Қазжол Астана қонақ үйі

Мекенжай: Балқантау көш. 213, Б.Момышұлы көш.қиылысы
Телефон: 8 7172 40 52 10, 40 52 52

Қазжол Астана – бұл өз қонақтарына қызметтердің кең шоғыры мен сапалы сервисін ұсынатын заманауи төртжұлдызды қонақ үй. Қазжол Астана қонақ үйі  Елорданың ең көрікті аудандарының бірінде, оң және сол жағалаудың қиылысқан жерінде, негізгі әкімшілік мекемелер: Министрліктер, Елшіліктер, іскерлік орталықтардың маңында орналасқан. Қонақүйден Бейбітшілік және Келісім сарайына (Пирамида), Шабыт шығармашылық сарайына дейін шамамен 5 минуттық, ал Астана Халықаралық әуежайына дейін 20 минуттық жол. Кеңістікті функционалды қолдануда тұжырымдамалық жаңа тәсілдемелер және нөмірлерді техникалық жабдықтаудың озық идеялары бейнеленген бұл қонақүйде жайлылықтың негізгі қағидалары қамтылған.
Қонақ үй келушілеріне жоғары деңгейдегі жайлылық, сақтандыру сервисі және қосымша қызметтердің кең шоғыры ұсынылады.
Бизнес-класс санатындағы заманауи қонақүйде:
- түрлі санатта жақсы жабдықталған 71 нөмір қызмет көрсетеді, нөмірлерді безендіру жұмысы заманауи дизайн элементтері арқылы классикалық стильде жүргізілген, әрі мұнда заманауи техникалық жабдықтары бар 6 конференц-залы бар.
Сондай-ақ, қонақ үйде өзбек нақышымен шығыс стилінде безендірілген, 20 адамға жеке VIP-залы бар «Ферғана» мейрамханасы жұмыс істейді.
- Қонақүйдің 0 қабатында жалпы ауданы 300 метрді құрайтын Spa орталығы орналасқан, мұнда жаттығу залы, массаж бөлмесі, диаметрі 4 метрді құрайтын джакузи, 2 сауна – орыс және финдік, демалыс аймағы, 12 футтық үстелі бар бильярд залы бар.
Бұл қонақүй жайлылық пен қызмет көрсетудің ең жоғары деңгейін талап ететін қонақтарға арналған!