Ақылы қызметтер пакеттері

2016 жылғы Астана экономикалық форумының қатысушыларына қолайлы жағдай жасау мақсатында АЭФ қатысушысы үшін ұйымдастыру және қолдау сипатындағы қосымша мүмкіндіктерді қарастыратын «Бизнес» және «Премиум» ақылы қызметтер пакеттері әзірленді. Төменде осы аталған ақылы қызметтер пакеттеріне енгізілген негізгі қызметтер жазылған.

АЭФ – 2016 қатысушылары үшін ақылы қызметтер пакеттерінің түрлері
(тіркеу жиындарының сомасы ақылы пакеттер құнына кіреді)

«БИЗНЕС» пакеті құны 750 000 теңге. 

«ПРЕМИУМ» пакеті құны 1 300 000 теңге. 

Ұйымдастырушылар қызметі:

• АЭФ негізгі іс-шаралары өтетін залдың алдыңғы секцияларындағы орындарды резервте сақтау

• Келіссөздерге арналған зал ұсыну (1 сағат – алдын-ала өтініш беру бойынша)

• Шектеулі іс-шараларға қолжетімділік (келісім бойынша)

•VIP аймақта кофе-брейк және түскі ас

• Астана қ. бойынша топтық экскурсиялар

 

 

Ұйымдастырушылар қызметі:

• АЭФ негізгі іс-шаралары өтетін залдың алдыңғы қатарлардағы орындарды резервте сақтау

• Келіссөздерге арналған зал ұсыну (3 сағат – алдын-ала өтініш беру бойынша)

• Шектеулі іс-шараларға қолжетімділік (келісім бойынша)

• ҚР Үкіметінің атынан ресми қабылдауға қатысу (сұрау бойынша)

• АЭФ базасының материалдарын іріктеу (мақалалар, баяндамалар, жұмыс таныстырылымдары және бейнематериалдар)

• Қазақстандық БАҚ-пен сұхбат ұйымдастыру (өтініш бойынша);

• VIP аймақта кофе-брейк және түскі ас

•Астана қ. бойынша жеке экскурсиялар.

Қолдау бойынша қызметтер:

• Әуежайдың VIP терминалы арқылы Ұшып келу/Ұшып кету

•«БИЗНЕС» үлестірме материалдар жиынтығын ұсыну арқылы АЭФ-на VIP-кіру және тіркеу

•АЭФ-2016 ресми қонақ үйлерінде тұруға 30%-ға дейін жеңілдік -  4 жұлдызды қонақ үйдегі стандартты нөмір (3 тәуліктен артық емес)

• Бекітілген бизнес класс автокөлігі (АЭФ өткізу күндерінде өтініш бойынша)

Қолдау бойынша қызметтер:

• Әуежайдың VIP терминалы арқылы Ұшып келу/Ұшып кету

• Үлестірме материалдар жиынтығы бар делегат портфелін ұсыну арқылы АЭФ-на VIP-кіру және тіркеу

•АЭФ-2016 ресми қонақ үйлерінде тұруға 50%-ға дейін жеңілдік -  5 жұлдызды қонақ үйдегі стандартты нөмір (3 тәуліктен артық емес)

•Бекітілген өкілдік класс автокөлігі (АЭФ өткізу күндерінде өтініш бойынша)

 

Жоғарыда аталған ақылы қызметтер пакеттерін сатып алу қатысушы (жеке немесе заңды тұлға) мен «Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры» Корпоративтік қорының арасында жасалған шарттар негізінде  жүзеге асырылады.
Толық ақпаратты демеушілік және ақылы пакеттер жөніндегі Үйлестірушіден біле аласыздар.
Мақсат Қайранбаев
Тел.:+7 (7172) 701782
Моб.:+7 747 6225154
E-mail: packages@forum-astana.org