Спикерлер

Кристин Лагард
ХВҚ Директор-басқарушысы

Кристин Лагард 1956 жылы Парижде дүниеге келген, Гаврде орта мектепті бітірген соң, Бетесдадағы (Мэриленд, АҚШ) Holton-Arms мектебінде оқуын жалғастырды, кейін Батыс Париж Университетінің заң факультетін тәмамдап, Экс-ан-Прованстағы Саясаттану Институтында магистр дәрежесін алды.
Париж қорғаушылар алқасына қабылданған соң, Кристин Лагард халықаралық «Baker&McKenzie» заң фирмасына еңбек, монополияға қарсы тәжірибе, бірігу және қосып алу саласын бойынша кіші маман ретінде қызметке қабылданды. 1995 жылы фирманың басқарушы комитетінің құрамына кірген соң, 1999 жылы Кристин Лагард «Baker&McKenzie» Жаһандық басқару комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, нәтижесінде 2004 жылы Жаһандық стратегиялық комитеттің Төрағасы атанды.
Кристин Лагард француздық үкімет қызметіне 2005 жылы сыртқы сауда министрі ретінде келіп қосылды. Ауылшаруашылығы және балық шаруашылығы министрі лауазымында қысқа мерзімде қызмет еткеннен кейін,  2007 жылы үлкен жетілік елдерінің ішінен экономика және қаржы министрі қызметіне тағайындалған алғашқы әйел атанды. 2008 жылдың маусымынан желтоқсанға дейін Еуропалық экономикалық қауымдастық елдерінің Қаржы және экономика министрлер кеңесін басқарды.

 «Үлкен жиырмалықтың» мүшесі бола тұра, Кристин Лагард қаржылық қадағалау мен реттеу саласында халықаралық саясаттың дамуына ықпалын тигізетін, сонымен қатар, жаһандық экономикалық басқаруды нығайтатын дағдарысқа қарсы басқару тобының қызметіне қатысты. Франция төрағалық қызметіне кірген соң, «Үлкен жиырмалық» төрағасы қызметіне кіріскен Кристин Лагард халықаралық валюта жүйесінің реформасы бойынша жұмыс жасау туралы кең ауқымды бағдарламасын іске қосты.
2011 жылдың шілдесінде Кристин Лагард ХВҚ 11-ші директор-басқарушысы қызметіне тағайындалып және бұл лауазымды иеленген алғашқы әйел атанды.
2012 жылдың сәуірінде Кристин Лагард Құрметті легион Офицерінің орденімен марапатталды.
Кристин Лагард – синхронды жүзуден Франция ұлттық құрамасының бұрынғы мүшесі және екі баланың анасы.