ASTANA ECONOMIC FORUM
bg
Жаңалықтар
13.04.2018
Global Challenges Summit 2018 бағдарламасы жарияланды, ол Астаналық экономикалық форум дамуында жаңа сатыға айналады.
Бүгінгі әлем тез өзгеріп отырады. Планетаның ресурстары сарқылуда, технологияның өте жылдам дамуынан әсерлер болжанбайтын болуы мүмкін. Биотехнологиялар адамзатты жаңа этикалық нормаларды қалыптастыруға мәжбүр етеді, цифрлық экономика әдеттегі экономикалық қатынастарды өзгертеді, ал жасанды интеллекттің дамуы күтпеген салдарға ие болуы мүмкін. Әлемде халықтар қалаларға ауысуда – көп ұзамай бүкіл планета толығымен урбандалған болады. Алайда ешбір қала осындай елеулі өзгерістерге даяр емес. Дамып келе жатқан елдер әлемдік қауымдастық үшін оңтайлы даму стратегиясы бойынша консенсусқа қол жеткізе алмады, ал дамушы елдерге, ең алдымен, алға жылжу үшін ресурстар жеткіліксіз. Олардың арасындағы алшақтық өсіп келеді. Global Challenges Summit 2018 әлемдік сарапшылар қауымдастығы, технологиялық элита, қалалық және мемлекеттік басқару өкілдері, ірі корпорациялардың көрермендері мен көшбасшылары алдына негізгі планеталық сын-қатерлер мәселелерін ұсынады: ресурстар тұрақтылығы және ерекше ұзақ ғұмырдан ғаламды қауіпсіздік пен болашақ мегаполистер құрылыстарына дейін. Конгресс міндеті – осы сын-қатерлерге жауап табу және ғаламды масштабта сәйкес шешімдер әзірлеу. Global Challenges Summit бастамасымен Қазақстан Республикасы ұлт үстілік, ұлттық және корпоративтік деңгейде планетаның ғаламды сын-қатерлерін шешуде инновацияларды тиімді басқару практикасы және өтпелі технологиялық мүмкіндіктер туралы халықаралық пікірталас үшін алаң ұсынады. Қазақстанның басты конгресі үшін жаңа көрнекі шешім Астаналық экономикалық форум жаңаруы және оның Global Challenges Summit түрленуі өзімен конгресстің визуалды және стилисттік шешімінде күрделі өзгерістерді туындатты. Масштабты ребрендинг міндеті – Қазақстан Республикасының басты экономикалық форумындағы өзгерістер және оның жаңа амбициялары туралы айқын және сенімді жариялау. Көрнекі шешімі арнайы әзірленген тақырыптық графиканы бірегей түсті паттернмен бірге қолдануға негізделген. Логотиптің өзі - қысқа және ұстамды, қалай түсті элементтерімен, солай бөлек қолданыла алады. Жаңа брендингтегі басты бейнеге Астананың ең танымал көрікті жерлері алынды . Астаналық экономикалық форум сабақтастығын сақтай отырып Астананың басты символы Байтерек орталығында тұр және көрерменнің назарын өзіне тартып, конгресті өткізу орны және Қазақтан Республикасы астанасының заманауи бейнесін нақтылай түседі. Әзірленген визуалды шешім графикалық элементтердің тақырыбын өзгертуге және бейнелердегі саммиттің күн тәртібін дамытуға мүмкіндік береді. Күн тәртібіндегі әрбір сын-қатер өзінің тақырыптамасын көрсететін есте сақталушы графикалық шешімін алды. Мұндай шешім брендтің жылдан-жылға дамып, келешекте өзектілігін жоғалтпауға мүмкіндік береді. Конгрестің ребрендингі аясында жаңа веб-сайт іске қосылды, презентациялық және шақыру материалдары әзірленді. Халықаралық коммуникациялық кампания Астана экономикалық форумының жаңа бейнесін қалай Қазақстанның тұрғындарына, солай бүкіл әлемнің сарапшыларына таныстыруға мүмкіндік береді.
ПОДЕЛИТЬСЯ:
ТIРКЕУ
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.