Спикерлер

Сума Чакрабарти
ЕҚҚДБ Президенті

1959 жылы Үндістанның Батыс Бенгалияда штатында дүниеге келген Сэр Сума Чакрабарти Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) алтыншы президенті болып табылады.
Сэр Суманың халықаралық экономика және саяси бағыт жасақтау, сонымен қатар, саяси реформаларды әзірлеу және жүзеге асыру саласында үлкен тәжірибесі бар.
Жақын уақытқа дейін Ұлыбритания Әділет министрлігінің тұрақты хатшысы лауазымын атқарған болатын. Оған дейін, 2002 жылдан бері бұрынғы Шетелдік даму жөніндегі Әкімшілік – қазіргі Ұлыбритания халықаралық даму департаментін басқарды,  мұнда ол маңызды реформаларды жүзеге асыратын Шығыс Еуропа, бұрынғы Кеңес Одағы, Орта Шығыс және Солтүстік Африка елдерімен тығыз байланыста жұмыс істеді.
Сэр Сума Орталық және Шығыс Еуропа елдері үшін британдық техникалық көмек бағдарламасы – Ноу-Хау табысты қорының құрылуында негізгі рөл ойнады, сонымен қатар, Орта Шығыс және Солтүстік Африка елдеріне көмек бағдарламаларын жетілдіру мәселелері бойынша Еуропалық комиссиямен бірігіп жұмыс атқарды. 
1990 жылдың соңында сэр Сума Ұлыбритания Қазынашылығында жұмыс істеп, мұнда мемлекеттік шығындарға жауапты болды, ал 2000 жылдың басында Министрлер кабинетінде қызмет атқарды, мұнда ол ведомствоаралық стратегиялық мәселелерге жетекшілік етті.
Оксфорд университетінде саясат, философия және экономиканы зерттеген соң, сэр Сума Сассекс Университетінде «Даму экономикасы» бағдарламасы бойынша магистратура бөлімінде білім алды. Сондай-ақ, ол Сассекс және Шығыс Англия Университеттерінің құрметті докторы болып табылады.