ASTANA ECONOMIC FORUM
EXPO аумағындағы көлік тұрағы
АЭФ 2018 Global Challenges Summit қатысушылары үшін EXPO аумағында тегін көлік тұрағы қарастырылған. Көлік тұрағының нөмірі — P2 (карта). Көлік тұрағы 17 мамыр мен 19 мамыр аралығында жұмыс істейтін болады.
Конгресс орталығының басты кіреберісінің жанында сағ. 9:00-ден 13:00-ге дейін көлік қозғалысы шектелген – ол жерде көлік қоюға, тоқтауға және жолаушыларды түсіруге тыйым салынады. Бұл уақытта жолаушыларды Hilton Astana қонақ үйінің жанында немесе конгресс орталығының артында түсіруге/мінгізуге болады.
Қатысушылардың кіру ережесі
Қатысушылар АЭФ-2018 шаралары өткізілетін алаңға аты-жөні көрсетілген бейдж арқылы кіре алады, оны форум өтетін уақыт бойы өзімен бірге алып жүрулері керек;;
Бейдж алу үшін алдымен онлайн-тіркеуден өтіп, содан кейін бейджді басты аккредитация орталығынан немесе оны беретін қосымша пункттерден алу керек.
Алдын-ала онлайн-тіркелу
  • Бейдж алу үшін, қажет: www.forum-astana.org сайтында Форум қатысушысы ретінде тіркелу;
  • жеке кабинетінде қажетті және нақты мәліметтерді көрсету;
  • қатысушы пакетін төлеу (ақылы қатысушылар үшін);
  • жеке кабинетте қатысушы фотосын жүктеу (түрлі-түсті, құжатқа арналған, көлемі 3х4);
  • тіркеу мақұлданғаны туралы растау алу.
  • Назар аударыңыз! Өз қызметкерлері пакетін тіркеп, бейдж алуға ниетті ұйымдар компанияның жеке кабинетіне кіріп, тіркеліп, логин мен құпиясөзді алып, барлық қызметкерлердің деректерін енгізуі керек.
Аты-жөні көрсетілген бейджді алу
  • Бейджді Басты аккредитация орталығында немесе оны беретін қосымша пункттерде алуға болады;
  • Бейдж алу үшін сайтқа тіркелу кезінде көрсетілген құжатты көрсету керек. Үшінші тұлғаларға бейдж оның жеке басын куәландыратын құжаты және бейджді алуға сенімхаты болған жағдайда беріле алады;
  • Қызметкерлеріне бейдждерді пакетпен алатын ұйымдардың өкілдерінің ұйымның мөрімен және басшысының немесе басқа өкілетті тұлғаның қолымен расталған сенімхаты, тізім бойынша барлық тіркелген қатысушылардың төлқұжаттарының көшірмелері бар қосымшасы, сонымен қатар төлқұжаты (сенімхатта көрсетілген деректер) болуы керек.
Бейдждер алуға сенімхат
формасын жүктеу
Аккредитация орталығының жұмыс кестесі
Жұмыс уақыты:
Орны:
Бейдждер ала алатын қатысушылар санаттары:
14 мамыр 2018 15:30 дейін - 19:00дейін

15-18 мамыр2018 09:00-ден 19:00дейін

«Хилтон» отелі
Сауран к-сі, 46
Техникалық персонал
Экспоненттер

Жеке және пакеттер бойынша барлық қатысушылар санаттары.
14 – 18 мамыр2018 жыл 08:00-ден 20:00дейін
«Думан»қонақ үйі Қорғалжын тас жолы, 2А
Тек жеке қатысушылар немесе 3 қатысушыға дейінгі пакеттер бейдждері
15 – 18 мамыр2018 жыл 10:30-ден 20:00дейін
«Керуен»СОСО Достық к-сі,9
Тек жеке қатысушылар немесе 3 қатысушыға дейінгі пакеттер бейдждері
15-18 мамыр2018 08:00-ден 20:00дейін
«Marriott»отелі Достық к-сі,9
Тек жеке қатысушылар немесе 3 қатысушыға дейінгі пакеттер бейдждері
15-18 мамыр2018 08:00-ден 20:00дейін
«Rixos»қонақ үйі Д. Қонаев к-сі, 7
Тек жеке қатысушылар немесе 3 қатысушыға дейінгі пакеттер бейдждері
15-18 мамыр2018 12:00-ден 22:00дейін
«Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайы (Әуежайда аккредиттеу орны халықаралық терминалдың таза аймағында жұмыс істейді) Астана
Тек жеке қатысушылар немесе 3 қатысушыға дейінгі пакеттер бейдждері
АРНАЙЫ ҰСЫНЫСТАР
«Думан» қонақ үй кешені

«Думан» қонақ үй кешені – бұл Астанадағы Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан заманауи, 1 жұлдызды қонақ үй.

Қонақ үй кешенінің нөмірлер қоры адамның тұруы үшін қажеттінің бәрімен қамтылған 210 жайлы бөлмеден құралған.

Нөмірдің құнына фитнес орталықтың қызметі (бассейн, тренажер залы, үш түрлі сауна) мен 16-шы қабаттағы «Томирис» мейрамханасындағы таңғы ас кіреді.

Брондау үшін телефон: + 7 777 778 78 14

Hilton Astana

Астанадағы Expo-2017 көрме кешенінде орналасқан Hilton Astana бес жұлдызды отелі қонақтарды мейрамханаға, қала көрінісін тамашалауға болатын шатырдағы барға және жабыс бассейнге шақырады.

Әр бөлмеге кондиционер, экраны жазық теледидар, шағын бар мен қонақ бұрышы қойылған. Кейбір нөмірлерде жеке қонақ бөлмесі мен күні бойы тегін сусындар мен жеңіл тағамдарға арналған лаундж қарастырылған. Жуыну бөлмесінде себезгі, фен мән шәркейлер бар, тегін хош иісті-косметикалық бұйымдар беріледі.

Hilton Astana отелінде бөлмелерге тәулік бойы қызмет көрсетіледі. Бұдан өзге, бизнес-орталық пен тәулік бойы жұмыс істейтін фитнес-зал ұсынылады. Отельдің сауықтыру спа-салонында сіздер үшін массаж, косметикалық процедуралар, сауналар мен түрік моншасы қызметі бар.

Онлайн брондау мүмкіндігі бар.

Hilton Garden Inn Astana

Hilton Garden Inn Astana үш жұлдызды отелі Астанадағы Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қонақтарға сауна, фитнес-орталық, тегін Wi-Fi және тегін көлік тұрағы қызмет көрсетеді.

Отельдегі барлық нөмірлер заманауи үлгіде жарақталған. Әр бөлмеде экраны жазық теледидар, кондиционер мен тоңазытқыш бар. Жуыну бөлмесінде фен мен тегін хош иісті-косметикалық бұйымдар жиынтығы қойылған, себезгі орнатылған. Жазу үстелі мен сейф тәрізді басқа да қолайлылықтар ұсынылады.

Garden гриль-барда жергілікті және басқа да ұлттық тағамдар ұсынады. Pavilion Pantry шағын маркетінде тәулік бойы және демалыссыз жеңіл тағамдар мен түрлі сусындар сатылады. Қонақтарға ыңғайлы болуы үшін Hilton Garden Inn Astana отелінде жүк сақтау қоймасы мен киім жуатын орын қарастырылған.

Онлайн брондау мүмкіндігі бар.

Астана Марриотт 5*

Бұл 5 жұлдызды отель Астана қаласының қақ ортасында, «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығынан бірнеше минуттық жерде орналасқан. Astana Marriott отелінің қонақтарына жабық бассейн, сауна мен тренажер залы қызмет көрсетеді. Қонақ үй аумағында тегін WiFi қарастырылған.

Көрікті бөлмелерде экраны жазық теледидар, кондиционер бар, сонымен қатар халат, шәркей қойылған өз жуыну бөлмесі қарастырылған.

Aroma мейрамханасында еуропалық тағам түрлері, ал Vista Sky лаунджында азиялық стильдегі түрлі ұлттардың тағамдары ұсынылады. Лобби-барда алуан түрлі сусындарға тапсырыс беруге болады.

Онлайн брондау мүмкіндігі бар.

The Ritz-Carlton, Astana

The Ritz-Carlton, Astana отелі – бұл елорданың жаңа орталығында салынған, «люкс» класындағы заманауи және бірегей отель.

Отель көпфункционалды Талан Тауэрс кешенінің бір бөлігі болып табылады.

Барлық нөмірлерде экраны жазық теледидар, кондиционер және шағын бар қарастырылған. Кейбір нөмірлерде қонақ бұрышы қойылған. Қонақтар үшін өз жуыну бөлмесі бар. Қонақтарға фен, халаттар, шәркейлер мен тегін хош иісті-косметикалық бұйымдар ұсынылады.

Ritz Carlton Astana отелінің спа-орталығында түрлі косметикалық процедуралар, массаж бен сауна ұсынылады. Қонақтар фитнес-орталықта спортпен шұғылдана алады.

Отельде автомобильдерді жалға беру мен бизнес-орталық жұмыс істейді.

Отель аумағында Wi-Fi қосылған.

Онлайн брондау мүмкіндігі бар.

Қатысушылар көлігі келесі бағыттар бойынша жүреді:
№ 1 бағдар Әуежай Hilton Astana отелі/бас Аккрециялық орталық
№2 бағдар Хилтон Астана қонақ үйі/бас Аккрециялық орталық Marriott отелі
№3 бағдар Хилтон Астана қонақ үйі/бас Аккрециялық орталық The Ritz-Carlton отелі
№4 бағдар Хилтон Астана қонақ үйі/бас Аккрециялық орталық Hilton Garden Inn
№5 бағдар Хилтон Астана қонақ үйі/бас Аккрециялық орталық Rixos отелі
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.