bg
Жаңалықтар
24.05.2018

2018 жылғы 19 мамырда Global Challenges Summit жаңартылған форматта Астаналық экономикалық форум өз жұмысын аяқтады. Жаңа күн тәртібі мен оқиғалар форматы әлемдік сарапшылар қоғамдастығын адамзат алдындағы жаһанды сын-тегеуріндерге жауаптар іздеуге біріктірді.

Форумға жетекші әлемдік көшбасшылар, әлемдік сарапшылар, саясаткерлер, экономистер мен бизнес өкілдері, әлемдік аттары бар мәдениет қайраткерлері қатысты. Екі күннің ішінде бұл іс-шараға 6120 адам, оның ішінде 101 елден 1437 шетелдік делегаттар қатысты. Іс-шараны 1000-нан астам, оның 120-ы халықаралық БАҚ өкілдері жарықтандырды. Іскерлік бағдарламаның барлық 75 іс-шарасы негізгі планеталық сын-тегеуріндерді: ресурстық тұрақтылықтан және ұзақ ғұмырдан жаһандық қауіпсіздік пен болашақ мегаполистер құрылысына дейін талқылауға арналды.
Форумның бірінші күні форумға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. «Ғаламдық сын-тегеуріндер әлемі» ашушы пленарлы отысырында заманауи өркениеттің шиеленісуіне және жаңа жаһандық трансформацияларына назар аударып ол планеталық дамудың бес ірі мегатрендтер анықтады - адам қызметінің барлық аспектілерін цифрлау, энергетикалық революция, әлем халқының қарқынды өсуі, урбандалу қарқыны мен сипатының өзгерісі, сондай-ақ жаһандық еңбек нарығы.
Пан Ги Мун Қазақстанның және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһанды және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жеке ұмтылысын жоғары бағалады және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі құрамында қазақстандық қатысудың жемісті сипатын атап өтті. «Мен Қазақстанды өзінің жаңа мәртебесінде алғашқы рет келгеніме өте қуаныштымын. «Көптеген жаһандық проблемалар бар, олардың шешілуіне қолдау көрсетуге дайынмын. Астана экономикалық форумы өзекті тақырыптарды ғана емес, болашақ жаһандық даму мәселелерін де талқылаудың маңызды алаңына айналды», — деді Боао азиялық форум Кеңесінің Төрағасы. Франсуа Олланд Қазақстан Президентінің мемлекетаралық байланыстарды бекітуге үлкен үлес қосқанын атап өтті. Стив Возняк Қазақстан Президентін осындай жоғары іс-шараға қатысу және жаһанды сын-қатерлерге қатысты өз пікірімен бөлісу мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.
Форумның екінші күні «Жаһанды стратегиялар әлемі» пленарлы отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың сөз сөйлеуінен басталды. Сөз сөйлеушілер- әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты Радженда Кумар Пачаури, KAZ Minerals Директорлар кеңесінің директоры Олег Новачук, SENS қорының ғылым бойынша директоры Обри Ди Грей, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директорыың орынбасары Алан Вульф - технологияларды өте жылдам дамытудың салдары, әдеттегі экономикалық қарым-қатынастардың еріксіз өзгеруі, жасанды интеллект пен биотехнологияны дамыту, жалпы урбанизация сияқты қазіргі кездегі сын-тегеуріндерге жауап ретінде, қалалардың, елдер мен континенттердің бизнестегі өзгерістерін, озық тәжірибелерін талқылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның үшінші жаңғыртуға байланысты елдегі реформаларды ұсынды. Астана ЭКСПО-2017 «Болашақтың энергиясы» Бүкіләлемдік көрмені табысты өткізу аясында Қазақстан инновациялық дамуындағы, батыл институционалдық реформалар және кең халықаралық интеграция жүзеге асыру серпіні арқылы әлемдегі мықты экономикасы жоғарғы отыздыққа ену мақсатында ірі жаңартуды жариялады. Жаңартылған АЭФ2018 Global Challenges Summit - халықаралық интеграция стратегиясының және өңірдегі жетекші позициясын нығайтудың жалғасына айналды. Форумның спикерлері Қазақстанның қарқынды өзгеретін жаһандық әлемдегі өзгерістерге бейімделу стратегиясын және Орталық Азия өңірін дамытудағы елдің рөлін жоғары бағалады.
«Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін барлық мүмкіндіктер бар: қажетті ресурстар, адами капитал және тұрақты саясат. Сонымен қатар, қаржыландыру орталығы ағылшын заңы негізінде жұмыс істейді. Бұл инвесторлар қорқынышсыз ақша сала алады дегенді білдіреді », - деді Ұлыбританияның сауда министрі Лорд Фрэнсис Мод.
AEF2018 Global Challenges саммитінде талқыланған негізгі әлемдік үрдістердің бірі жасыл экономика болды. Панельдік сессияда әлемдік сарапшылар қазақстандық экономиканы «жасыл» рельстерге қайта бағыттаудың неғұрлым өткір сұрақтарын талқылады, болашақтағы «жасыл» экономиканы қалыптастырудағы негізгі үрдістер туралы халықаралық тәжірибелер және ортақ пікір алмасып, жетекші халықаралық даму институттарынан жасыл технологияларды қолдайтын бағдарламалар мүмкіндіктерін ұсынды.
«Жасыл өсу қағидаттары: кедергілер, ынталандырулар және даму құралдары» тақырыптық блогының орталық талқылауы Орталық Азия елдерін 2030 жылға дейін дамытуға қабілетті Азия мен Африка елдерінің экологиялық инновациялар, жаңа технологиялық тәртіпті қалыптастыру, экологиялық заңнаманы және «жасыл» жобалар үшін инвестициялық климатты құру саласында ынтымақтастығы болды.
«Жасыл экономика: тұрақты дамудың жаңа үлгісі» панельді пікірталас шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысуымен Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығының (IGTIC) тұсаукесері өтті.
19 мамырда АЭФ шеңберінде жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылар, бизнес және билік органдарының өкілдері қатысуымен стратегиялық сессия өтті. Сессия ашылуында Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев стратегиялық сессия қорытындыларын шоғырландырып, болған пікірталастардан барлық ұсынымдар мен ұсыныстарды ел Үкіметі үшін, сонымен қатар мемлекеттік органдардың практикалық жұмысы үшін тиімділерін таңдап алатынын атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс топтарының модераторлары ми шабуылдау нәтижелерінің тұсаукесерлерін таныстырды. Сарапшылардың ұсыныстар пакеті «Қазақстан Республикасының даму жобалары мен қажетті шешімдерінің тобы» ретінде белгіленді. Барлық сараптамалық ұсыныстар мен ұсынымдар Қазақстанның ұлттық күн тәртібіне негізделеді. Өткізілген ми шабуылдары Қазақстанның одан әрі өсуіне пайдалы болатын тәсілдер мен ұсыныстарды табуға мүмкіндік береді және жаһандық қауіп-қатерлерге жауап іздеу ретінде әлемдік қауымдастықпен қабылданады.
17-18 мамырда Назарбаев университеті мен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алаңдарында АЭФ тарихында алғаш рет негізгі планеталық сын-тегеуріндер мен кәсіби өмірге енушілердің өмір стратегиясына олардың әсері туралы талантты зиялы жастармен форумның жетекші спикерлерінің сөйлесулерінің бірегей циклы болды. Ұйымдастыру тәжірибесі осы форматтың жоғары сұранысты екенін және Халықаралық конгресінің зияткерлік ресурстарына Қазақстан жастардың ерекше қызығушылық танытатынын көрсетті. АЭФ 2018 Global Challenges Summit сандық университеті форумнан кейін дәрістер жазбаларын дайындайды, оның материалдары жоба аяқталуы бойынша форум сайтында қазақ және орыс тілдерінде қол жетімді болады.

ПОДЕЛИТЬСЯ:
Жаңалықтар
16.05.2018
Астанада «АЭФ–2018-ге барамын» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Бүгін Астанада XI Астана экономикалық форумы: Global Challenges Summit 2018 шарасын өткізу қарсаңында ұйымдастырылған «АЭФ–2018-ге барамын» байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық әлеуметтік медиа пайдаланушылары жеке аккаунттарында АЭФ-тің ресми хештегтерімен Форумға неліктен барғысы келетіні тақырыбындағы жазбаларын немесе бейнероликтерін жариялады.По условиям конкурса казахстанские пользователи социальных медиа публиковали на личных аккаунтах посты или видеоролики с официальными хештегами АЭФ, где раскрывали тему, почему они хотят посетить Форум.
17.04.2018
Біріккен Ұлттар Ұйымының сегізінші бас хатшысы Пан Ги Мун Global Challenges Summit-ке қатысуын растады
«Жаһандық Қауіпсіздің Әлемі» сессиясы шеңберінде Халықаралық олимпиадалық комитеттің этика жөніндегі комиссиясының төрағасы және БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун сөз сөйлейді.
11.05.2018
«Роботпен алмастырылған адам ғаламдық әлеуметтік сын-тегеруірін немесе мүмкіндік ретінде» панельдік пікірталасында футуролог, технологиялық сингулярлық тақырыбының сарапшысы Евгений Кузнецов сөз сөйлейді
Евгений Кузнецов — Сингулярлық Университеті өкілдігінің басшысы, РФ үкіметі жанындағы Сарапшылық кеңестің мүшесі, Ішкі және қорғаныс саясаты кеңесі президиумының мүшесі. Бұрын Ресей Венчурлық Компаниясының басшысы болған.
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.