайтын болады. Трек кураторы — Open Longevity қорының бас директоры Михаил Батин.

Open Longevity қоры қартаю механизмдерін зерттеумен және өмірді түбегейлі ұзартудың ғылыми тәсілдерін әзірлеумен айналысады.
Конгресс қатысушылары және ұзақ ғұмыр тақырыбын тереңдеу білгісі келетіндер үшін Михаил Батин мыналарды оқуды ұсынады:

- Рэй Курцвейл "Сингулярлық жанында"
- Фрэнк Типлер "Өлімсіздік физикасы"
- Ник Бостром "Жасанды зерде"
- Обри ди Грей "Қартаюды жою"
- Алексей Турчин, Михаил Батин "Футурология"
- Мартин Рис "Біздің соңғы ғасыр"
- Эрик Дрекслер "Жасампаздық машиналары"

ПОДЕЛИТЬСЯ:
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.