ASTANA ECONOMIC FORUM
18 Мамыр
15:45 — 17:00

GVA Kazakhstan

/
Қалалар әлемі
Панельдік пікірталас
URBAN HEALTH AGENDA. МЕГАПОЛИС ДЕНСАУЛЫҚҚА НЕГІЗГІ СЫН-ТЕГЕУІРІНДЕРГЕ ЖАУАП РЕТІНДЕ
Бөлісу

Ғаламшар халқының жартысынан астамы қалаларда тұрады, ал дамыған елдерде қала халқының саны 70-80% жоғары. Адамдар мен процестердің тым шоғырлануы ресурстарды тиімдірек пайдалануға ғана емес, медициналық инфрақұрылым мен қызметтерді қолжетімді етеді, бірақ адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қатер төндіреді. Дегенеративті аурулар әлемде өлім-жітім мен мүгедектіктің себебіне айналды. Психикалық бұзылыстар, обыр, сусамыр, семіздік тәрізді ауытқулар ірі мегаполистердің, демек ел мен әлем халқының басым бөлігінің тұрғындары үшін қатерге айналды. Жұқпалы емес аурулардың артуы проблемасын шешудің қиындығы олардың көбіне-көп тікелей емделмейтінімен және өмір сүру ортасымен айқындалатын өмір сүру салтын ұзақ уақытқа түзетуді қажет етуімен себептеледі. Сонымен қатар тұрақты даму күн тәртібінде мегаполистер өзгерістердің басты драйверлеріне айналды, қалалар адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатының алаңы болды, бұл қала ортасын басқару жүйесін және жобалау қағидаттарын қайта қарастыруды талап етеді. Түрлі қалалар мен елдер қалада тұрумен байланысты денсаулыққа төнген сын-тегеуіріндерге қалай үн қатады? Қалалықтардың денсаулығына бағытталған басқаруға көшу үшін реттеуші және заңнамалық негіз қалай өзгеруі тиіс?
Жаңа аудандарды қандай қағидалар негізінде құру керек және қаланың қалыптасып қойған бөліктерін не істеукерек?

Модератор:
Болат Есекин, Су ресурстары бойынша жаһандық серіктестік басқарушы комитетінің мүшесі

Сөз сөйлеушілер:
Борис Ревич, медицина ғылымдарының докторы, профессор, РҒА ХШБИқоршаған орта және халық денсаулық сақтау сапасын болжау зертханасының меңгерушісі, IPCC құрамында 2007 ж. әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты
Мигель Робль-Дюран, Parsons Нью-Йорк дизайн мектебінде урбанистика профессоры, Cohabitation Strategiesәлеуметтік-кеңістіктік даму кооперативінің тең негізін қалаушы
Гэйл Соутер-Браун, Greenstone Design UK Ltd негізін салушы және директоры
Диксон Депомье, америкалық биолог, Колумбия университетінің денсаулық сақтау және қоршаған орта жөніндегі профессоры, «The vertical farm - Feeding the World in the 21st Century» кітабының авторы
Пуран Дисаи, OBE HonFRIBA биоаймақтық даму жөніндегі топтың тең құрылтайшысы және «Bioregional бір ғаламшарлық қауым» бағдарламасының халықаралық директоры
Херберт Жирарде, World Future Council тең негізін салушы, бұрынғы бағдарламалық директоры және құрметті мүшесі
Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі

Джон М. Кейнс
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.