Спикерлер

Дарон Аджемоглу
Массачусетс технология  институтының экономика профессоры, Джон Бейтс Кларк медальінің иегері (2005 ж.)

Массачусетс технологиялық институтының қолданбалы экономика профессоры, Дарон Аджемоглу әлемде дәйексөзі ең көп келтірілетін 20 экономистердің қатарына кіреді. 2012 жылы «The New York Times Magazine» оны «әлемдегі өз ісіне ерекше адал экономист» деп мәлімдеді. 2005 жылы экономикалық ойларды дамытуға қосқан үлесі үшін 40 жасқа дейінгі экономистерге берілетін  Джон Бейтс Кларк медальін иеленді. Дарон Аджемоглу мен Джеймс Робинсонның «Why Nations Fail: Origins of Power, Poverty and Prosperity» атты кітабы тарих, саясат және мәдениет саласындағы айрықша салмақты туындылардың қатарында Джаред Даймондтың «Guns, Germs, and Steel» кітабымен бірдей орынды иеленіп, әлемдік бестселлер атанды. Аджемоглу мырза Түркияда туылып, Англияда білім алды, «Esquire» және «The Journal of Economic Growth» секілді басылымдарға жарияланымдар шығарды. Аджемоглу мырза ғылыми қызығушылықтар саласында макроэкономика, соның ішінде институттардың экономикалық дамудағы рөліне қызығушылық танытады.